Қосымшалар Сөзжасам қосымшалары
Форма тудырушы қосымшалар
Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Түбірге қосылғанда оған бүтіндей жаңа мағына қосады, не қосымша мән үстейді.
Қосымша екі түрлі: жұрнақ және жалғау.
С.М.Исаев
Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады.
Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.