Білім беруді ақпарттандырудың маңызды факторы интернетпен жұмыс жасау қабілеті. Білімді ақпараттандыру дәстүрлі информатика оқу курсын, басқа пәндерді оқытуда қолданылатын ақпараттандыру әдістерін, технологиялары мен құралдарын қайта қарастыруды талап етеді. Информатиканың әдістері мен құралдары көмегімен болашақ маман қандай ақпараттық ресурстар, олар қай жерде бар, оларға кіру мүмкіндігі қалай және оларды өзінің кәсіби қызметінің тиімділігін арттыру мақсаттарына қалай пайдалануына болады деген сұрақтарға жауап алуды үйренуі тиіс.