Білімді ақпараттандырудың тағы бір бағыты білімді ақпараттандыру технологиялары мен құралдарын жасау мен қолдану бойынша білікті мамандар дайындау болып табылады. Білімді ақпараттандырудың екі негізгі мақсаты бар.
Біріншісі – білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттыру.
Ал екіншісі - ақпараттық қоғамда адамды өмірге қатыстырудан, ақпараттық технологияларды кәсібиқызмет пен күнделікті өмірге пайдаланудан тұратын білімді ақпаратандыру айтамыз. Ақпараттық және телеқатынастық технологияларды пайдалану олардың деңгейін тек сапалы түрде көтеріп қана қоймай, сонымен қатар бітірушілер кәсіпкерлігінің артуына да әсер ететіндігі баршаға мәлім.
Кез келген педагогикалық технология-ақпараттық технология болып табылады. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан -жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық — аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ -ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.
Достарыңызбен бөлісу: |