Білім беруді ақпараттандыру – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі бағыттары:
методологиясын жетілдіру мен стратегиялық мазмұнын таңдау;
әдістерімен формаларын ұйымдастыру;
қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту;
оқытудың әдістемелік жүйесін жасау;
педагог мамандардың инттелектуалдық потенциалын дамытуға бағыттау;
өз бетімен білім алу біліктілігін қалыптастыру;
информациялық-оқу, эксперименттік-зерттеу қызметінің өз бетімен түрлі іс-әрекеттерін жүзеге асыру;
тестілік, диагностикалық бақылау әдістерімен білім деңгейін бағалау.