Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолданудың негізгі қағидалары:
оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы(интенсификация) ;
бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;
қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;
жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;
жалпы компьютерлік сауаттылық;
модульдігі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу үрдісіне қолдану жағдайында күтілетін нәтижелер:
ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын көтеру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу үрдісіне енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту;
ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін оқу үрдісіне қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;
біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену;
мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету;
Қорыта келе, қазіргі талаптың басты міндеті — педагог мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мен біліктілігін үздіксіз арттыруды, ғылыми- әдістемелік қызметтің жаңашылдығын, түрлері мен әдістерін іздестіруді қамтамасыз ету, оны үйлестіре білу болып отыр. Сондықтан қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын ақпараттық технологияларды меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуда. Өйткені, мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру ақпараттық технологияны ендіруді міндеттейді.