7-ші дәріс Олигополия нарығы


Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»



бет5/10
Дата19.03.2022
өлшемі48,91 Kb.
#136174
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
7 апта 7 дәріс Олигополия нарығы



4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»

Олигополия нарығындағы фирмалардың біреуінің қабылдаған шешімі екіншісінің қабылдайтын шешіміне әсер етеді. Сондықтан олар шешім қабылдағанда, өздерінің бәсекелестерінің қабылдайтын жауаптарын болжап білуге және оларды жан-жақты талдай отырып, өзінің пайдасына айналдыруға тырысады. Ойын теориясы – мүдделері бір-біріне қарсы олигополиялық фирмалардың бет алыстарын, қабылдайтын шешімдерін талдаудың әдісі. Оның көмегімен әрбір ойынға қатысушының стратегиясының нәтижесі бағаланады. Ол үшін ұтыс матрицасы құрастырылады. Ұтыс матрицасы бәсекелестің қабылдайтын шешіміне байланысты әрбір стратегиядан алатын ұтыс пен зиянды көрсетеді.


3- кестеде екі фирманың стратегиялық шешімдерінің нәтижелерінің матрицасы көрсетілген. Егер фирма В бағасын өзгертпесе, фирма А бағаны төмендету арқылы пайдасын 15000$ көтере алады. Ал егер фирма А бағаны төмендеткенде, фирма В оған жауап ретінде бағаны түсірсе, екеуінің де пайдалары 5000$ қысқарады.
А фирмасы үшін альтернативті стратегия – бағаны түсірмей ұстап тұру. Бұл стратегияның нәтижесі В фирмасының шешіміне байланысты болады.
Егер В фирмасы бағасын түсірсе, онда А фирмасы 10000 $ зиян шегеді. Ал, егер В фирмасы бағасын өзгертпесе, А фирмасының пайдасы өзгермейді.
Кестеден В фирмасының қабылдайтын шешімдерінің нәтижелерін де көруге болады. В фирмасының пайдасының өзгеруі А фирмасының жауабына байланысты болады. А фирмасы үшін ең жағымды мүмкіншілік - пайданы 15000 долл. көбейту, ал ең нашар стратегия- бағаны тұрақты ұстағанда бәсекелестің бағасын түсіруі 10000 долл. зиян келеді. Матрицаның көмегімен В фирмасы үшін де ең жағымды және ең жағымсыз стратегияны болжауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет