7-ші дәріс Олигополия нарығы



бет1/10
Дата19.03.2022
өлшемі48,91 Kb.
#136174
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
7 апта 7 дәріс Олигополия нарығы


7-ші дәріс Олигополия нарығы

1. Олигополия нарығының ерекшеліктері


2. Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы.
3. Курно дуополиясының үлгісі
4. Ойын теориясы және «тұтқындар дилеммасы»
5. Олигополия нарығындағы «баға қақтығысы»
6. Баға белгілеудегі жетекшілік


1 Олигополия нарығының ерекшеліктері

Олигополия грек тілінен аударғанда «oligos»- бірнеше, «poleo» - сатамын деген мағынаны білдіреді. Осыған байланысты олигополия нарығына тән сипат саладағы фирмалар санының көп еместігі. Көбінесе фирмалардың саны 10-нан аспайды. Мұндай жағдай, мысалы, түсті металдар (болат, мыс, алюминий т.б.), әйнек, гипс өнеркәсібінде қалыптасқан. Сондай-ақ өндірістің шоғырлануы автомобиль өнеркәсібінде айтарлықтай орын алады. Мыс.: АҚШ-та 80-ші жылдары автомобильдер өндірісінің 95 пайызы үш компанияға «Дженерал Моторс», «Форд», «Крайслердің» үлесінде болды. Олигополия нарығында жұмыс істейтін фирмалардың саны аз болғандықтан олардың әрбіреуінің нарықтағы үлестері жоғары болады.


Олигополиялық жағдай стандартталған тауарлар саласында да (түрлі-түсті металдар), дифференциалданған (ерешеленген) тауарлар (автомобильдер, тұрмыстық техникалар т.б.) нарығында да кездеседі.
Олигополияның тағы да бір ерекшелігі бұл салаға кіруге кедергілердің (тосқауылдардың) жоғары болуы. Тосқауылдардың болуы ең алдымен өндіріс ауқымына байланысты. Мысалы: 80 жылдары АҚШ-та ең тиімді өнім көлемі жылына 300 мың машина болды. Мұндай зауыттың құны 3 млрд. долл. асатын. Сондықтан өндіріске мұндай ірі инвестиция салу кез – келген фирманың қолынан келе бермейді.
Олигополист фирмалар бір-бірімен тығыз байланыста және тәуелді болады. Олигополист фирмалардың өнім көлемі мен баға туралы қабылдайтын шешімдеріне әсер ететін негізгі фактор – бәсекелестердің шешімі. Сондықтан олигополист фирмалардың тек қана сұраныстың ерекшелігімен ғана емес, бәсекелес фирмалардың қабылдаған шешімдерімен де санасуларына тура келеді. Олигополист фирмалар пайданы мейлінше өсіретін өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылданғанда, бәсекелес фирмалардың оған жауап ретінде қандай шешімдер қабылдайтынын ескереді.
Олигополияға тән тағы бір жағдай бұл салада басым жетекші (лидер) фирманың болуы. Басым фирма тауардың бағасы мен сату көлемінің өзгерісіне едәуір ықпал етеді. Баға туралы келісімге келген фирмалар басым фирманың белгілеген бағасына бағытталады. Алайда, егер басым фирма белгілеген баға басқа фирмалардың мүдделеріне сәйкес келмесе, онда басым фирма баға туралы шешімді қайта қабылдайды.
2 Олигополиялық фирманың сұраныс қисығы

Сынған сұраныс қисығының көмегімен олигополия нарығындағы бағаның тұрақтылығы түсіндіріледі. Сынған сұраныс қисығының моделі 87-суреттегі графикте көрсетілген. Бұл модельде баға (Р) алдын ала белгіленген деп жорамал жасалынады.


Жеке олигополист фирмалар бағаны белгіленген бағадан жоғары көтермейді, себебі бәсекелестер оған қосылмайды. Ал егер фирма бағаны белгіленген бағадан төмен түсірсе, бағаға сұраныс икемсіз сұранысқа айналады. Себебі фирма бағаны төмендетсе, оның бәсекелестері де бағаларын төмендетеді. Бағаға икемді сұраныстын дереу икемсіз сұранысқа айналуы салалық сұраныс қисығының (Dс) сынған түрін (Dф) береді.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет