Сұраныс пен ұсыныс теориясы Орындаған: Қаппарбек Ұлдар Қабылдаған: Исатаева Г. Тобы: 1508-19 Жоспар



Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#86116
Байланысты:
ЭиБ


Сұраныс пен ұсыныс теориясы
Орындаған: Қаппарбек Ұлдар
Қабылдаған: Исатаева Г.
Тобы: 1508-19
Жоспар:

Сұраныс- бұл белгілі товарға төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни елгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс товардың мөлшері. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың ішіңдегі негізгісі – баға болып табылады. Баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар: товардың бағасы өскен сайын сол товарға деген сұраныс төмен болады,және керісінше товарға баға арзандаған сайын оған деген сұраныс жоғары болады. Осы кері байланыс сұраныс заңы деп аталады. Бұл тәуелділікті графикте сұраныс қисығы түрінде көрсетуге болады. Баға әсері сұраныс шамасын өзгертеді де, сұраныстың қисық сызығы бойынша көрінеді. Бағадан тыс факторлар сұраныстың өзін өзгертеді, және сұраныс қисығы асырылады. Оң жаққа ығысуы- сұраныстың ұлғаюын, сол жаққа ығысуы- сұраныстың азаюын білдіреді
Сұраныс көлемі- сатып алушының тауарлардың осы көлемін сатып алуға дайын болуы. Сұраныс инфляциясы - сұраныс жағындағы факторлар тудырған инфляция.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған тауардың сатып алынатын бағас мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 700-ден 800 теңгеге дейін жоғараласа, онда сұраныс көлемі 4,5 кг. 4 кг номеріне дейін төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді, ал көтерілуі сұраныс көлемін азайтады.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар мыналар: 1. Сатып алушылар саны; 2. Сатып алушылардың табысы; 3. Балама товардың бағалары; 4. Қолайлы жағдайда күту; 5. Тұтынушылардың талғамы; Тұтынушылардың талғамы әр түрлі, сондықтан олардың барлығын ескеру қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Егер бір товарға тұтынушылардың ұнатуы жағымды өзгерсе, ол сұранысты көбейтеді және қисықты оңға жылжытады. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты арттырады. Тұтынушылар табысы өскен сайын әсіресе, сапалы товарларға сұраныс артады. Егер бір товардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші товарға деген сұраныс көбейетін болса, онда мұндай товарларға бірін- бірі ауыстыратын немесе субститут товарлар деп аталады. Ал бірін- бірі толықтырушы товарлар сублемент товарлар деп аталады.
Ұсыныс дегеніміз - сатушылардың рынокқа тауарларды сату үшін ұсынудағы талабы мен қабілеттілігі. Ұсынысқа баға және бағадан тыс факторлар әсер етеді.
Ұсыныс заңы -ұсыныс шамасының баға деңгейіне тікелей тәуелділігі: баға жоғарылаған сайын, рыноктағы ұсыныс шамасы ұлғаяды. Ұсыныстың қисық сызығы - ұсыныс заңының графикалық бейнеленуі. Бағадан тыс факторлар ұсынысты өзгертеді де, ұсыныстың қисық сызығы оң жаққа (өскен жағдайда), сол жаққа (төмендегенде) ығыстырылады.
Ұсыныс – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Ұсыныс тарапынан рынокта қалыптасушы жағдайды қарастырсақ, ұсыныс шамасының бағаға тәуелділігі тікелей екенін байқау оңай, баға жоғары болған сайын, сатушылар ұсынуға дайын тауарлар саны көп болады (басқа жағдайлары тең кезде). Мысалы, бағасы 20 теңге болғанда өндірушілер X игілігінің тек 2 бірлігін, баға 30 теңге болғанда төрт бірлікті, 50 теңге бағада алты X игілігі бірлігін сатуға келіседі.
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе – теңдік орнатуға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны тұтынуға мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл жалпы рыноктағы жекелеген тепе – теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарларға сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты барлық уақытта қозғалыста болады. Бұл өзгерістер бір – біріне тәуелсіз бола алмайды, керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір уақытта жинақтап қарағанда тепе – теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір жүйесі болады. Бұл жағдай рыноктің тепе – теңдігін көрсетеді. Кіші экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе – теңдік әдісі экономикалық жүйе идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе – теңдік жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе – теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма немесе сатып алушы - өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы болмайды. Тепе – теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет