Pж
D
MRж Dж
qж qD Q
qF
91-сурет. Баға белгілеудегі жетекшілік
Жетекші фирма-олигополист нарықтағы жалпы сұраныстарың мөлшерін және оның бағаға икемділігін ескере отырып, өзінің өніміне сұранысты (Dж қисығы) анықтайды. Таза сұранысты анықтау үшін жетекші фирма саладағы басқа фирмалардың (кез-келген бағамен сата алып өнім көлемін нарықтағы сұраныс (D қисығы) мөлшерінен алып тастайды. Жетекші фирма озінің MRЖ=МC теңдігіне сүйене отырып, нарықтағы сұраныстың икемділігіне байланысты Рж деңгейіндегі бағамен qж өнім көлемін ұсынады.
Жетектегі фирмалар жетектеушінің бағасын (Рж) қабылдайды. Осы бағамен олар qf өнім көлемін өндіріп ұсынады. Сонымен жалпы нарықтық ұсыныс qD= qж+ qF болады.
Неге жетектегі фирмалар жетекшінің бағасын қабылдайды? Оның екі себебін атауға болады. Біріншіден, жетектегі фирмаларға салада жетектейтін фирманың болғаны пайдалы. Нарықта басымды орын алатын ірі фирмалар ғана нарықты жан-жақты зерттей отырып, нарықтық сұраныс туралы нақты ақпарат жинайды. Сондықтан жетектейтін фирманыңбелгілеген бағасын жетектеғілер оптимальды баға ретінде қабылдайды. Егер жетекші фирма бағасын өзгертсе, оны жетектегілер болашақтағы сұраныс өзгерісінің белгісі деп түсінеді. Екіншіден, жетектегі фирмалар уақытша пайдаларын көтеру үшін өздерінің бағаларын төмендете алады. Бірақ жетекші фирма тарапынан «баға қақтығысының» ашылуынан қорқады. Егер жетекші фирма «баға қақтығысын» бастаса, жетектегі фирмалар одан жеңіліп қалады. Себебі, жетекші фирманың шығыны жетектегілердің шығындарына қарағанда төмен.
Баға белгілеудегі жетекшілік саясатын жүргізу және экономикалық пайда алу нарыққа кіруге қойылған кедергілерге байланысты. Ұзақ мерзімде нарыққа жаңа фирмалар кіруі мүмкін. Сондықтан олигополистер өздерінің экономикалық жағдайларын сақтап қалу үшін нарыққа жаңа фирмалардың кіруіне баға тарапынан кедергі қояды. Ол үшін олигополистер салаға кіруге ынталы фирмалардың орташа шығындарын бағалай отырып, ұзақ мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде баға белгілейді. Егер жаңа фирмалардың орташа шығындары салалық орташа шығыннан жоғары болса, салаға кіруге мүмкіндік болмайды. Себебі олигополист фирмалар белгілеген бағамен өнімдерді сату оларды банкроттыққа әкеледі.
Жетекші фирмалар нарықтан өзінің бәсекелестерін ығыстырып шығару үшін бағаны қысқа мерзімдегі ең төменгі орташа шығын деңгейінде белгілеулері де мүмкін. Бағаны түсіруден шеккен зиянды жетекші фирмалар ұзақ мерзімде қайратып алуға үміттенеді.
Баға арқылы жаңа фирмалардың нарыққа кіруіне кедергі қою немесе бәсекелестерді нарықтан шығару мақсатымен, олигополистер уақытша монополиялық биліктен бас тартады.
Негізгі терминдер мен түсініктер
Олигополия. Баға қақтығысы. Ойын теориясы. «Тұтқындар диллемасы». Максимум стратегиясы. Картель. Жетекші фирма-олигополист. Ішінара монополия. Нарыққа кіруді шектейтін баға. Нэш теңдігі. Штакельберг теңдігі. Курно тепе-теңдігі
Достарыңызбен бөлісу: |