Р,С
Р* D
Р1
Р2
Р3 АС=МС
Q* Q1 Q2 Q3 Q
90-сурет. «Баға қақтығысының» салдары
Салада екі фирма жұмыс істейді. Олардың орташа шығындары тең. Фирмалар Р* бағасымен Q* өнім көлемін өндіре отырып, өзара нарықты бөліседі және экономикалық пайда алады. Егер фирмалардың біреуі бағаны Р1 деңгейіне дейін түсіре отырып, өнім көлемін Q1 өсіерсе, ол нарықты жалғыз өзі басып алу арқылы пайдасын көбейтеді. Оған жауап ретінде екінші фирма бағаны Р2 деңгейіне дейін түсіреді де, нарықта Q2 өнім көлемін ұсына отырып, өзінің билігін орнатады.
Пайдасынан айрылған бірінші фирма бағаны орташа шығынға тең Р3 баға деңгейіне дейін түсіруге мәжбүр болады. Баға орташа шығынға теңескенде екі фирманың біреуі де экономикалық пайда ала алмайды.
Баға қақтығысының нәтижесінде жетілген бәсекелес нарыққа тән тепе-теңдік орнайды; Р3= АС=МС. Осы теңдікті Бертран теңдігі дейді. Сонымен, олигополист фирмалар «баға қақтығысын» баға орташа шығынға теңескенге дейін жүргізеді.
«Баға қақтығысынан» тұтынушылар ұтады. Бірақ «баға қақтығысы» ұзаққа созылмайды. Олигополист фирмалар «баға қақтығысына» түспеу үшін бір-бірімен баға белгілеу және нарықты бөлу туралы жасырын келісімге келуге ынталы болады. Сондықтан бұл үлгіні «жасырын келісімге келу» үлгісі деп атайды
Егер фирмалар бір-бірімен жоғары баға белгілеу арқылы пайданы көтеру туралы келісімге келсе, нарықта картель пайда болады. Картель – баға мен өнім көлемін бірге анықтай отырып, пайданы көтеру туралы келісімге келетін өндірушілер тобы. Картель пайда ең жоғары деңгейге көтеретін өнім көлемін өзінің мүшелерінің арасында бөліп, әрқайсысының үлесін анықтайды. Оны квота деп атайды. Картельдің негізгі проблемасы - әрбір фирманың үлесін (квотасын) анықтау және оның орындалуына бақылау қою. Себебі картельдің бағасымен пайданы көтеру үшін жеке фирмалар өздерінің үлестерін көбейтіп жіберсе, ол картель бағасының төмендеуіне және пайданың жойылуына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |