3-кесте. «Ойын теориясындағы» фирма шешімдерінің
нәтижелер матрицасы
ФИРМА В
|
|
Бағаны төмендету
|
Бағаны тұрақты ұстау
|
|
ФИРМА А
|
Бағаны төмендету
|
А фирмасы пайдасының өзгерісі
– 5000 долл.
В фирмасы пайдасының өзгерісі
– 5000 долл.
|
А фирмасы пайдасының өзгерісі
+ 15000 долл.
В фирмасы пайдасының өзгерісі
– 10000 долл.
|
А фирмасының ең жоғары зияны
– 5000 долл.
-10000 долл.
|
Бағаны тұрақты ұстау
|
А фирмасы пайдасының өзгерісі
– 10000 долл.
В фирмасы пайдасының өзгерісі
+ 15000 долл.
|
А фирмасы пайдасының өзгерісі
0 долл.
В фирмасы пайдасының өзгерісі
0 долл.
|
В фирмасының ең жоғары зияны
|
-5000 долл.
|
-10000 долл.
|
|
Пайданы барынша аз төмендететін (ең аз зиян келетін) стратегияны максимум стратегиясы дейді. Максимум стратегиясы пайданың нақты бір деңгейден төмен түспеуіне мүмкіншілік береді. Кез келген фирма максимина стратегиясын тандағанда, оның бәсекелестері де осындай тандау жасайды деп жорамалдайды. Бәсекелес фирмалардың бір – біріне сенімсіздікпен қарауы және бәсекелес фирма бағасын өзгертпейді деген сенім бағаны төмендету туралы шешім қабылдауға әкеледі.
Нарықта қабылданатын шешімдер нәтижелерінің матрицасында көрсетілгендей екі фирма да максимум стратегиясын тандайды, яғни екеуі де бағаны төмендетуге шешім қабылдайды. Сол себептен олигополия нарығында екі фирмаға да пайда әкелмейтін «баға қақтығысы» бастылып кетуі мүмкін. Екі фирма үшін ең тиімді стратегия - бағаны тұрақты ұстап тұру. Ол олардың пайдаларын төмен де, жоғары да өзгертпейді. «Баға қақтығысының» пайдасыздығы фирмаларды бір- бірімен келісімге келуге немесе картель құруға итермелейді.
Сонымен, олигополия нарығында бір-бірімен байланысты қабылданатын шешімдердің ұтымды болуы немесе нарықта жалғыз тепе-теңдіктің орнауы міндетті емес. Әрбір фирманың қабылдайтын шешіміне көптеген факторлар әсер етеді. Сондықтан өзара қатынас шеңберінде нарықта әр түрлі тепе-теңдіктер қалыптасуы мүмкін.
Егер А фирмасының баға белгілеу туралы қабылдаған шешімі В фирмасының қарсы қабылдаған шешіміне байланыссыз пайданы көтерсе, онда басымды стратегия теңдігі қалыптасады. Жоғарыда қарастырылған ойын теориясында басымды стратегия теңдігі жоқ.
А фирмасы В фирмасының қарсы қабылдайтын стратегиясын ескере отырып, өзінің барлық мүмкіншілігін жүзеге асырады. В фирмасы да А фирмасының шешімін ескере отырып, ұтымды шешім қабылдайды. Осындай жағдайда фирмалардың шешімдерін өзгертуге ынталары болмайды. Осындай теңдікті Нэш теңдігі дейді. Нэш теңдігі фирмалардың біржақты пайданы көтере алмайтындықтарын көрсетеді. Біздің мысалымыздағы Нэш теңдігі А мен В фирмалары бағаларын тұрақты ұстау туралы шешім қабылдағанда қалыптасады (пайданың өзгерістері 0; 0).
Егер В фирмасының жағдайын нашарлатпай, А фирмасының жағдайын жақсарту мүмкін болмағанда пайда болатын теңдікті Парето теңдігі дейді. Біздің мысалдағы Парето теңдігі пайданың өзгерістері – 5000; -5000 және 0; 0 болғанда қалыптасады. Себебі, осы жағдайда бір фирманың пайдасын көтеру екіншісінің пайдасын төмендетпей жүзеге аспайды.
В фирмасы А фирмасының болашақтағы жауабын ескере отырып, өнім көлемі туралы шешім қабылдайды. Ал А фирмасы пайдасын көтеру үшін В фирмасының өнім көлемін мойындайды. Оны Штакельберг теңдігі дейді. Штакельберг теңдігі пайданың +15000; -10000, -10000 +15000 өзгерістерінде қалыптасады.
«Тұтқындар дилеммасы» үлгісі
«Тұтқындар дилеммасы» үлгісі олигополиялық фирмалардың іс-әрекетін ойындар теориясы тұрғысынан қарастырады, яғни қатысушылардың ықтималдық жағдайлардағы іс-әрекетін математикалық тәсілдермен зерттейді.
Олигополия кезінде фирма бағалық стратегияны анықтағанда бәсекелесінің стратегиясына тәуелді болатын өзінің мүмкін пайдалары мен зияндарын бағалайды.
Суретте А және В фирмалары үшін ықтимал нұсқалар нәтижелері матрица түрінде келтірілген (4-кесте).
4-кесте. «Тұтқындар дилеммасы»
А фирмасының бағалық стратегиясы
|
В фирмасының бағалық стратегиясы
|
5 тенге
|
10 тенге
|
5 тенге
|
10 млн. тенге
|
6 млн тенге
|
10 млн. тенге
|
18 млн тенге
|
10 тенге
|
18 млн тенге
|
15 млн тенге
|
6 млн тенге
|
15 млн тенге
|
Баға туралы мәселелерді шеше отырып А және В фирмалары кооперативтік емес ойын жүргізеді, яғни өз бәсекелесінің іс-әрекетін ескере отырып олардың әрқайсысы өз бетінше бағаны анықтайды. Егер екі фирма бірдей баға белгілейтін болса, онда екеуінің табыстары да бірдей болады: баға 5 тенге болғанда әрқайсысының табысы 10 млн. тенге және баға 10 тенге болғанда 15 млн. тенгені құрайды. Ал егер біреуі төмен баға, екіншісі жоғары баға белгілесе, онда олардың табыстары әртүрлі болады: 18 млн.тенге және 6 млн. тенге.
Мүмкіндіктердің ішінен ең нашарынан сақтану үшін, А және В фирмалары өз бағаларын бір мезгілде төмендетсе, онда олардың екеуі де пайданың белгілі бір бөлігінен айырылады (ең төменгі зияндар стратегиясы - 10 млн.тенге - 10 млн.тенге).
Бұл стратегия бір-біріне сенбейтін «тұтқындар» іс-әрекетіне ұқсайды.
5. Олигополиялық бәсеке және «баға қақтығысы»
Олигополист фирмалардың арасындағы бәсеке әрбір фирманың нарықтағы үлесін өсіру үшін жүргізіледі. Осы мақсатпен олигополист фирмалар «баға қақтығысына» әкелетін саналы түрдегі бәсекеге түседі.
«Баға қақтығысы» дегеніміз – олигополист фирмалардың бірінен кейін бірінің бағаны төмендетуі. Оның салдарын 90- суреттен көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |