1) сағыз тарихы мен оның химиялық құрамын зерттеу;
2) сағыздың әсерінің оң және теріс жақтарын қарастыру;
3) сағыздың сапалық құрамын анықтау әдістемесін таңдап, игеру;
4) Зерттеу негізінде сағыздың пайдасы мен зияны туралы қорытынды жасау.
Зерттеу нысаны: Сағыз, сағыздың жоғары сапалы құрамы.
Зерттеу нысаны: Сағыз, сағыздың жоғары сапалы құрамы.
Гипотеза: химиялық тәжірибелер негізінде сағыздың сапалық құрамын зерттей отырып, сағыздың адам денсаулығына тигізетін пайдасы мен зияны туралы қорытынды жасауға болады.
Сағыздың шығу тарихы
Сағыздың шығу тарихы
Ежелгі гректер Түркия мен Грекияда өсетін мастик ағашының смоласын шайнаған және өздері ойлап тапқан сағызға «мастика» деген атау берген.
Үндістер ағаштардың қатқан шырындарын шайнаған. Шамамен 1000 жыл бұрын Орталық Америкада Майя тайпасының үндістері саподилла ағашының шырыны-«chicle»-ді шайнаған.
Бірінші коммерциялық сағызды 1848 жылы 23 қыркүйекте Джон Б.Куртис пен Мэн штатындағы інісі өндірді. Куртистің өнімі "State of Maine Pure Spruce Gum" деп аталды.
1869 жылы 28 желтоқсанда Огайо штатындағы Уильям Финли Семпл ең алғаш болып сағызға патент алды.
1871 жылы Адамс сағыз жасайтын машинаны (құрылғыны) патенттеді, сондықтан ол сағызды көп мөлшерде әрі жылдам жасауға қол жеткізді.
1950-жылдардағы қант алмастырғыштардың дамуы сағызды қантсыз жасауға жол ашты.
1928 жылы тамызда Уолтер Диемер өзінің сағызының көзге тартымды болғанын қалады, сондықтан ол сағызды қызғылт түске бояды.