7-сынып. «Қазақ тілі» 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы



бет1/3
Дата23.12.2021
өлшемі37,16 Kb.
#127875
  1   2   3
Байланысты:
7-сынып қазақ тілі ТЖБ 2-тоқсан

7-сынып. «Қазақ тілі» 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



Жиынтық бағалауға шолу

Ұзақтығы: 45 минут

Оқылым – 20 минут

Жазылым – 25 минут

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі



Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.



«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Сүйіспеншілік пен достық. Морфология

Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология
Тыңдалым мен айтылым

Тапсырма

  1. Үзіндіні тыңдап, оқиғаның жалғасын өз болжамыңызбен жалғастырыңыз.

  2. Түпнұсқаны тыңдап, божамыңыздың түпнұсқаға қаншалықты жақын болғандығы туралы кері байланыс беріңіз.

[10]

1-мәтін

Бір айдаһар аюды қуып бара жатады. Мұны көрген аңшы батыр айдаһарды өлтіріп, аюды құтқарып алады. Аю өлімнен құтқарып алғаны үшін батырға шексіз алғысын білдіріп, аңшы қайда барса, соның артынан қалмай жүретін болады.



Сұрақ: Аю мен аңшы батырдың арасындағы қарым-қатынас әрі қарай қалай өрбиді?

...


Көрген елдің бәрі «Аю – жыртқыш аң. Абай бол!» – десе, аңшы: «Айдаһардан құтқарып алғаным үшін бұл аю менің адал, сенімді серігім болды», – дейді. Елдер: «Ақымақтың достығы жамандығынан да жаман. Сен аюға сенбе!» – десе, батыр: «Мұның бәрін қызғаныштан айтып отырсыңдар. Қарасаңыздаршы қандай сүйкімді! Бейшара аюдың мені қатты жақсы көретінін қалайша түсінбейсіңдер», – дейді. Ақымақтың махаббаты алдамшы болатынына сенбейді. Аюдан бас тарта алмайды.

Бір күні аңшы ұйықтап жатқанда, бір маса бетіне келіп қонады. Аю батырдың ұйқысын мазалап тұрған масаны қуып ұшырып жібереді. Маса ұшып-ұшып, қайтадан жігіттің бетіне келіп қонады. Мұны көрген аю әбден ызаланып, маса отырған жерге үлкен таяқ лақтырады. Сол кезде маса ғана емес, жақсы көрген аңшыны да өлтіріп жібереді. Осылайша жақсылық жасаймын деп, жақсы көргенді өлтіреді.


2-мәтін

Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның үлкен ұлы. Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын Шыңғыстың сүйікті ұлы, Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, бұлар бір үйір құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді. Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі табылады. Ажалы аңнан келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның аузына балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, адамдар оған баласы туралы шындықты айтуға қорқады.



Сұрақ: Хан ұлының өлімі туралы қаралы хабарды кім жекізеді? Оқиғаны жалғастыр.

...


Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. Жырау өзі сөйлемей, домбырасын сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып жатқан Кетбұғы емес сияқты, домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды жазалауға шешім қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын естірткен мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құяды.Осылайша беткі жағына кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Ата-бабаларымыздан қалған аңыз осылай толғайды. Найманнан шыққан ұлы жырау Кетбұғы қаһарлы Шыңғысқа, сүйікті ұлы Жошының өлімін осылай естіртіпті деседі.Осылайша «Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен.
3-мәтін

Ертеде бір хан қызының кедей жігітіне ғашық болғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Күндердің бір күні егіз бала дүниеге келеді. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.

Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады.

Cұрақ: Қалай ойлайсың, егізін іздеген ана өз мақсатына жетеді ме? Болжаммен оқиғаны жалғастыр.
Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады. Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп, ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар» деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегі қаттылау керілген екен. «Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Мұңлық болсын» деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет