Тақырыбы: Алғырлар, тапқырлар, білгірлер. Мақсаты



Дата21.01.2020
өлшемі90,09 Kb.
#56280
Байланысты:
Алғыр болу қажеттілігі

Тақырыбы: Алғырлар, тапқырлар, білгірлер.

Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту,

білім деңгейін, шығармашылық ізденісін

байқау. Оқушыларды алған білімдерін өмірде

пайдалануға үйрету.

2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын

қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін

арттыру.

3.Оқушылардың қызығушылығын,

белсенділігін арттыру.
Әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.
Жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Көңілдерін сабаққа аудару.



ІІ.Негізгі бөлім:
Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Абай

Сайыстың бағдарламасы:




    • 1 кезең БӘЙГЕ

    • 2 кезең ЖОРҒА

    • 3 кезең ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

    • 4 кезең ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ

Кезеңдердің шарттары:

1 кезең- Бәйгеде бірінші қол көтерген топ жауап

береді. Егер де жауап бере алмаса, келесі таяқшаны

көтерген топ жауап бере алады.

2 кезең - «Жорғада» ережесі бойынша оқушылар

жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.



3 кезең - «Ғажайып алаңда» оқушылар әр

торкөзді таңдап, сұрақтарға жауап береді ,

де ұпайға ие болады.

кезең - «Қиял әлемінде» Ойыншыларға

тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес

қызықты әңгіме құрастыру керек.

-Әділқазы алқасымен таныс болыңыздар.

Әділқазы алқасымен таныстыру.



1-кезең

«Бәйге» турын бастаймыз.

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.



  1. Тапсырма :

«Ұрылар мен кемпір»

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:


5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

2.Тапсырма:

«Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер.

3.Тапсырма:


Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.
Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)
2-кезең«Жорға»

Ойын толық, айналған қатты ағысқа


Табылғандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

 

Жоғары, жоғары, жорғала


Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас, 
Жеңілемін деп ойлама!
Тапсырмалар:

1.12 айды бір сөзбен қалай атайды?

2.Қою сөзіндегі дыбыстар саны нешеу?

3.Үш орындықтың аяғы нешеу?

4.Қатықтан жасалатын тағам-

5.Өлең жазатын адам-

6.Діңі ақ ағаш.

7.Суретшінің өзін бейнелеуі.


1.Сусын құюға арналған сапты ыдыс?

2.Жиырма төрт сағат немесе -?

3.Сөзге шебер,тілге жүйрік адам?

4.Табиғатты суреттейтін жанр-

5.Байқоңырдан ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері-

6.Жүзімнің ортасында не бар ? .

7. Адам бейнеленген сурет-

3-кезең

Ғажайып алаң»

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын!




4-кезең
«Қиял әлемінде»
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып- тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

«Мен өскенде кім болам?»

-Ендігі сөз кезегін әділқазы алқасына берейік.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Тақырыбы: Көңілді тапқырлар.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер, қызықты есептер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру. Оқушыларды ауызбіршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, санамақ, викторина, интерактивті тақта, тест, ертегі есеп, өлең есеп, слайд.

Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер 1а, сыныптар арасында өтетін «Көңілді тапқырлар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін пысықтау. Сайыс сағатымызда өлең есептер, ертегі есептер, сөзжұмбақтар , бейнелі сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға , бір ұпайдан қосылып отырады
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық. - деп
Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
1-топ: «Алғырлар» 2-топ «Білгірлер»
Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
«Алғырлар»
Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.
«Білгірлер»
Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.

Ей, балалар, балалар,


Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық.
1-тапсырма
«Алғырлар»
1. Ең кіші сан.
2.Бір жылда қанша ай бар?
3. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)

4 Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)


«Білгірлер»


1. Бір таңбалы сандарды ата

2. 1аптада неше күн бар?

3. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан,

4 Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)


2-тапсырма

«Баспалдақ» ойыны
«Алғырлар»
1+9 =
2+5 =
2-0 =
9-7 =
«Білгірлер»
0+5 =
7+2 =
9-5 =
8-3 =
3-тапсырма
«Математикалық бейнелі сөз» шешу
Үйрек Ай Ту (Азайту) Мысық, Етік, Р (Метр)
4-тапсырма
. «Сан ретін тап»
«Алғырлар»
2 10 9 3 8 1 6 5
«Білгірлер»
5 9 7 4 0 1 10 8
Оқушы сандарды ретімен орнына қояды.
5-тапсырма Ертегі есеп
«Алғырлар»

«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.


Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын», - деп ойлайды. Сөйтіп жалман –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
5. Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер», - деген екен. Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік», - деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам.

«Білгірлер»


Тапсырма: Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?
6-тапсырма
Математикалық санамақ айтып жарысу.
7-тапсырма Математикалық өлең есеп
«Алғырлар» тапсырмасы
Математикалық өлең есеп «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер
(Бес торғай)
«Тапқырлар»
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)

7-тапсырма


Қызықты тапсырмалар.
«Алғырлар»
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны - он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
«Білгірлер»
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
8-тапсырма
«Кім көп біледі? »
Үш санның қосындысы 3 ке тең. Қосылғыштар қандай сандар?
Үш топтан 3 оқушы шығып , тапсырсаны орындайды. 6 балл
Бұл тапсырманың 3 түрлі жолы бар.
1. 1+1+1=3
2. 1+2+0=3
3.3+0+0=3
Сандар орнын ауыстырып тағы да бірнеше жолын шығаруға болады.
9-тапсырма
1.«Мен қандай сан ойладым?»
1-топ «Алғырлар»
?+2-5=10
2-топ «Білгірлер»
?-2+1=7
- Осымен, балалар «Көңілді тапқырлар» атты сайыс сағаты аяқтаймыз. Жеңімпаз топты анықтап марапаттау.
Мақалаға белгі:Көңілді тапқырларматеамтикалық ойын

  Әзірше ешкім рахмет айтқан жоқ

ҚайтуПікірлер: 0

БІЗДІҢ САЙТ ҰСЫНАДЫ:

  • Қызықты математикалық ойындар

  • Түрлі деңгейдегі есептерді шешудің жолдарын ойлап табу

  • Ойнайық та, ойлайық!

  • Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу

  • Пәндер эстафетасы

Құрметті



Жаңалық жайлы ақпарат


24-02-2012, 22:43

Алтын сақа (интеллектуалды ойын – сайысы)

Категориясы: Бастауыш сынып

Мақсаты: 


1. Оқушылардың бойында салт-дәстүрге деген сүйіспеншілікті
одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу.Оқушылардың білім деңгейін байқау
Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт-бағдар беру

Оқушыларды топқа бөлу


І топ: Тапқыр тобы
ІІ топ: Намыс тобы
ІІІ топ: Жігер тобы
Сайыс бағдарламасымен таныстыру

Топты таныстыру


Топ басшыларының құттықтауы
Жалғасын тап
Кім шапшаң ?
Мәтін - мазмұнына байланысты мақал – мәтел айту
Кейіпкерге хат
Киелі сандарға байланысты сұрақ – жауап
Құпия хаттарға жауап бер
Сиқырлы ұяшықтар
Поэзия минуты

Кіріспе бөлім:

Құрметті ұстаздар, сайысқа қатысатын ұландар! Бүгін 2-4 – сынып оқушылары аралығында өткізгелі отырған «Алтын сақа» ойын – сайысын көріп тамашалайсыздар. Бұл сайысқа әрбір сыныптан өздерінің ұлттық намысын топпен бірге көрсете алатын оқушылар қатысып отыр.

Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрін қастерлеген. Міне, осы уақытқа дейін, салт-дәстүріміз ұмытылмай, сақталып келді. Ендігі жалғастырушы келешек - жас ұрпақтар. Сол салт-дәстүрді жалғастырушы ұландарға сәттілік тілейік


«Алтын сақа» сайысы 10 бөлімнен тұрады.
Олай болса, өзіміз білетін ұлттық ойын түрлерін ортаға салып көрейік.
Ой қозғау.
Ұландар өнеріне әділ қазы беретін әділ қазыларымызды таныстырып өтейік.
1.Оқу ісінің меңгерушісі - Алып Баспаев
2. Бағдарлы оқыту ісінің меңгерушісі - Сарқыт Ержанова
3. Бастауыш класс мұғалімі - Жаңагүл Ағыбаева

І кезең: Топты таныстыру


ІІ кезең: Топ басшыларының құттықтауы
ІІІ кезең: Жалғасын тап

Ойынның шарты: Мен мақалдың бастапқы қатарын айтамын, келесі жолы топ жалғастырады.

1 – топ: Тапқыр тобы.
1. Өз үйім ... (өлең төсегім)
2. Батыр туса ел ырысы, ...
(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3. Асыл тастан шығады, ...
Өнер жастан шығады.

2 – топ: Намыс тобы.


1. Отан ... (оттан да ыстық)
2. Ғылым теңіз, .... (білім кеме)
3. Оқу инемен .... (құдық қазғандай)

3-топ: Жігер тобы


1. Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде........................
ІҮ. «Кім шапшаң?» ойыны
Ойынның шарты, мен жаңылтпаш айтамын, сол жаңылтпашты қай топ жаңылмай, мүдірмей қайталайды және тез айтады сол топ жеңіске жетеді.

1 – топ: Тапқыр тобы.


Екеуінің жасы шамалас,
Бірінің шашы қара шаш
Екіншісінің шашы ақ шаш аралас.

2 – топ: Намыс тобы.


Жаңылтпаш жатта,
Жаңылмай жатта.
Жатқа жатта,
Жаттамай жатта.

3-топ: Жігер тобы


Шеше, шеше, неше кесе,
Сынды кеше.

Ү. Мәтін мазмұнына сай мақал – мәтел айту.


Мәтіннің мазмұнын мұқият тыңдап алып, мазмұнына сай мақал айту. Яғни, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау керек.

І топ. Алты түлкі


Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.

ІІ топ. Атасы мен немересі


Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен қалтыраушы еді.
Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.


Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)

ҮІ. Кейіпкерге хат.


Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесі.
Әңгімедегі басты кейіпкер Қасымға хат жазу
Шерхан Мұртаза «Интернат қоймасы».Атамырзаның айтағына ерген Серікке
хат жазу.
ҮІІ. Сұрақ – жауап.

1 – топ: Тапқыр тобы.


1. Жеті атаны ата? (Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жұрағат)
2. Қазақша ай аттарын ата? (Наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан)
3. Қазақстан Республикасының Ата заңы қай жылы қабылданды? (30 тамыз, 1995 ж.)
4. Әнұранның авторлары ? (Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев)
5. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын әуен ? (күй)

2 – топ: Намыс тобы.


1. Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)
2. Қазақша апта аттарын ата? (Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
3. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 ж. 1 желтоқсан)
4. Қазақстан Туының авторы ? (Ш. Ниязбеков)
5. Әнді орындайтын адамды кім дейміз? (әнші)

3-топ: Жігер тобы.


1. Үш арсызды ата?( ұйқы, күлкі, тамақ)
2. Елтаңбамыздың авторын ата? (Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков)
3. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды? (1991 жылы 16-ХІІ)
4. Қазақ үйдің бөліктерін ата? (Кереге, уық, есік, шаңырақ)
5. Мал сүтінен жасалған қандай тағамдарды білесің? (Құрт, май, ірімшік, сүзбе)

ҮІІІ. Құпия хаттарға жауап беру.


1 – топ: Тапқыр тобы.
Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе – көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді. Менің онымен ойнағаным дұрыс па?

2 – топ: Намыс тобы.


Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй – ішін айтып, алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады. Және өзінен кіші балаларды үнемі ренжітеді. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

3-топ: Жігер тобы.


Құрметті достар. Менің бір кластасым бар. Ол үнемі класқа сотка алып келеді де, біздерге көрсетіп мақтанады. Мен оның соткасын көріп, өзім де сондайын алғым келеді. Ал менде оны алатын ақша жоқ. Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?

ІХ. Сиқырлы ұяшықтар.


Математика пәні бойынша
1. 1 жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет, 4 жұмыртқа пісіру үшін қанша минут қажет?
2. Ұзындығы 4 м, ені2 м, биіктігі 3 м. Бөлменің көлемін тап?
3. 1 сыйлықты орауға 70см жылтыр қағаз керек, 9 сыйлыққа неше метр керек?
4. Әлібек 1 айда 7 қызықты ертегі оқыды, ол бір жылда қанша кітап оқыды?
5. Ең үлкен 4 таңбалы санға 1 қосқанда неше шығады?

Қазақ тілі пәні бойынша :


1. Заттың ісін , қимылын білдіретін сөздерді не дейміз?
2. Қазақ тілінде неше септік бар?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Мал - сөзінің алғашқы дыбысын өзгерт.
5. Жалғауы жоқ септікті ата?

Ана тілі бойынша :


1. Қала аттарын алфавит ретімен ата (Қарағанды, Көкшетау, Алматы, Шымкент)
2. Ақжолтай атанған батыр кім?
3. Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
4. Мәншүктің соғыстағы қаруы?
5. Құрманғазының анасы?

Х. Поэзия минуты.


Бүгінгі сайысқа байланысты бір шумақ өлең шығару.
ХІ. Қорытынды.
Қазылар алқасы әр сыныптың ұпайларын айтты. Сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі А.Баспаев алды.- Құрметті балалар, міне бүгін сендердің мынадай талапты, салт-дәстүрімізді жалғастырушысы екендеріңді көріп, сүйсініп отырмыз. Талаптарыңа нұр жаусын!- деп қорытындыланады...
Мақалаға белгі:Алтын сақаинтеллектуалды ойынбастауыш сыныпқа сайыс сабақ жоспары

  Әзірше ешкім рахмет айтқан жоқ

ҚайтуПікірлер: 0

БІЗДІҢ САЙТ ҰСЫНАДЫ:

  • Қыз сыны

  • Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)

  • "Қадірлесең салт-дәстүр - асыл қазына" /4-сынып/

  • Елім менің

  • Қазақшаңыз қалай?

Құрметті оқырман, сіз бұл сайтта тіркелген жоқсыз!


Біз сізге тіркелуді немесе өз есіміңізбен кіруді сұраймыз.

Жаңалық жайлы ақпарат



16-03-2013, 18:28

Біз білімді ұрпақпыз

Категориясы: Бастауыш сынып

«Сыныптан тыс шара»


Тақырып: «Біз білімді ұрпақпыз»
Мақсаты: оқушылардың әрбір пән бойынша алған білімдерін тиянақтау, топтар бойынша сайыс өткізу, шапшаңдыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ойын бөлімдері жазылған плакаттар,
Жүру барысы:
Ал, келіңдер, келіңдер!
Біріңе бірің еріңдер
Біліміңді тексеріп
Жарысқа қатысып көріңдер - деп балалар ортаға шақырылады.
Мұғалім:
1. - Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім ұшқыр ойға – сол алда – дегендей, бүгінгі сабағымызды бастайтын уақыт та келіп жетті.
- Балалар бүгін бізде кімдер отыр? /Қонақтар/
- Дұрыс айтасыңдар.
- Біздің халқымыз қонақжай екенін білесіңдер, келген қонақтарды қалай күтеміз?
- Иә, балалар, біз қонақтарды сабаққа жақсы дайындығымызбен, қарсы алайық.
2.«Қазылар алқасын» сайлау
Құрметті қонақтар, бүгінгі болатын сайысты «Білімді ұрпақ – еліміздің болашағы» деген атпен 4 А сыныбының оқушылары ұйымдастырып отыр.
Сонымен ортада « Тамаша жетілік» тобы.
Екі топқа бөлу: «Құлагер» «Тайбурыл»
1. Сәлемдесу:
«Құлагер»
Құлагердей халық сүйген
Шаршамастан шабамыз
Қиналмай - ақ, сұрақтардың
Жауаптарын табамыз
«Тайбурыл»
Тайбурылды серік етсе
Қобыланды сынды бабамыз
Қиын сұрақты шешкен сайын
Арта түспек бағымыз
Сұрақ деген не тәйірі?
Шемішкеше шағамыз
2. Ой ұшқырлығын байқаймыз. «Бәйге» /әр дұрыс жауапқа 10 ұпай қойылады
1. Абай Құнанбаев кім?
2. Қабанбай батырдың шын аты? / Ерасыл/
3. Қазақтың ең алғаш ұшқыш – ғарышкері кім? /Тоқтар Әубәкіров/
4. Исатайдың жан серігі кім? / Махамбет/
5. Тірі табиғатқа не жатады? / өсімдік, адам, жануарлар/
6. Жүрек қандай қызмет атқарады? /қан айналу/
7. - Түйеқұс 2 аяғымен тұрғанда 15 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? /15кг/
8. - Ұшақ Алматыдан Семейге дейін 1сағ 40мин ұшады, ал кері қайтқанда 100 мин ұшады. Айырмашылығы бар ма? /100 мин/
9. - Екі қарға бірі оңтүстікке қарап, бірі солтүстікке қарап отыр. Олар бір - біріне « досым мен сені көріп отырмын дейді» сонда олар бір бірін қалай көрген. /екеуі бір – біріне қарама қарсы отыр/
10. Ілік септіктің сұрақтарын ата / кімнің?, ненің?/
4. « Жеті жұрттың тілін біл» немесе полиглот / дұрыс жауапқа 20 ұпай, егер біреуі дұрыс болса 10 ұпай/
Мұнда сендер қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі.
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі / көктем - весна - spring/
2. Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп – шығар сапары жоқ / мысық - кот - cat/
3. Жүз теңгең болғанша,
Жүз........... болсын. /дос – друг – friend/
4. Тықырлатып тақтайды,
Түні бойы жатпайды /тышқан - мышь -/
5. Футболшының алаңдағы ойын заты /доп - мяч - ball/
6. Қабат – қабат қаттама
Ақылың болса аттама / кітап – книга - Book/
7. Жеті қазынаның бірі -
Адамды қорғап жүретін досы /ит – собака - dog/
8. Қыста ұйықтап жатады,
Жазда қызыққа батады / аю – медведь/
9. Бір үйге
Көзсіз боп басты сұғасың
Бұл үйден
Көреген боп шығасың / мектеп – школа/
10. Әр адамның шағын Отаны /отбасы – семья – family/
5. « Қызықты жетілік»
20 20 20
30 30 30
40 40 40

Бұл кезеңде сендер өздерің таңдап алған сұраққа жауап бересіңдер.


Жеңіл сұрақ 20, ең күрделі сұрақ 40 ұпай
қазақ тілі /20 ұпай/ - сөз таптарын ата
ана тілі - 30 /ұпай/
Балалар, бұл - жол басы даналыққа
Келіңдер түсіп келіп, байқайық та
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Соларды көре тұра қалайық па? - авторы / А Байтұрсынов/
/20 ұпай/ - Елтаңбаның авторлары кім? / Шот Аман Уалиханов, Жандарбек Мәлібеков/
20 ұпай - математика - Геометриялық фигуралардың периметрін қалай табамыз
30 ұпай – Неше материк бар, соны картадан көрсетіп бер
30 ұпай - неше мұхит бар, соны картадан көрсетіп бер
40 ұпай - Қашықтықты қалай табамыз
40 пай – 8 - дің көбейту кестесін айтып шық
40 ұпай - Отан деген не? / менің жерім, елім/
6.« Кім жылдам? 1 - топ
1. Ертегі оқисың ба?
2. Тәтті берсе жейсің бе?
3. Анаңа еркелейсің бе?
4. Сөмкеңде не бар?
5. Досың кім?
6. Аспанда не бар?
7. Қандай сыйлық алғанды ұнатасың?
8. Қандай тілек айтасың?
2 - топ
1. Жасың нешеде?
2. Қалтаңда не бар?
3. Қандай кітап оқисың?
4. Алма берсе жейсің бе?
5. Нені жақсы көресің?
6. Ініңнің аты кім?
7. Кеше не істедің?
8. Кімге сәлем жолдайсың?
7.«Біліміңді мықта» деп аталады.
Шабыт тасып шалқысын
Көңілді кеш жасайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ есеп бәрі бар
Білімдеріңді сынайық
Қателеспей мұқият ойланып айтуларыңыз қажет.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? /1 адам/
2. Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі, ал екі жұмыртқа неше минутта піседі? / 4/
3. Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Үйде неше мысық отыр? /4/
4. Тауық бір аяқпен тұрғанда 5 кг, ал екі аяқпен тұрғанда неше кг болады?/ 5/
8.« Сен білесің бе?» / екі капитан жарысы/
1. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы кім? / Ыбырай/
2. Қазақстан тұңғыш президенті кім?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Қос бүйірін таянып тұрған қай әріп?
5. Аптаның бесінші күні қалай аталады?
6. Адам немен тыныс алады?
7. Жылджан құр қалған жануар?
8. Ұя салмайтын құс?
9. Көру мүшесі
10. 9 - мамыр қай күн?
9. « Ойлан да, аяқта»
Ойланбастан басқасын
Жазып қойма бұл жерге
Керек сөзді таңдап жаз
Уақыт берем сендерге
1. Отан оттан да........ /ыстық/
2. Айтылған сөз – атылған.........../оқ/
3. Көз қорқақ, қол.............../ батыр/
4. Ашу - дұшпан
Ақыл --....... /дос/
5. Денсаулық - зор................/байлық/
6. Күш - білімде
Білім -..................../кітапта/
11. Қорытынды:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегін әділқазыларға береміз
Қорытындылау, бағалау

Мақалаға белгі:бастауыш сыныпСыныптан тыс шарасайыс

 Алғыстар: 1

ҚайтуПікірлер: 0

Пәні: Дүние тану 


Сабақтың тақырыбы: Көктемдегі табиғат. 
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көктемгі табиғат туралы білімдерін кеңейту. 
Міндеттері: 
1. Әр жыл мезгілдеріндегі табиғат, өсімдіктер, жануарлар мен адамдар тіршілігіндегі өзгерістер жайлы пысықтау жұмыстарын жүргізеді.. 
2. Көктем табиғаты арқылы тірі және өлі табиғат байланысы туралы білімдерін дамытады.. 
3. Экологиялық тәрбие алады. Табиғатты қорғауғ, сүюге тәрбиеленеді.. 
Көрнекі құралдары: 
- Әр жыл мезгілдерінің суреттері 
- Ақ, сары, жасыл, қоңыр түсті кеудешелер 
- Шуағын шашқан күн 
- Кеспе әріптер 
- Аңдардың, үй жануарларының, әр түрлі өсімдіктердің суреттері 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ойын элементтері, проблемалық тапсырмалар, топтық жарыс. 

Сабақтың барысы: 

I.Ұйымдастыру кезеңі: 

Балалар тақтада шеңбер жасап тұрып

Үлекенге де сіз, Бір, екі, үш, 
Кішіге де сіз. Сынып іші тып-тыныш. 
Құрмтпенен сіздерге Жалқаулықты тастаймыз, 
Бас иеміз біз Сабақты біз бастаймыз. 

Енді балалар, топқа бөлінейік. Ақ түстілер – қыс болады, ақ жаймасы бар үстелге. Жасыл түстер жаз болады, ажасыл жаймасы бар үстелге,қоңыр түстілер – көктем болады, қоңыр жаймасы бар сары түстілер –күз болады, сары жаймасы бар үстелге, жайғасыңдар. 

II. Өткен сабақты пысықтау: 
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешуін айтыңдар: 

Жиын-терін болатын, Шанамен зырлап желетін, 


Қамбаға астық толатын, Шаңғы, коньки тебетін. 
Өызыл қырман ойнайтын, Аққала жасап ойнайтын, 
Бұл қай кез деп ойлайсың? (Күз) Бұл қай кез деп ойлайсың? (Қыс) 

Бұлтты айдай желдеткен, Қойның толы жеміске, 


Нөсерлеткен, селдеткен, Көк майсалы еңісте, 
Шалшық кешіп ойнайтын Көбелек қуып ойнайтын 
Бұл қай кез деп ойлайсың? (Көктем) Бұл қай кез деп ойлайсың? (Жаз) 

Әрбір топ мұшелері өз мезгілдеріне сипаттама береді. Ондағы адам, қсңмдіктер мен жануарлардың тіршіліктеріне тоқталады. Табиғат құбылыстарын ойын арқылы көрсетеміз 

1.Ойын: 

Бұл ойында әр топ өз мезгіліндегі күн райы қандай болатынын айтып мазмұндап айтып береді, сәйкес сөздерді тауып жаздырады. 

2.Тактамен жұмыс: 

Адамның суреті с м ө д е т р і к Жануарлардың суреті 


Қыс ??? 
Күз ??? 
Жаз ??? 

3.Таратпа материалмен жұмыс. 

Аю қорек таңдайма? Егер таңдамаса немен қоректенеді? 
Жүзім, құлпынай, таңқурай – 
Бір сөзбен қалай атаймыз? 
Күзде аңдардың ескі жүні түседі, оны қалай атайды? Жылы жүн оларға неге керек? 
Көкөністерге нелер жатады? 
Қыстап қалатын құстарды атап бер? Құстар табиғатқа қандай пайда әкеледі? 
Алма, алмұрт, өрік – 
Бір сөзбен қалай аталады? 

Сергіту сәті. 


Қоянмен тиынның суретін таратамын. Ортаға сәбіз бен жаңғақты тастаймыз. Әр қайсысы өзіне тиістісін тауып алу керек. 

III. Суретпен жұмыс. 


1.Суретке ат қою «Көктем», «Қардың еруі», «Көктем келді», «Сең жүру» тақырыптарының бірін суретке сәйкес таңдайды. 
2. Көктем келісімен күн көзі жоғары көтеріле береді. Қар ериді. Күн өткен сайын ауа райы жылына түседі. Аспан тап-таза көгілдір, оның бетінде ақша бұлттар қалқиды. Қүн ұзарып, түн қысқарады. Жыл құстары келе бастайды. Ағаштар бүршік атып, жапырақ жаяды. Ең алғашқы гүлдер шығып бунақ денелілер пайда болады. 
3.Осы мәтінді оқып сұраққа жауп беру. 
1. Көктемгі ауа райының қысқы ауа райынан қандай айырмашылыға бар? 
2. Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады? 
4.«Кім есте жақсы сақтайды» ойынын ұйымдастыру. 
Ойынның ережесі: Топтағы бір оқушы көтемге байланысты бір сөз айтады, оны келесі оқушы қайталайды да, әрі қарай бір сөз айтады, оны келесі оқушы қайталайды да әрі қарай өзі бір сөз айтады. Олардың айтқанын келесі оқушы қайталайды да, өзі тағы бір сөз қосады. Осылайша ойын жалғаса береді. 

5.Дәптермен жұмыс. 

IV. Бекіту. 
Экологиялық минут 

Болады Болмайды 


Қарды күреуге Құстарды атуға 
Құстарға ұя жасауға Көлдерді ластауға 
Саябақта серуендеуге Орманда от жағуға 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет