7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ



бет15/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы


422. Көлбеу жазықтықта тұрған денеге әрекет ететін үйкеліс күші көлбеу бетімен төмен бағытталуы мүмкін бе?

423°. Динамометрді пайдаланып, үстелдің горизонталь бетімен сырғанаған кесектің үйкеліс күші тірегінің ауданына байланысы бар ма - тексеріңдер. Олардың қырларының сапасы бірдей. Әр жағдайдағы үйкеліс коэффициентінің мәнін анықтандар.

424°. Бір қырына резеңке қағып қойған ағаш кесек пен динамометр бар. Үйкеліс күшінің жанасқан бет затының табиғатына тәуелділігін тексеріңдер. Әр жағдайдағы үйкеліс коэффициентінің мәнін анықтандар.

425°. Ілгегі бар гір, динамометр, жіп, диаметрі 8-12 мм стержень бекітілген штатив, вазелин бар. 78-суреттегідей қондырғыны жинап, гірді бірқалыпты көтергендігі жіптің тыныш тұрған стерженьге түскен үйкеліс күшін анықтаңдар. Жіптің салмағын есепке қоспаңдар. Тәжірибе жүзінде майлаудың маңызын көрсетіңдер.

426°. Алдыңғы есептегідей қондырғы алынған, алайда стерженьге жеңіл айналатын түтік кигізілген. Сол гірді көтергендегі үйкеліс күшін және оның бұрыңғы есеппен салыстырғанда үйкеліс күшінің шамасы өзгерген, өзгермегенін анықтандар. Неге?

427. Салмағы 20 МН пойыз горизонталь жолмен тұрақты жылдамдықпен жүріп келеді. Үйкеліс күші оның салмағының 0,5 пайызына тең болғандағы тепловоздың тарту күшін табыңдар.

428. 25 Η жүктен ұзындығы 3 см серіппе 2 мм-ге ұзарды. Жүк салмағы 100 Η болғандағы серіппенің ұзындығын табыңдар.

ЖҰМЫС. ҚУАТ. ЭНЕРГИЯ

429. Тік баспалдақпен көтерілген кісінің жұмысын қалай есептеуге болады? Көлбеу баспалдақпен ше?
430. Α = Ғ · l формуласы барлық жағдайлардағы жұмыстың шамасын өлшеуге жарай ма? Ол қолданылмайтын, яғни оны қолдануға болмайтын жағдайды келтіріңдер.
431. Төменде келтірілген қандай құбылыстарда күш әрекетінен жұмыс істелінеді (79-сурет): а) ауырлық күшінің әрекетінен темір арқан тартылады; ә) үстелге гірдің салмағы түсіп тұр; б) газ балонның қабырғасын қысады; в) газдардың қысымынан цилиндрден поршень итеріліп шығарылады; г) бала берік қабырғаға байланған жіпті тартады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет