351. Трактор соқаны сүйретіп келеді. Сондағы өзара әрекеттескен күштерді көрсетіңдер.
352. Жіпке жүк байланған (69-сурет). Жүкке түсетін күштерді сызып көрсетіңдер (масштаб 1 см - 4 Н).
353. 70-суретте көрсетілген күштерді сәйкес әріптермен белгілеңдер. Күштер қандай денелердің өзара әрекетінен туған?
354. Зымыран ауасыз кеңістікте қозғала ала ма?
355. График салып а, ә, б нүктелеріне (71-сурет) түскен күштерді көрсетіңдер (масштабы 1 см - 2,5 Н).
356*. Мұзайдынына төселген ұзын тақтаймен біріне-бірі қарсы екі кісі жүгіріп келеді. Сонда тақтай қозғала ма? Екі жағдайды қарастырыңдар: адамдардың салмағы а) бірдей; ә) әр түрлі.
357. 72-суретте қозғалыстағы дене жылдамдығының графигі берілген. Денеге а) 0-2 с; ә) 2-5 с; б) 5-7 с аралығында әрекет еткен күштер туралы не айтуға болады?
358. 73-суретте массасы 400 г ұшақтың моделіне ұшу кезінде әсер ететін күштер графикте көрсетілген. Сызғышты пайдаланып, күштердің модулін анықтаңдар: а) Ғ2 - модельдің двигателінің тарату күші; ә) Ғ3 – көтеру күші; б) Ғ1 - ауаның кедергі күші.