311. Бензин толтырылған ыдыстың массасы 2 кг болды. Осы ыдыстың бензин күйылмаған кездегі массасы 600 г. Ыдыстың сыйымдылығыы анықтаңдар.
312. 100 км жолға автомобильдің двигателі 10 кг бензин шығындаса, ал оның багының сыйымдылығы 60 л болса, қосымша отын күймай автомобиль қанша жол жүре алады?
313°. Орап жиналған мыс сымның орамын шешпей-ак онын үзындығын калай аньщтауға болады?
314. Әрбір цистернаның сыйымдылығы 25 м3 болса, 1000 τ мүнай-ды тасу үшін қанша цистерна керек?
315. Көлемдері бірдей алюминий және балауыз шарларының ара-сында жіппен орап бекітіп, қысылған серіппе бар. Жіпті жандырғанда серіппе қалпына келіп піарларды қозғалтады, сонда балауыз шардың жылдамдығы 0,6 м/с-ке жетсе, алюминий шардың жыл-дамдығы қандай болмак?
316. Шойын шардың 125 м3 көлемдегі салмағы 800 г. Шар түтас па, куыс па?
317. Шойынды күйған кезде ішінде ауа көпіршіктері калып кой-ып, оның беріктігін кемітеді. Көлемі 5 дм3, массасы 30,5 кг шойын құйылды, онда куыстар бар ма? Бар болса олардың көлемі қандай?
318. Шыныны балқытқан кезде оған газ төрізді затты сіңіріп, көпіршікшыны — пеностекло алады. Егер оның тьныздығы 200 кг/м3 болса, кепіршікшыны көлемінің қандай бөлігін (% есебімен) газ алады?
319. Жер қабығының тығыздығы 2700 кг/м3, ал бүкіл планета-ның орташа тығыздығы 5500 кг/м3. Бүны калай түсіндіруге бола-ды? Осы деректерден Жердің өзегіндегі заттың тығыздығы туралы қандай корытынды шығаруға болады?
320. Сыйымдылығы 6,3 л казанға 4,4 кг картоп салып, ернеуіне дейін 2,3 л су күйылды. Екіорынды цифрға дейінгі дәлдікпен шикі картоптың тығыздығын табыңдар.
321*. Үлкендігі бірдей екі жәшіктің біреуінде ірі, екіншісінде ұсақ бытыра бар. Қайсысының массасы үлкен?
322*. Молекула массасын оның тығыздығы ρ және көлем бірлігіндегі молекула санымен п0 көрсетіңдер.
323. Екі бірдей стаканға бірдей деңгейде су құйылды. Стаканның біреуіне массасы 100 г біркелкі болат білеуше, екіншісіне сондай массалы күміс білеуше салынды. Стакандардағы су бірдей биіктікке көтеріле ме?
324. Кубтың барлық жақтарының ауданы 294 см2, массасы 857,5 г шынының тығыздығын анықтаңдар.
325*. Бір заттан тұтас жасалған кубтың массасы 2,5 кг. Егер қабырғасының ұзындығын екі есе қысқартса, осы кубтың массасы қандай болады?
326*. Кубтың барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал кубты жасаған заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, оның массасы қандай болады?
327*. Массасы 664 г-ға тең қорғасын мен қалайының қорытпасының тығыздығы 8,3 г/см3. Қорытпаның кұрамындағы қорғасынның массасын анықтаңдар. Қорытпаның көлемін оны құрайтын бөлшектердің көлеміне тең етіп алындар.
328°. Массасы 200 г жезден жасаған гірдің көлемін анықтаңдар. Жауабын мензуркамен тексеріңдер.
329*. Массасы 400 г алтын мен күмістің қорытпасының тығыздығы 1400 кг/м3. Қорытпаның көлемі оны құрайтын бөлшектер көлемінің жиынына тең деп есептеп, қорытпадағы алтынның массасын және оның қорытпадағы мөлшерін процентпен анықтаңдар.
330*. Париждегі биіктігі 300 м болаттан құйылған Эйфель мұнарасының массасы 7200 т. Тығыздығы болаттан 3 есе аз заттан биіктігі 30 см мұнара үлгісінің массасы қандай болады?
331*. Қыздар пластилиннен аюдың мүсінін жасап, оны екі есе биік етіп қорғасыннан құюды ұлдарға тапсырды. Егер оның үлгісін жасауға 100 см3 пластилин жұмсалса, аю кұймасының массасы қандай болуға тиіс?
332*. Қимасы 2 мм2 мыс орамының массасы 1,13 кг. Орамды таратпай-ақ сымның ұзындығын қалай анықтауға болады? Ол неге тең?
333°. Мензурканы ғана пайдаланып шөлмектен стаканға 120 г керосин кұйындар.
334*. Алтынның пластинкаларын 0,1 мкм қалыңдыққа дейін жұқартуға болады. Массасы 2,316 г алтын пластинкалармен металл (ағаш және т.б.) бетінің қандай ауданын қаптауға болады?
335°. Таразы, гірлер, миллиметрлік қағазды қолданып берілген темір пластинканың орташа қалыңдығын өлшеңдер.
336°. Құрғақ құмның орташа тығыздығын табыңдар. Есепті шығаруға керекті кұралдарды өздерің сайлап алыңдар.
3 м3 пенопластың массасы 600 кг, ал 1,5 м3 тоздың (пробканын) массасы - 360 кг-ға тең екендігі мәлім болса, тоздың пенопластан тығызырақ екенін дәлелдеңдер.
Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?
Бірдей металдан көлемдері 18 және 90 см3 екі шар жасады. Бірінші шардың массасы 153 г. Екінші шардың кг-мен өлшенген массасын анықтаңдар
125 л сұйықтыктың массасы 100 кг. Оның тығыздығын табыңдар.
Өлшемі 30 х 10 х 10 см3 қалайы білеушенің массасы 21,9 кг. Қалайының тығыздығын анықтаңдар.
Өлшемі 1x0,8x0,1 м3 мәрмәр тақтаның массасын анықтаңдар.
Ұзындығы 30 см, ені 20 см аквариумнің 25 см биіктігіне дейін су құйылды. Аквариумдағы судың массасын анықтаңдар.
Ені 3 м, биіктігі 2,5 м, қалыңдығы 0,6 см шынының массасын анықтаңдар.
Шойын шардың 125 м3 көлемдегі салмағы 800 г. Шар тұтас па, қуыс па?
Массасы 20 г темірден жасаған гірдің көлемін анықтандар
Массасы 2 кг алюминийден ден жасаған гірдің көлемін анықтандар
Массасы 4 кг темірден ден жасаған гірдің көлемін анықтандар
Массасы 500 г қорғасыннын жасаған шардың көлемін анықтандар
Массасы 10 г күмістен жасаған сақинаның көлемін анықтандар
Көлемі 2 м3 мұздың массасын анықтаңдар.
Көлемі 0,1 м3 тұздың массасын анықтаңдар.
Көлемі 0,5м3 темірдің массасын анықтаңдар.
Көлемі 0,02 м3 шынының массасын анықтаңдар.
Көлемі 0,004м3 майдың массасын анықтаңдар.
Көлемі 2 м3 , массасы 5 т тастың тығыздығын анықтаңдар.
Көлемі 0,02 м3 , массасы 40кг кубтың тығыздығын анықтаңдар.
Көлемі 500 см3 , массасы 5 кг тастың тығыздығын анықтаңдар.
337°. Тек стакан, су, гірлер мен таразыны пайдаланып, белгісіз бір сұйықтың тығыздығын қалай анықтауға болады?
338*. Кварцтың кесегінде саф алтынның кішкентай түйіршігі бар. Кесектің массасы 100 г, тығыздығы 8 г/см3. Кварц құрамындағы алтынның массасын анықтаңдар. Кварц пен алтынның тығыздығы сәйкес 2,65 және 19,36 г/см3.
Табиғаттағы күштер. Күштерді қосу
339. Төбеде ілулі тұрған шам еденге құламау үшін қандай күш қажет? Сызбанұсқамен шамды бейнелеп, суретте оған түсетін барлық күштерді көрсетіңдер.
340. Қыз бала кішігірім ағын суға көлденең тасталған тақтайдың ортасында тұр. Бұл кездегі тақтайдың пішінін, оның үстіндегі қыздың күйін сызбанұсқамен көрсетіңдер. Қандай күштер тақтайға әрекет етеді? Олар қайда бағытталған? Қызға қандай күштер әрекет етеді?
341. Майысқан болат сызғыш қандай күштің әсерінен қайта түзеледі? Сызғыш толық түзелгенде ол күш неге тең?
342. Адам ауыр жәшікті еденмен бірқалыпты сүйреп келеді. Мұнда қандай күштерді жеңу керек? Олар қалай пайда болған?
343. Жүкті көтеруге және оны тегіс жазық еденмен сүйретуге бірдей күш жұмсала ма?
344. Тас кұлағанда, Жер серігінің қозғалысында, автомобильдің, желкенді қайықтың жүрісінде қандай денелер өзара әрекеттеседі?
345. Мектеп тақтасында бор неге дақ қалдырады?
346. Пышақ жасауға арналған жұқа таспа доғаша иілді. Таспаның сыртқы және ішкі жақтарында қандай күштер пайда болды?
347. Неге медициналық инені айнадай жалтыратады?
348. Тірі балықты қолда ұстап тұру неге қиын?
349. Жіп А нүктесінде үзілсе (68-сурет), серіппе қай күштің әсерінен қысқарады?
Достарыңызбен бөлісу: |