7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ



бет6/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы


180. Көлбеу науамен шар 2 секундта домалап түсіп, горизонзаль жатқан науамен тіреуге дейін 3 с қозғалды (34-сурет). Шардың көлбеу және горизонталь науамен қозғалғандағы және барлық жол бойындағы орташа жылдамдықтарын есептеп шығарыңдар.

181. Спортшы жолдың бастапқы 30 метрін 3,6 с; келесі 50 метрді 5 с; соңғы 20 метрді 2,2 с жүгіріп өтті. Оның әр кезеңдегі және жалпы жолдағы орташа жылдамдығын есептеңдер.

182. Трамвай алғашкы 200 метрді 5 м/с орташа жылдамдықпен, кейінгі 600 метрді - 10 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Оның барлық жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.

183. Автомобиль жолдың алғашқы бөлігін (30 км) 15 м/с орташа жылдамдықпен жүріп өтті. Қалған 40 км-ді ол 1 сағат жүрді. Барлык жолды автомобиль қандай орташа жылдамдықпен жүрді?

184. Автобус жолдың алғашқы 4 км - 12 минут, келесі 12 км -18 мин жүрді. Әрбір кесінділердегі және барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.

185*. Автомобиль жолдың бірінші жартысын 10 км/сағ, ал екінші жартысын 90 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Барлық жолдағы орташа жылдамдықты табыңдар.

186*. Автобус жолдың алдыңғы жартысын екінші жартысымен салыстырғанда 8 есе жылдам жүрді. Барлық жолдағы автобустың орташа жылдамдығы 16 км/сағ. Жолдың екінші жартысындағы автобустың жылдамдығы қандай?

187*. Жолдың бірінші бөлігін пойыз 50 км/сағ жылдамдыкпен 2 саг, ал жолдың қалған 240 км бөлігін 3 сағат жүрді. Барлық жол бойында пойыз қандай орташа жылдамдық дамытты?

188°. Үстелге екі науадан қондырғы орнатылған (35-сурет). Α

нүктесінен шар жіберіп, Β нүктесінде тоқтатылды. АВ арасында шар козғалысынын орташа жылдамдығын анықтаңдар. АС және Β учаскелеріндегі шар қозғалысының айырмашылығы неде?



189°. Көлбеу ұзын науа, секундты өлшеуіш және сызғыш бар. Науаның орта түсына белгі қойылған. Шардың ең биік нүктеден науаның әр жартысынан және науаның барлық ұзындығындағы орташа жылдамдықтарын анықтаңдар. Осы жылдамдықтарды өзара салыстырындар.

190. Табиғаттағы ең үлкен жылдамдық - сәуленің вақуумде таралу жылдамдығы. Күн мен Жер арасы 150 млн км. Күннен Жерге дейін жарық қанша уақытта жетеді?

191. Егер кеме эхолоты мұхит түбінен шағылысқан дыбысты 6 с қабылдаса, мүхиттың тереңдігі қандай болғаны? Судағы дыбыс жылдамдығы шамамен 1,5 км/с.

192. Жерден Айға радиохабар жіберіліп, 2,6 с өткен соң Ай бетінен келген дабылды Жерде қабылдайды. Тәжірибе кезіндегі Жер мен Айдың арасын есептеп шығарыңдар.

193. 4,5 м/с жылдамдықпен магнитофонның таспасын орауға

1 мин кетеді. Таспаға жазу жылдамдығы 19,05 см/с болса, оған түгелдей жазу қанша уақыт алады?



194. Параллель жолдармен екі пойыз қарама-қарсы жүріп келеді. Біріншісінін жылдамдығы жермен салыстырғанда 20 м/с, екіншісінің жылдамдығы - 25 м/с (36-сурет). Екі пойыздың локомотивтері түйіскеннен кейін 1 с ішінде қанша жерге алыстайды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет