211. Жолдың уақытқа тәуелділігі графигі 47-суретте берілгендей бола ма?
212. 48-суретте түзу сызықты қозғалған дене жылдамдығының уақытқа тәуелділігі графигі берілген. Координаты мен жолының уақытқа тәуелділігінің графигін сызыңдар. Бастапқы координата 8 м-ге тең.
213. 49-суретте түзу сызықпен қозғалған нүкте жылдамдығының уақытқа байланысты графигі берілген. Жол және координатаның уақытқа байланысты графигін сызыңдар. Бастапқы координата 0-ге тең.
Инерция
214. Бірқалыпты түзу жолмен жүріп келе жатқан пойыздың вагонынан қолдан жіберілген доп лақтырылған жерге барып түсе ма?
215. Ордан жүгіріп барып секіңру неге жеңіл?
216. Автобус кенеттен жылдамдығын арттырғанда адамдар артқа қарай ауытқып,н ал тез тоқтаған кезде неге алға қарай ұмтылады?
217. Өзі жүретін арбашаны тепкен кезде балалар қандай құбылысты қолданады?
218. Неге киімді шұғыл сілкіген кезде одан жаңбыр тамшылары ұшып түседі?
219. Ағаш жарудың екі амалы бар. Бірінші жағдайда,н балтаны сілтеп шөркені жарады. Екінші жағдайда балтаны шөркесімен бірге жаңғырыққа соғады. Осында байқалатын механикалық құбылысты түсіндіріңдер.
220. Аты сүрінсе шауып келе жатқан салт аттыда қандай жағдай болады?
221. Сүрінген кісі қай жаққа және неге құлайды?
222. Егер адам отырғыштың оң жақ шетіне қысылып қалса, машинаның жүрісінде қандай өзгерістер болғаны?
223. Автомобиль тежегіші кенет іске қосылғанда оның алдыңғы жағы неге төмен түседі?
Стансаға жақындаған пойыз жүрісін баяулатты. Сол кезде ауыр жәшікті вагонның еденімен қай бағытта тарту оңай: жүріспен алға ма, немесе артұа ма?
Жер батыстан шығысқа қарай айналады. Ендеше, жоғары қарай секірсек, неге сол жерімізге түсеміз, неге батысқа қарай ығыспаймыз?
224. Стансаға жақындағанда пойыз неге жүрісін баяулатады? Сол кезде аур жәшікті вагонның еденімен қай бағытта тарту оңай: жүріспен алға ма, немесе артқа ма?
225. Жер батыстаң шығысқа қарай айналады. Ендеше жоғары қарай секірсек, неге сол жерімізге түсеміз, неге батысқа қарай ығыспаймыз?
226. Қуып жүріп ұстау ойынын ойнағанда, біресе, оңға, біресе солға кілт бұрылғанда неге ұстап алу қиынға түседі?
227. Қозғалу инерциясын пайдаланып алақанға тамшыны қалай түсіруге болады?
228. Неге бағананы немесе ағашты тез және кілт оралып өту үшін жүгірген кісі неге оны қаусыра құшақтайды?
229. Поршенді двигательдер әдетте ауыр реттеуіш маховикпен жабдықтала ма?
230. Вагонның тұрақты жүрісі кезінде де үстелдің ортасында жатқан шар 50-суретте көрсетілген бағытта домалап кетті. Пойыздың жылдамдығы қалай өзгерді? Оның қозғалу бағыты жуан сызықпен берілген.
231. 51-суретте көрсетілген сүт цистерналарының қозғалысы бір қалыпты, екінші жүрісін баяулатып келеді, үшіншісі керісінше, шапшаңдап келеді. Үшеуінің қайсысы баяулап келеді, қайсысы бір қалыпты?
232. Қатты жүріп келе жатқан платформада тұрған адам допты тіктеп жоғары лақтырды. Платформа бір қалыпты түзу жүріп келе жатса, доп тура адамның қолын түсе ма? Егер кенет тоқтай қалса ше, Оңға бұрылса ше? Солға ше?
233. Кейбір жағдайда автомобиль басқа да машиналар горизонталь жолда двигателін сөндірсе де әжептәуір уақыт жүрістерін тоқтатпайды. Осы «еркін жүріс» денелердің қай қасиеттеріне негізделген?
???????
МАССА ЖӘНЕ КҮШ
263. Екі арбаша әрекеттескенде олардың жылдамдығы 20 см/с тан 60см/с өзгерді. Үлкен арбашаның массасы 0,6кг. Кіші арбаның массасы неге тең?
264. Арбашалардың массасы 1 және 3 кг, жылдамдығы 0-ге тең. Өзара әрекеттескен кезде үлкен арбаша 15 см/с жылдамдыққа ие болды. Кіші арбаша қандай жылдамдыққа ие болады?
265. Массасы 30 кг қозғалмай тұрған салдан массасы 45 кг бала жағаға секірді. Сонда сал 1,5 м/с жылдамдыққа ие болды. Баланың жылдамдығы қандай?
266. Массасы 46 кг бала массасы 1 т салдан 1,5м/с жылдамдықпен жағаға секірді. Сал қандай жылдамдыққа ие болды?
??????
Достарыңызбен бөлісу: |