Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетіпті



Дата27.03.2023
өлшемі11,39 Kb.
#173070
Байланысты:
Түлкі мен ешкі




Бір күні түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда терең апанға түсіп кетіпті. Ары секіріп, бері секіріп, апаннан шыға алмапты. Бір уақытта ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болыпты. Түлкіні көріп: Түлкі батыр, онда не қылып тұрсың?-Ооо, теке, жаным жай тауып раһаттанып тұрмын. Қырдан шөлдеп, әрі ыстықтап келіп едім. Апанның іші салқын, әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,- депті. Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп, апанға секіріп түсіп кетіпті. Сонда қу түлкі секіріп, ешкінің үстіне мініп, мүйізіне табан тіреп, далаға секіріп шығып кетіпті. Осылай түлкі жөніне кете беріпті. «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет