7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ



бет1/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы

7 сынып

МАЗМҰНЫ

ҚОЗҒАЛЫС

Механиқалық қозғалыс

Орташа жылдамдық

Инерция


МАССА ЖӘНЕ КҮШ

????Денелердің өзара әрекеттесуі және денелердің массасы????

Заттың тығыздығы

Табиғаттағы күштер. Күштерді қосу



ЖҰМЫС. ҚУАТ. ЭНЕРГИЯ

?????

ҚЫСЫМ

Атмосфералық қысым. Барометрлер.

Архимед күші. Денелердің жүзуі. Ауада ұшу.

48. Бактериялардың бір түрінің ұзындығы 0,5 мкм. 1 см ұзындықта олардың қаншасын тізіп орналастыруға болар еді?

49. Атомның диаметрі 0,1 нм. Ұзындығы 1 мм кесіндіге қанша атом орналасады?

50. Әр қайсысының көлемі 1 мм3 кубтар өз қабырғаларының қырымен қатарынан тығыз жатқызылған. 1 м3 көлемге сыятын кубтар қандай ұзындықты алар еді?

51. 1 м3-ге әр қайсысының көлемі 1 мм3 кубтарды бір қатарға тығыз орналастыру үшін қанша уақыт жұмсау керек? Әр кубқа 1 с уақыт жұмсалады.

52. Ғалымдардың санауынша бидайдың бір сабағында өсімдіктің қоректену процесіне қатысатын 10 000 000 тамыр түтікшесі бар. Егер оның орташа ұзындығы 2 мм, ал жалпы көлемі 1,5 см3 болса, түтікшелердің барлығының ұзындығы және көлденең қимасының ауданы қандай?



53. Бір шарғы жіптің ұзындығы 200 м. Сонда бір шарғы жіп Астана мен Алматыны қосатын 1100 км арақашықтықтың миллиноннан бір бөлігіне жете ме?

ҚОЗҒАЛЫС

Механиқалық қозғалыс


126. Жүріп келе жатқан пойыз вагонының үстелінде кітап тұр.

Кітап: а) үстелмен; ә) рельспен; б) өзен үстіндегі көпірмен в) өзеннің суымен; г) Аймен салыстырғанда қозғалыста ма, әлде тыныштықта ма? Егер пойыз станцияда тұрған болса, жауап қалай өзгерер еді?



127. Кеме кемежайға жақындап қалды. Палубада тұрған адамдар қай денемен салыстырғанда қозғалыста болады? Оны қалай біледі? Қандай денелермен салыстырғанда олар жылжымайды?

128. Буксир өзенде жүк кемені итеріп келеді. Қандай денелермен салыстырғанда буксирдің орны өзгерді? Қай денемен салыстырғанда оиың орны тұрақты?

129. Астық жинаған комбайнның дән корабынан жүк машинасына астық төгу керек. Комбайнды тоқтатпай-ақ оны қалай орындауға болады?

130. Балалар ойнынындағы вагон құрамын «тепловозы» сүйретіп келеді. Сонда вагондар үстелмен салыстырғанда қозғалыста ма? Тепловозбен ше? Рельстермен салыстырғанда ше? Бір-бірімен салыстырғанда ше?



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет