7 сынып мазмұны қОЗҒалыс механиқалық қозғалыс Орташа жылдамдық Инерция масса және күШ



бет13/42
Дата27.02.2020
өлшемі7,79 Mb.
#59105
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
7 сынып Есептер жиинагы


359.
Ауырлық күші 2,5 кН лифті шахтыдан темір арқанмен көтеріледі. Жоғары көтерілгенде, темір арқанның тарту күші 3 кН болды. Осы күштердің теңәрекетті күштерін анықтап, график арқылы бейнелеңдер (масштабы 1 см - 50 Н).

360. Салмағы 720 Η адам ашылған парашютпен төмен түсіп келеді. Бірқалыпты қозғалыстағы ауаның кедергі күші неге тең? Бұл жағдайда парашютиске әрекет ететін теңәрекетті күші неге тең?

З61. Кеме бірімен-бірі жалғасқан үш баржаны тартып келеді. Бірінші баржаға түсетін судың кедергі күші 9000 Н, екіншісіне -7000 Н, үшіншісіне - 6000 Н. Кеменің өзіне түскен судың кедергісі 11 кН. Егер баржалар бірқалыпты қозғалса, кеменің оларды тарту күшін анықтаңдар.

362. Горизонталь бағытта жүріп келе жатқан автомобильге 1,25 кН двигательдің тарту күші 600 Н, үйкеліс күші және 450 Η ауаның кедергі күші әсер етеді. Осы күштердің теңәрекетті күші неге тең?

363. Жолдың горизонталь бөлігіндегі трактордың тарту күші 8 кН. Трактордың жүрісіне кедергі күш 6 кН. Трактордың салмағы 40 кН. Осы күштерді графикпен көрсетіңдер (масштабы: 0,5 см -4000 Н).

364. Масштабты қолданып (74-сурет), Q, Р, Ғ күштерінің шамаcын анықтаңдар.

365. Салмағы 400 Η бала қолындағы салмағы 100 Η гірді жоғары көтеріп тұр. Ол қандай күшпен Жерге әсер етеді?

366. Денеге жоғары қарай бағытталған 10 Н, төмен - 9 Η күштер әрекет етеді. Өздерің таңдаған масштабпен осы күштердің теңәрекетті күшін суретте көрсетіңдер.

367. Массасы 3 кг, 7 кг және 1 кг үш шар сымға байланған (75-сурет): а) сымның 1,2 және 3 кесінділеріндегі керілу күштерін анықтаңдар; ә) суретті дәптерге көшіріп әр шарға әсер ететін ауырлық күштерін 1 см - 10 Η масштабпен бағытын көрсетіп салыңдар; б) осы масштабпен шарлардың жалпы салмағын графикке салыңдар.

368. Ұшақ ұшу жолында тұр. Оған қандай күштер әркет етеді? Олардың теңәрекетті күші қандай? Неге? Сызбанұсқамен түсіндіріңдер. Ұшақтың екпін алу және ұшу кездеріндегі күштерді масштабпен салып көрсетіңдер.

369. Массасы 30 кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңдар.

370. 120 Η ауырлық күші бар бір шелек судың массасын анықтаңдар.

371. 20 л суға әрекет ететін ауырлық күшін табыңдар.

372. Мөлшері 10x8x5 см3 мыс кесекке қандай ауырлық күші әрекет етеді?

373. Көлемі 20 дм3 болат құймаға әрекет ететін ауырлық күшін табыңдар.

374. 500 Η ауырлық күші әрекет ететін ыдыста қандай көлемде су бар?

375*. Көлемі 120 м3 мыс шарға 8,5 Η ауырлық күші әрекет етеді. Шар тұтас па, әлде іші қуыс па?

376. Су құйылған ыдыста массасы бірдей ағаш пен мыстан жасалған екі білеуше бар. Екеуінің қайсысының ауырлық күші басым?

377. Вакуумда жоғары тік лақтырылған дененің көтерілу уақыты оның түсу уақытына тең екені белгілі. Ауаның кедергісін ескеретін болсақ, теңдік сақтала ма?

378. Салмақсыздық жағдайында иінді таразының көмегімен екі дененің қайсысының массасы артық екенін анықтауға бола ма?

379. Әуеде ұшып жүрген қарлығашқа ауырлық күші әрекет ете ме?

380. Болат шарды үстел үстінен су құйылған стаканға салды. Сонда ауырлық күші өзгерді ме?

381. Стратостат көтерілгенде оның ішіндегі денелерге (адам, құрал, сайман) әрекет ететін ауырлық күші Жер бетіндегі ауырлық күшімен салыстырғанда өзгерді ме? Қалай? Неге? Стратостат көтерілгенде осы заттардың массасы өзгерді ме?

382. Массасы 1,5 т автомобиль жол үстінде тұр. Оның салмағы қандай? Ол қай денеге түседі?

383. 50 кг бензин құйылған сауытты Жерорта теңізінен Солтүстік полюске апарды. Сонда бензиннің салмағы өзгерді ме? Бензиннің массасы мен тығыздығы өзгерді ме?

384. Жіппен байланған массасы 5 кг шар ілулі тұр. Онын салмағы қандай? Бұл күш қайда түсіп түр?

385. Көлемі 25 л бензиннің салмағы қандай?

386. Шам (люстра) төбеде ілулі түр. Оның массасы 4 кг. Люстра төбеге қандай күшпен әсер етеді? Ол күшті қалай атайды?

387. Амортизатордың серіппесі 320 Η күштің әсерінен 9 мм-ге сығылды. 1,6 кН күштен серіппе қанша мм-ге сығылады?

388. 4 Η күш әсерінен динамометрдің серіппесі 5 мм-ге ұзарды. Осы серіппені 16 мм-ге ұзарту үшін салмағы қандай жүк салу керектігін анықтаңдар.

389. Берік жіпке ілінген көлемі 200 м3 алюминий цилиндрдің салмағы қандай? Осы салмақ қайда түсіп түр?

390. Жүк автомобильдің жүргізушісі алыс сапарға аттану алдында бакқа 150 л дизель отынын құйды. Отынның тығыздығы 825 кг/м3. Сонда автомобильдің массасы қаншаға артқанын есептеп шығарындар. Оның салмағы ше?

391. Су бетінде қалқыған шардың салмағы бар ма?

392. Массасы 383 кг ғарыш аппаратының Марс планетасы бетіндегі салмағы қандай болар еді? Дене салмағының онын Марстағы массасына қатынасы 3,9 Η кг-ға тең.

393. Шиыршық серіппенің ұзындығын 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Η серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

394. Есікті ашқанда оның серіппесі 12 см-ге ұзарды; сонда серіппенің серпімділік күші 0,004 кН, серпімділік күші 10 Н-ға тең болуы үшін серіппені қаншаға ұзарту керек?

395. АВ резеңке жіпке (76, а-сурет) салмағы 0,1 Η жүк ілгенде, ол жіп біраз ұзарды (76, ә-сурет). Жіпке салмағы 0,3 Η жүк ілген жағдайдағы суретін салындар.

396. Жай тұрған серіппенің ұзындығы 88 мм, оны 120 мм-ге дейін ұзартқанда 120 Η серпімдік күш пайда болды. Осы серіппеге 90 Η күш түскендегі ұзындығын анықтаңдар.

397. Болат шар тасқа тисе, неге ыршып түседі, ал асфальтта онша секірмейді?

398°. Су құйылған мензуркамен берілген білеушенің қайсысы алюминий, темір екенін, қайсысының салмағы көп және неше есе көп екенін анықтаңдар. Қандай құралдың көмегімен жауаптың дұрыс-бұрыстығын тексеруге болады? Тәжірибе жасаңдар.

399°. Сыйымдылығы V шөлмек тығыздығы ρ сұйыққа толы. Мензурканы және динамометрді қолданып, шөлмектегі сұйықтың массасын Μ қалай анықтауға болады?

400°. Тек масштабты сызғышты ғана пайдаланып, алюминий кесегінің салмағын анықтаңдар. Жауаптың дұрыстығын динамометрмен тәжірибе арқылы тексеріңдар.

401. Бөліктерінің құны 5 мл өлшеуіш ыдысқа салмағы 6,1 Н тұтас цилиндрді батырғанда судың деңгейі 14 бөлікке көтерілді. Цилиндр затының тығыздығын табыңдар.

402°. Берілген ағаш білеушенің салмағы немесе оның үстел бетімен бірқалыпты жылжыған кездегі тарту күшінің қайсысы көп және неше есе көп екенін тәжірибе арқылы анықтаңдар.

403°. Калориметрдің ыдысы суға толы. Тек масштабты сығғышпен миллиметрлі қағазды пайдаланып, судың салмағын анықтаңдар. Ыдыс қабырғасының қалыңдығын есепке алмаса да болады. Жауаптың дұрыстығын мензурканың көмегімен тексеріңдер.

404°. Қолда шыны ыдыс, су және динамометр бар. Осы шыны ыдыстың сыйымдылығын анықтаңдар.

405. Таудан жылдам түскен шаңғышы тегіс қар үстімен неге баяу қозғалады?

406. Не себептен жібек бау мақта-мата не жүн баудан гөрі тезірек шешіледі?

407. Неге өзеннің жағасы мен түбіне жақын суы оның ортасындағы судан баяу ағады?

408. Неге ұн немесе жарма стаканнан үстелге төккенде конус пішінді үйме болып, ал су үстел бетіне жұқа қабатпен жайылады?

409*. Үстел үстінде бума дәптер жатыр, астыңғысы үстелге желімденген. Егер дәптердің біреуін ақырын горизонталь бағытта тартсақ, қалғандары қалай жылжиды?

410. Тік таудан түскенде кейде арбаның бір доңғалағын дөңгелемеу үшін неге жіппен таңып тастайды?

411. Вагонның салмағы жүгімен 3 кН. Егер үйкеліс күші осы салмақтың 0,5% құраса, оның бірқалыпты қозғалуы үшін қандай күш жұмсау керек?

412. Шананың қар үстінде бірқалыпты қозғалуы үшін 25 Η күш керек. Егер үйкеліс күші шана салмағының 5% -ын құрайтын болса, шананың салмағы қандай?

413. Шананың салмағы 4 кН және үйкеліс күші салмағының 3% құрайтын болса, шананың мұз бетімен бірқалыпты қозғалуы үшін қандай күш керек?

414. Бір ұшы шамалы көтеріңкі тақтайдың бетімен ағаш доп домалайды. Ал ағаштан жасалған массасы бірдей куб сол жағдайда неге қозғалыссыз қалады?

415*. Үстел үстінде 10 бірдей кітаптар бумасы жатыр. Мына әрекеттің қайсысын орындау оңай: үстіңгі бесеуін жылжыту ма, әлде бумадан жоғарыдан санағанда төртінші кітапты суырып алу ма? Жауабын түсіндіріңдер.

416. Бөлшектер салынған жәшіктің салмағы 500 Н. Егер үйкеліс күші бөлшектер салынған жәшік салмағының 0,05 бөлігін құраса, жәшікті горизонталь еденмен бірқалыпты жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек?

417. Қандай жағдайда машина тығылып қалады, яғни доңғалақтары айналғанымен машина орнынан жылжымайды? Машинаны сыртқы күштерді қолданбай-ақ орнынан қозғалту үшін не істеу керек?

418. Горизонталь жолмен пойызды 60 км/сағ жылдамдықпен жүргізуге 200 кН тарту күшін жұмсаған тепловоздың жалпы үйкеліс күші қандай?

419. Қабырға жанындағы басқыш еденмен 45° бұрыш жасайды. Шағын сызбанұсқа сызып, басқышқа түсетін барлық күштерді көрсетіндер.

420*. Үстел үстінде бір бума кітаптар жатыр. Қайсысы жеңіл: басқаларын ұстап тұрып (бірақ көтермей), астыңғы кітапты суырып алу ма немесе астыңғы кітапты тартып, буманы түгелдей қозғалту ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет