684. Ғарыш кемесіндегі ауа қысымын сынапты барометрмен өлшеуге бола ма? Барометр - анероидпен ше?
685. Суретте анероидтің қарапайым моделінің сызбанұсқасы бейнеленген. Атмосфералық қысым көбейген кезде бағдаршаның ұшы қалай қарай ауыткиды? Кемісе ше?
686. Сығылған сутегі бар баллонға жалғасқан металл манометр 6,5 атм қысымды көрсетті. Баллонның ішкі қабырғасының 1 см2 бетіне сутегі қандай күшпен әсер етеді?
687. Су сорғы қондырғысының жобасындағы қателікті табыңдар. Неге мұндай қондырғыда сорғы су тарта алмайды? Жобаға қажетті түзетулер енгізіңдер.
688. Сифонның жоғарғы жағында тығынмен жабылған Κ тесік жасалған. Тығынды суырып алса, сифон жұмыс атқара ма?