754. Салқын үйде таразының бір табағында ыдысқа батырылған дене, екіншісінде -таразыны теңестіретін жүк салынған . Егер осы қондырғыны салқын үйден жылы үйге апарса, таразының теңдігі сақтала ма?
755. Сынапта кішкентай темір шар қалқып жүр. Егер оның үстіне су кұйылса, шардың сынапқа батуы өзгере ме?
756. Шайға кұйылған сүт неге стаканның түбіне қарай батады?
757. Бір шөлмекке өсімдік майы мен сірке қышқылы кұйылған. Шөлмектен олардың кез келгенін әр түрлі мөлшерде қалай кұйып алуға болады?