7 тақырып Бизнес жоспарлау



бет6/8
Дата27.10.2022
өлшемі32,97 Kb.
#155244
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 тақырып Бизнес жоспарлау

5. Ұйымдастырушылық жоспар. Ол жаңа кәсіпорын құру кезінде ғана әзірленеді. Бизнесті жүргізу ерекшелігіне, кәсіпорынның мөлшеріне, ұйымдастырушылық мақсаттарға байланысты нақты ұйымдық құрылым таңдалады. Бизнес-жоспардың бұл бөлімінде құрылған кәсіпорынның меншік формасының қай түріне: яғни оның жеке кәсіпорын, жауапкершілігі шектеулі серіктестік немесе акционерлік қоғамға жататынын көрсету керек. Егер ол акционерлік қоғамға жататын болса, онда шығарылған акцияның көлемі және оның акциясының қандай типке жататыны туралы мәлімет берілуі қажет. Басқаша айтқанда, бизнесмен ұйымдастыру жоспарын жасағанда сұрақтарға жауап бере алатындай болуы керек. Сонымен қатар бұл бөлімде жұмыс күшіне жалпы қажеттілік, ұйымдастыру, іріктеу және арнайы даярлау, еңбек жағдайы мен оған ақы төлеу, материалдық және моральдық ынталандыру жөнінде мәліметтер қарастырылады. Бизнес-жоспарды жүзеге асыруға жауап беретін бас менеджерлер мен негізгі персоналдарға сипаттама (жасы, білімі, біліктігі, тәжірибесі т.б.) жасалуы мүмкін. Бұл бөлімде штаттық кесте әзірленіп, онда әрі қарай бизнесті кеңейткен жағдайда жұмыскерлер санын арттыру мүмкіндігі немесе қосымша жұмыскерлерді жалдау, оларға ақы төлеу жағдайлары ескерілген жөн.
6. Өндірістік жоспар. Бизнес-жоспардың бұл бөлімін өндірістік қызметпен айналысатын кәсіпкерлер ғана жасайды. Оның басты мақсаты – әлеуетті әріптестер мен инвесторларға, қажетті мерзімде, талапқа сай тауарлар мөлшерін шығаруға жағдайы бар екендігіне көз жеткізу. Өндірістік жоспарды әзірлеу кезінде мына мәселелерге талдау жасалуы тиіс:
- қолданылатын техника мен технология;
- өндірістік база;
- шикізаттар мен материалдар, энергия;
- өнім өндіруді қамтамасыз ету және шығындарды болжау;
- еңбек ресурстары;
- тұрақты және айнымалы өндірістік шығындар;
- экологиялық қауіпсіздік.
Өнім өндіруді болжау өндірістік құрылым мен маркетингтік жоспарға сүйенеді. Негізгі міндет нарық пен сатып алушылар сұранысын ескеретін, жаңашылдық енгізуге мүдделі және тұтынушыға жұмыс істейтін өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу болып табылады. Сонымен, өндірістік жоспарда тауар шығарудың өндірістік ағындары көрнекі түрде сипатталып, оны қамтамасыз ететін ақпараттармен таныстыру болып табыпады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет