7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет14/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Шаршы- ұялап егу шаршының төрт бұрышына тұқымды ұялап орналастыруды шаршы ұялап егу дейді. Бұл тәсілдің артықшылығы егісті екі бағытта – бойлай және көлденең культиватормен өңдеуге мүмкіндік туады, яғни ешқандай гербецидті қолданбай-ақ егісті арамшөптерден таза ұстауға мүмкіндік болады. Бұл тәсіл жүгері, күнбағыс, мақта, т.б дақылдарды егуге қолданылады.
Себу мөлшері. Егу мөлшері деп 1га жерге кететін тұқымның санын, немесе салмағын айтады. Егу мөлшері дақылдың түріне, егу тәсіліне, егістік жердің құнарлылығына, ылғал мөлшеріне байланысты өзгеріп отырады.
Тұқым себу тереңдігі. Тұқымы өте ірі жүгеріні 7-8 см тіпті 10-12 см тереңдікке ексе де болады, бидай, арпа, сұлы, бұршақ тұқымдары әдетте 6-8 см тереңдікке себіледі.
Кейбір дақылдар өнгеен кезде тұқым жарықшағын жер бетіне ала шығады ( қант қызылшасы, соя, пияз, ас бұршақ ). Ондай дақылдардың тұқымдарын тереңге егуге болмайды. өйткені түскен тұқым жарықшағын жер бетіне шығара алмай өліп қалуы мүкін. Егу тереңдігі топырақтың түріне қарай да өзгеріп отырады. Құмдақ болып келген жеңіл топырақта тұқым тереңірек себіледі. Себебі ондай топырақтың үстіңгі қабаты тез кеуіп кетеді. Ауыр балшықты топыраққа керісінше тұқым саязға себіледі.
Астық егілген сайын тұқым себу тереңдігі аздау болуы керек. Себебі топырақ көктемде үстіңгі қабатынан бастап жылиды, сондықтан ерте көктемде егу тереңдігі аздау болса тұқым жақсы өніп- шығады. Бір дақылдың өзін- ақ себу мерзіміне қарай әртүрлі тереңдікке еккен дұрыс. Егін кеш егілген сайын егу тереңдігі арта түсуі тиіс. Тұқым ылғалы мол тереңдікке сіңірілген жағдайда ғана біртегіс өсіп шығады. Күздік дақылдарды еккенде көбіне керісінше жасау керек. Дақыл ертерек себілген сайын егу тереңдігі көбірек болуы керек. Күздік бидай көбіне парға қалдырылған танапқа егіледі. Ал республикамыздың оңтүстік – шығысында орналасқан облыстарында күз айлары құрғақ келеді де, топырақтың беткі қабаты кебу болады. Сондықтан парға егілетін күздік бидайды 8-10 см тереңдікке егу керек. Сонда ғана тұқым біртегіс өніп шығады.
Егу мерзімі кешіккен сайын тұқымды аз тереңдікке сіңіру керек. Себебі ауа салқындаған сайын дәннің төменнен өніп шығуы қиындай береді. Оның үстіне суық күзде жаңбыр көбірек болады да топырақтың үстіңгі қабатында ылғал жеткілікті болады. Аз тереңдікке 3-4 см сіңірілген тұқым ерте көгеріп шығып, суық түскенше біраз күш жинап, жақсы қыстап шығуына мүмкіндік туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет