7 тарау. Инфекция туралы ілім



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі324,49 Kb.
#93603
1   2   3   4
Байланысты:
МикроБиология

Факулътативті жасушаішілік паразиттер жасуша ішінде де және жасушадан тыс жағдайда да тіршілік ете алады. Ие организмінде жасушаішілік өсіп-өну олар үшін басымырақ болады, әйтсе де олар жасушадан тыс жағдайда да өсіп-өніп көбейе алады. Өйткені организм жағдайындағы жасушаішілік орта
инфекциялық процеес дамуында негізгі орын болып табылады. Жасушаішілік паразиттік осындай қабілеттілік инфекциялық процестіц созылмалы түрге айналуында маңызы бар, өйткені макроорганизмде микробтардың тірі қалуын жэне сақталуын жеңілдетеді. Мүндай микробтар жасанды қоректік орталарда өсіп-оне алады. Оларга туберкулез, туляремия, соз, менингококты инфекция қоздырғыштыры, салмонеллалар, шигеллалар және басқа микробтар жатады. Облигатты жасушадан тыс паразиттер -жасуша ішіне кірмейтін, бірақ жасушалар бетіне жабысып, жасушааралық қуыстармен, таралатын микробтар. Мысалы, мүндай микробтарға тырысқақ қоздырғышы, лептоспиралар, микоплазмалар т.б. микробтар жатады. Жасушадан тыстық паразиттердің агрессиялық жэне инвазиялық (нейраминидаза, гиалуронидаза т.б.) экзоферменттер ондіру қабілеттілігі болады.
Микробтардың жасушаішілік және жасушадан тыс тіршілік етуге осындай бйімделуі қатал эволюциялық даму барысында макроорганизмнің иммундық жүйесінің дуалистік қалыптасуына және онын жұмысына әсер етеді. Ол макроорганизмді бірінші кезекте жасушаішілік паразиттерден қоргайтын Т - жүйеден және жасушадан тыс орналасқан микробтар мен олардың токсиндерін бейтараптайтын антиденелер өндіруге жауапты В - жүйеден түрады.
Патогенді микробтардың бірқатар қасиетгері соның ішінде ең алдымен патогенділігі болуы керек.
Патогенділік (син.: аурутуғызушылық) - ол микробтардьщ инфекциялық процесс қоздырушы потенциалдық қабілеттілігі, яғни осы микроб үшін табиғи жүғу жағдайында тиісті ие организміне ену, онда өсіп-өніп кобею, гомеостаздыц әртүрлі бүзылыстарын туғызу және макроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қабілеттілігі. Патогендлікті ие макроорганизміне микробтың бейімделу функциясы деп қарастыру үсынылған, оның негізінде жаңа жағдайда адекватты тіршілік етуі үшін микроб метаболизмінің қайтадан икемделуі жатыр. Тәжірибелік жағдайда жоғарғы вирулентгі микробтардыц тиісті дозасын пайдаланғанда кез келген микроб кез келген тәсілмен жұқтырғанда инфекциялық процесс қоздыра алады. Сондықтан патогенділік деген үғым ие түрін және жүғу жолдарын қамтуы керек. Бүл түқымқуалайтын түрлік, генетикалық детерминантталған белгі. Ол микробтың тек қана потенциалды инфекциялық процесс қодыру қабілеттілігін көрсетеді. Генотиптің фенотиптік іске асуы тиісті жағдай- ларда ғана жүреді. Мүндай жағдайлар кейбір микробтарға көбірек, ал басқаларына аз ғана қажет болуы мүмкін. Қабылдамаушы макроорганизмде микроб патогенділігі іске аспай қалады, өйткені ол үшін жағдай жоқ, адгезиялану және колонизациялану болмайды, микроб өзінің тіршілік ету қабілеттілігін жоғалтады және өледі. Қабылдаушы организмде олардың көбеюі белсенді түрде жүреді.
Мысал ретінде Т.раllidum немесе S. typhi-ді келтіруге болады, олар табиғи жағдайда адамдарда ғана ауру қоздырады. Микробтың ие жасушасына қоректік тэуелділіғі жоғары болған сайын оның паразиттік қасиеті және де патогенділігі жоғарылай береді. Микробтардың патогенділігі кез келген басқа табиғатты патогенділік факторлардан өзінің биологиялық мәнісі бойынша ерекшеленеді.
Патогенді микробтарға нозологиялық спецификалық (грек: nosos - ауру, 1оgоs - ілім) және органотроптылық тән. Нозологиялық тэнділік - ол қабылдаушы организмнің қайсысына түскеніне қарамастан патогенді микробтардың әрбір түрі тек қана соған сәйкес инфекциялық процесс және де патологиялық реакциялардың кешенді симптомдарын қоздыру қабілеттілігі. Сонымен, S.tурhі тек қана- іш сүзегін, ал N. meningitidis - менингококты инфекция қоздырады. Қоздырғыштардың осындай спецификалығы өздігінше нозологиялық түр ретінде жекеленген жүқпалы ауруларға клиникалық диагноз қоюға мүмкіндік береді. Шартты-патогенді бактерияларда осындай нозологиялық тэнділік болмайды. Орган-троптылық - ол биохимиялық қасиеттері бойынша микробтардың тіршілігі үшін ең қолайлы жасушаларда, тіндерде, жэне ағзаларда қоныстану және оны зақымдау қабілеттігі. Мысалы, ауалы-тамшылы инфекциялардың қоздырғыштары тыныс алу жолдарын, ал ішек инфекцияларының қоздырғыштары - асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.
Спецификалық жэне орган-троптылықтың негізінде лиганд жатыр - ол макроорганизмнін эукариоттық жасушалары мен микробтардың рецепторлық өзара эсерлесуі. Спецификалық және орган- троптылық көптеген микробтардың иебеиімділігін түсіндіреді. Бұл зандылықтан озгешеліктер де болады Мысалы, зоонозды инфекциялардың қоздырғыштары (сарып, оба, күйдіргі, туляремия т.б.) үшін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет