7 тарау. Инфекция туралы ілім



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі324,49 Kb.
#93603
  1   2   3   4
Байланысты:
МикроБиология


7 ТАРАУ. ИНФЕКЦИЯ ТУРАЛЫ ІЛІМ
Инфекция туралы ілім - бұл макроорганизмдерде тіршілік етуге және оған патогенді әсер етуге мүмкіндік беретін микробтардың қасиеті туралы, және де микроорганизмнің ауру тудырушылық әсеріне қарсы түратын макроорганизмнің қорғаныс-бейімделу реакциялары туралы ілім. Инфекция туралы ілім маңызды роль атқарады, өйгкені инфекциялық процесс қоздыратын микробтардың патогенсіз микробтардан ерекшелігін, және де қоздыргыштарды қабылдаушылық және қабылдамаушылық қасиеті бар макроорганизмнің бір-бірінен қандай айырмашылығы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді. Ол жүқпалы ауруларды емдеу және алдын алу үшін қажетті препараттар жасауда, және де диагноз қою әдістерін жетілдіруге шешуші рөл атқарады. Инфекциялық процестердің дамуын және оның барысын молекулалық деңгейде ғана емес одан да жоғары деңгейде сауатты бақылауға мүмкіндік береді.
"Инфекция" (лат. іnficіо - жүқтыру, зиянды нәрсені енгіземін) немесе оның синонимі "инфекциялық процесс" термині қоршаған ортаныц тиісті жағдайында қабылдаушы макроорганизммен оған, көбейген патогенді немесе шартты-патогенді микроорганизмнің өзара әсері нәтижесінде пайда болатын және макроорганизмнің ішкі ортасының тұрақтылығын(гомеостазын) сақтауға бағытталған физиологиялық қалпына келу - бейімделу реакцияларының жиынтығын білдіреді. Қарапайымдылар, гельминттер, жәндіктер - Аnimaliа әлемінің өкілдері қоздыратын осындай ұқсас процесті инвазия (лат. іnvazіо - шабуыл, басып кіру) деп аталады.
Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр, өйткені паразит деп аталатын біреуі, ие деп аталатын екіншісін қоректік көзі және тұрақты немесе уақытша мекендейтін орны ретінде пайдаланады. Бұл кезде аталған екі организм де бір-бірімен қарама-қарсы (антагонистік) жағдайда болады. Сапрофиттік тіршілік етуге қарағанда паразитизм - ол тірі ортада өмір сүру. Паразиттің ие организміне патогендік әсер етуі және ие организмі жағынан оған жауап беретін қорғаныс реакциясы паразитизмніц ажыратылмайтын бөлігі болып табылады. Паразитизм - түрге тән және тұқым қуалайтын қасиет. Адамдардың, жануарлардың және өсімдіктердің инфекциялық және инвазиялық ауруларының қоздырғыштары паразиттерге жатады, яғни олар тірі жүйе ортасында паразиттік тіршілік етуге қабілетті. Ие организмнің тіршілік етуі мәңгілік емес, уақыт мерзімі бойынша шектелген. Сондықтан, паразиттер үшін мекендейтін ортасын ауыстыру қажет. Олардың екі тіршілік циклі болады: тірі организмдегі - паразиттік және одан тыс жердегі паразиттік емес тіршілік ету фазалары. Паразиттік емес тіршілік ету деп, кең мағынада сапрофиттік тіршілік ету жағдайын және де шартты-патогенді бактерияларға тән паразитизмнен өзгеше түрлерін (мутуализм, комменсализм, метабиоз т.б.) түсіну керек. Микроб биологиялықтүр ретінде тіршілік сақтай алатын ортаның маңызы зор. Оны ең басты спецификалықтіршілік ортасы дейді. Өйткені "паразитизм" термині - бұп ерекше түсінік және паразит популяциясы гетерогенді. Микроб популяциясының паразитизмдік дэрежесі ең алдымен мекендейтін ортамен байланысты, сондықтан популяциялық-экологиялық тұрғыдан паразитизмді үш категорияға бөледі: облигаттылар, факультативтілер және кездейсоқтылар.
Облигатгы (нағыз) паразиттер популяциялық циклдің барлық сатысында ие организмімен тығыз байланысты. Оларға паразиттік тіршілік ету фазасы ғана тән, олар сыртқы ортаға түспейді, өйткені сыртқы ортада тіршілік етуі мүмкін емес. Олар трансмиссивті, трансплацентарлы және жанасу-жыныстық жолымен беріледі. Егерде паразиттің екі иесі болса (жылықандылар және буынақаяқтылар), онда оның популяциясы кез келген уақытта екі бөліктен тұрады: гостальдық (организмдік) және векторлық (тасымалдаушыда). Басқа жағдайларда популяциясы гостальдық бөлім ретінде белгілі. Олар тұйықталған паразиттік жүйе кұрайды.
Факультативті (салыстырмалы) паразиттер табиғи айналым кезінде ие организмімен қатар сыртқы ортаны да пайдалана алады, бірақ олар үшін паразитгік фазаның маңызы басым. Мұндай микроорганизмдер жогарыда аталған жұғу жолдарынан басқа да жолдармен беріле алады. Бұл категориядағы паразиттер көбінесе біркелкі болмайды, олардың популяциясы үш болімнен (гостальды, векторлы, сапрофитті-
организмнен тыс) немесе екі болімнен (гостальды және организмнен тыс) тұрады. Олар тіршілік етудің сапрофиттік фазасына қараганда паразитгік фазасы басымырақ болатын жартылай тұйық паразиттік жүйе түзеді.
Кездейсоқ паразиттерге_ автономды түрде тіршілік етуге сыртқы орта (су, топырақ, өсімдіктер, және де басқа органикалық субстраттар) қалыпты орта болып табылатын паразиттер жатады. Олар сапрофиттік типімен қоректену қабілеттілігін сақтайды. Тіршілік етудің сапрофиттік фазасы олар үшін ең негізгі және сөзсіз қажет, ал паразиттік фаза ауық-ауық қана қажет. Осыған орай, мекендейтін екі ортаға байланысты паразит популяциясы екі бөліктен тұрады: организмнен тыс (сапрофиттік) - ол негізгісі, және де организмдік (гостальдық) - ол кездейсоқ болып табылады. Оларда трансмиссивтік берілу жолы болмайды. Олар ашық паразиттік жүйе құрайды. Оларға нағыз сапроноздардың қоздырғыштары жатады. Кездейсоқ және факультативті паразитгер сапрофиттен облигатты паразитке өтудің ауыспалы кезеңдіктүрі болып табылады. Сонымен, олардың организммен байланыс тығыздығы облигатты паразиттен кездейсоқ паразитгерге қарай азая бастайды, соңғылар үшін тіршілік етуге сыртқы ортаның ролі арта бастайды. Микробтың қоректік қажеттілігі ие жасушасымен байланысы тығыз болған сайын оның паразиттік қасиеті жоғарылай береді. Осының неғізінде микробтардың мутантты түрлері іріктелген. Эволюциялық даму барысында сапрофиттер өзіне қажет емес ферменттерді жэне басқа биологиялық жүйелерді жоғалтқан. Себебі олар өзіне керекті заттектерді дайын түрде ие организмінің жасушасынан алады. Мысалы, риккетсияларда гликолиттік циклге қатысатын ферменттер жоқ, хлами-дияларда АТФ синтезі жүрмейді, ал вирустардың ақуыз синтездейтін меншікті жүйесі жоқ.
7.1. Инфекциялық процесс және жұқпалы ауру

Инфекциялық процестің пайда болуы, дамуы және аяқталуы үш топ факторлармен анықталады: 1) инфекциялық процесс қоздырғышы - микробтардыц сандық және сапалық сипаты; 2) макроорганизм жағдайы, оның микробты қабылдаушылық дәрежесі; 3) микроб пен макроорганизмді қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық факторларының әсері, олар өз кезегінде бірнеше түрлер өкілдерінің арасында жанасу мүмкіндігіне, бір түрдің мекендейтін аумағының бірлігіне, қоректік қатынастарына, популяция тығыздылығы мен санына, генетикалық ақпарат беру және миграциялану ерекшеліктеріне т.б. өз эсерін тигізеді. Адамдарға қатысты сыртқы орта жагдайы деп оның тіршілігіндегі элеуметтік жағдайларды қабылдау керек. Макроорганизмдегі микробтардың әсерінен дамитын алғашқы екі биологиялық фактордың - инфекциялык процеске тікелей қатынасатындар. Бұл кезде инфекциялык процестің спецификалығын микроб анықтайды, ал инфекциялық процестің байқалу және оның үдеу барысындағы ауырлығына, ұзақтығына және індет аяқталуына макроорганизм интегралды шешуші үлес қосады, ол ең алдымен бейспецификалық резистенттілікпен және оған көмекші жүре пайда болатын спецификалық иммунитет факторларымен байланысты. Үшінші, экологиялық фактор, макроорганизмнің қабылдаушылығын, қоздырғыштың жұқтырғыш мөлшерін және вируленттілігін төмендетіп немесе күшейтіп, жұғу механизмін және инфекциялық берілу жолдарын т.б. белсендіре отырып, инфекциялык процеске жанама әсер етеді.


Жұқпалы ауруларды тудыратын микроорганизмдерді жұқпалы аурулар қоздырғыштары деп атау жалпы қабылданған термин. Инфекциялық жағдайдағы адамдардың немесе жануарлардың организмін, яғни онда қоздыргыштың паразиттік тіршілік етуін - инфицирленген, ал қоздырғыштар түскен сырткы орта заттарын - ластанған деп атайды. Макроорганизмнің қабылдаушылығы деп, микробтар енғенде макроорганизмнің көптеген коріністермен (тасымалдаушы-лықтан жұқпалы ауруға дейін) реакция беру қабілеттігін айтады.7.1.2. Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері
Инфекциялық процеес - ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Процесс өзара қатынастың себеп-салдарының тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді. Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады. Бірінші саты - микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында адаптациялануы (лат. аdaptacіо - бейімделу), яғни жұғуы (инфицирленуі), және де микробтардың макроорганизм жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады. Кіру есігі - организмге микробтар түсетін ағзалар мен тіндер. Микробтар макроорғанизмге көбінесе зақымдалған тері жабындылары және зақымданбаған шырышты қабықтар арқылы енеді. Екінші саты - колонизациялау (лат. соlonia - қоныстану) - кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. Инфекциялық процесс кезінде микробтар жасуша беткейімен горизонтальды бағытта таралуымен қатар макроорганизмнің жасушалары мен тіндерінің ішіне қарай терендеп ене бастайды. Микробтардың макроорганизм жасушысының ішіне ену қабілеттілігін пенентрация деп атайды. Бұл кезде қолайлы жағдай туындаса, және де микроб метаболизмінің өнімдері, олардың ферментгері және токсиндері шығып жиналса, микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа буындары пайда болады. Сонымен қатар макроорганизм жасушасының ыдырауы нәтижесінде пайда болған уытты өнімдері микроб енген және одан алшақтау жерлердегі ағзалар мен тіндерге зақымдаушы әсер етеді. Үшінші саты - диссеминациялану (лат. disseminazе - шашылу, таралу), яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына, басқа аумақтарға таралуы жэне лимфагематогенді, бронхогенді, периневральді (жүйке бағаналары бойымен) жолмен жаңа жерге қоныстануы. Ол өз кезегінде инфекциялық процестің генералиаациялануына, яғни организмде жалпы жайылуына әкеп соғады. Төртінші саты - макроорғанизмніц қорғаныс факторларын жұмылдыру (мобилизациялау). Микробтардың енгеніне және олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы жауап ретінде макроорганизм алғашқыда өзінің бейспецификалық, ал кейіннен спецификалық қорғаныс факторларының барлығын жүмылдырады. Бүл факторлардың әсері микробтардың өзімен қатар олардың токсиндерін бейтараптауға және макроорганизмнің бұзылған гомеостазын қалпына келтіруге бағытталған. Бесінші саты - инфекциялық процестің аяқталуы және ақыры. Көбінесе макроорганизмнің санациялануы (ағылшынша: sanativе - емдік, сауықтырушы), яғни организм микробтардан толық босанады және жаңа сапаға ие болып - иммунитет қалыптасады. Кейбір жағдайда инфекциялық процесс өліммен аяқталады. Микробпен макроорганизм арасында тепе-теңдік жағдай орнықса микроб тасымалдаушылық қалыптасады.
Көптеген факторлардың эсерінен инфекциялық процесс оған тэн барлық сатыларынан өтпей-ақ алғашқы кезендерінде тоқтауы мүмкін. Мысалы, осы инфекцияға қарсы егілген немесе сол кеселмен ауырып түрган адамдардажүқпалы ауру абортивті (түсікті) түрде өтеді. Басқа мысалдар дажеткілікті: соз (гонорея) ауруы кезінде жыныс-несеп жолдарының шырышты қабығы зақымданғанына немесе кейбір ішек инфекциялары кезінде шырышты қабықтарының микроколонизациялануына қарамастан инфекцияның генерализациялануы байқалмайды. Күл (дифтерия) ауруы кезінде де инфекциялық процесс адгезияланумен, колонизацияланумен жэне экзотоксин (гистотоксин) ондірілуімен шектеледі. Бактерияныц қанға енуі болмайды. Егерде жасушадан тыстық паразиттер үшін процесс адгезия жэне колонизациялаумен шектелсе, жасушаішілік паразиттер үшін олардың жасуша ішіне еніп, оның ішінде көбеюі маңызды шарт болып табылады.
Инфекциялық процесс макроорганизмнің биологиялық жүйесінің барлық деңгейлерінде байқалуы мүмкін. Бұл кезде әрбір жоғарғы деңгей төменғі деңгейлерді өзіне біріктіреді. Инфекциялық процестің көп деңгейлі жүйесі ең алдымен өзіне организмдік децгейді немесе меншікті инфекциялық процесті қамтиды, өйткені инфекция - ол қабылдаушы макроорганизмде туындайтын реакциялар жүйесі. Тіндік- , ағзалық, жасушалық (микроб жасушасы мен ие организмі жасушасыныц өзара әсері) және субжасушалық немесе молекулалық деңгей төменгі деңгейлер болып табылады, олар микробпен макроорганизмнің биологиялық молекулаларының өзара әсеріне негізделген.
Микробтың макроорганизммен өзара әсерінің нәтижесінде бірінші кезекте жасуша зардаптанады. сол жерде микроб тесік тауып, ол кейіннен макроорганизмге енеді. Өзара әсерлесу проңесі микробтын микромолекулаларының комплементарлық құрылымы мен макроорганизмнің эукариоттық жасушасының деңгейінде жүреді. Молекулалық және жасушалық деңгейлерде жүретін процестер, дәлірек айтқанда микробтардың патогенділік факторлары мен макроорганизмнің жасушалық және гуморальдық қорғаныс факторларының өзара әсерлесуі тіндік-ағзалық деңгейде білінеді. Ие жасушасының тіндік диффе- ренциациялануы инфекциялық процестің спецификалығын ерекшелейді жэне микробтардың көбею аумағын шектей отырып, қорғаныс ролін атқарады. Сондықтан инфекциялық процесс патогенезінің негізгі сипаты тіндік-ағзалық деңгейде қалыптасады, ол кейіннен инфекциялық процестің айқын (манифестік) байқалуын организмдік деңгейде қамтып корсетеді. Организм децгейдегі инфекциялық процестін клиникасы мен патогенезінің ерекшеліктері қоздырғыштың берілу механизмі мен интенсивтілігіне ықпал ете отырып, эпидемиялық процестің экожүйелік деңгейіндегі ағымына әсер етеді. Сонымен, инфекциялык процесс эрбір жүйе деңгейінің, және де осы деңгейлердің өзара әсерінің көп жақтылығымен және күрделілігімен сипатталады.
7.1.3. Жұқпалы ауру туралы түсінік
"Инфекция" және "жұпалы ауру" терминдерінің мәнісі бірдей емес. Инфекциялық процесс жұқпалы аурулардың негізін құрайды. Инфекциялық процестен айырмашылығы сол, жұқпалы ауруды, әр кезде зертханалық әдіспен анықталатын және немесе микробтардың, олардың токсиндерінің әсерінен әр түрлі дәрежеде гомеостаздың бүзылуымен сипатталатын осы макроорганизмнің айқын клиникалық көрініс беретін жағдайы деп түсіну қажет. Бұл әрбір нақты дарада (индивидумда) инфекциялық процесс байқалатын жеке жағдай. Ауру кезінде патологиялық, морфологиялық субстрат қалыптасып, макроорганизмнін функциясы бүзылған жағдайда ғана жүқпалы ауру туралы сөз айтылады
Микробтардың қасиеттерімен және де макроорганизмнің жеке даралық ерекшелігіне байланысты жұқпалы аурулардың қалыпты ағымынан басқа кең спектрлі ауытқулар болуы мүмкін. Егер жүқпалы аур; айқын кдиникалық жағдайда өтсе, инфекциялық процестің ең жоғарғы дэрежеде корінғені туралы соз айтуға болады. Инфекциялық процесс эрқашанда ауру дамуымен аяқталмайды. Қалдық иммунитеті немесе туа біткен табиғи қабылдамаушылығы бар адамдар микробпен кездескенде патологиялық, морфологиялы- субстрат қалыптасуы және макроорганизм функциясының өзгеруі байқалмайтын дені сау организмде микроб тасымалдаушылық қалыптасуымен аяқталады. Аттенуацияланған штамдардан дайындалған тірі вакциналар қолданғанда симптомсыз вакциналық инфекция қалыптасуы осындай жағдайға мысал бола алады.
Жұқпалы ауру жеке нозологиялық бірлік (аурудың абстракты аты) ретінде түрлік, ал кейде типтік түрғыдан оз алдына бөлек жекеленген қоздырғышпен зардаптануынан туындайды. Инфекциялык (инвазиялық) аурулардың саны қазіргі кезде ғылымға белгілі болған, макроорганизмге жүғу қабілеті бар. коздырғыштар түрінің санына сай келеді.
7.2. Инфекциилық процесс қоздырғыштары - микробтардың қасиеттері 7.2.1. Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар
туралы түсінік
Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син.: ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты-патогенділер.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет