7.4 Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
Тапсырма нұсқалары
7.1 кесте – Кіріс сигналдар мен модельдердің құрылымдық параметрлері
Нұсқа
№
|
Кіріс сигналдың өрнегі
|
Модельдің құрылымдық параметрлері
|
15
|
x(t) = 3t2-6
|
p=3, l=2
|
7.4.1 Идентификациялау процедурасын орындауға «өлшеу стендін» құрыңыз:
- Work/Objects7 папкасынан Simulink ортасына «объектіні» жүктеңіз (нұсқа бойынша – 7.1 кесте);
- кіріс сигнал үшін диаграмманы жинаңыз (нұсқа бойынша), оны объект кірісіне беріңіз;
- шығыс сигналдың мәндерін Matlab жұмыс ортасына орнатыңыз; ол үшін сигналды To Workspace блогына беріңіз, осы блок атауына сәйкес айнымалының атын орнатыңыз.
To Workspace блогының баптау терезесінде Array опициясын таңдаңыз – сонда сигналдың сандық мәндерінің массивін аламыз.
Идентфикациялау процедурасын қарастырылып отырған параметрлік әдісімен орындау үшін кіріс және шығыс сигналдарының аналитикалық өрнектері қажет. Шығудағы сигнал мәліметтер массиві ретінде алынды, сондықтан оны аппроксимациялау қажет. Аппроксимациялау есебі Curve Fitting Tool пакеті көмегімен шешіледі.
7.4.2 Curve Fitting Tool пакетін жүктеу үшін бұйрық жолда cfrool теріңіз. Шығыс сигналдың мәндерін пакет терезесіне көшіріңіз; нүктелердің орналасуына қарай аппроксимациялау полиномының түрін таңдаңыз.
Шығыс сигналдың мәндерін әртүрлі функциялармен жуықтаңыз: әртүрлі ретті полиномдарымен немесе кейбір таңдалынған теңдеулермен.
Өз теңдеуіңізді орнату үшін регрессиялар түрлерінің тізімінен Custom equations жолын таңдаңыз. Create Custom Equations терезесі пайда болады. Бұл терезенің екі беті бар. Бірінші Linear Equations бетінде коэффициенттер бойынша сызықты теңдеудің параметрлері орнатылады. Тәулділіктің өзі сызықты емес болуы мүмкін. Екінші General Equations бетінде регрессияның кезкелген сызықты емес теңдеуін орнатуға болады.
7.4.3 Қиыстыруды аяқтап, шығыс сигналды ең тиімді жуықтайтын функцияны таңдаңыз. Осы функцияның өрнегін жазыңыз (есептелген коэффициенттерлер мәндерімен).
7.4.4 Берілген құрылымдық параметрлерін (нұсқа бойынша) қолдана модельдің теңдеуін дифференциалды теңдеу түрінде жазыңыз.
7.4.5 Сәйкессіздік функционалының түрін жазыңыз: кіріс функциясы мен оның туындылары орнына кіріс сигнал мен оның туындыларының өрнектерін қойыңыз; шығыс функциясы мен оның туындылары орнына жуықтау барысында алынған өрнек пен оның сәйкес туындыларын қойыңыз.
7.4.6 Сәйкессіздік функционалдың барлық айнымалылары бойынша туындыларын нолге теңестіріп, моделдің коэффициенттерін анықтауға теңдеулер жүйесін алыңыз және оны сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің стандартты түріне түрлендіріңіз.
7.4.7 Алынған теңдеулер жүйесінің коэффициенттерін табыңыз (интегралдар мәндерін), жүйені стандартты түрге түрлендіріңіз.
7.4.8 Пайда болған теңдеулер жүйесін Matlab ортаның процедурасы көмегімен шешіңіз (бұйрық терезеде); стандартты түрдегі:
жүйе үшін шешім келесідей табылады:
Мұндағы А - сызықты алгебралық теңдеулер жүйесінің коэффициенттерінің матрицасы;
b – жүйенің оң жақтағы векторы;
x–белгісіздер векторы (моделдің параметрлері).
Алдын‑ала А (матрица) және b (тік жол векторы) массивтерін Matlab ортаның бұйрық терезесіне енгізу керек, сонымен бірге жүйенің шешім бар болатын шартын тексеру керек.
7.4.9 Параметрлердің табылған мәндерін қолданып, динамикалық моделдің ізделінген дифференциалды теңдеуін жазыңыз. Модельді беріліс функция түріне түрлендіріңіз.
7.4.10 7.4.1 тарауында іске асырылған диаграммаға моделдің блогын қосыңыз; оның кірісінеде орнатылған кіріс сигналды беріңіз; объект пен модельдің шығыстарын бір терезеге шығарыңыз (модель Transfer Function блогымен жасалады).
7.4.11 Нәтижелерін салыстырыңыз. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |