Қ. д-нің механикалық қасиеттері. Қ. д. мех. қасиеттері оның сыртқы мех. әсерлерге реакциясын сипаттайды: сығу, созу, бұрау, соққы, т.б. Қ. д. мех. қасиеттері оның құрылымдық бөлшектердің арасында әсер ететін байланыс күштерімен анықталады. Бұл күштердің әр түрлі болуы мех. қасиеттердің де әр түрлі болуына әкеледі: Қ. д-лердің бірі майысқыш болса, басқалары – морт келеді. Әдетте, металдар диэлектриктерге қарағанда майысуға икемді. Түсірілген күш шамасы азырақ болатын кездерде барлық денелерде кернеу мен деформация арасында сызықтық байланыс орнайды (Гук заңы). Кристалдардың беріктігі атомдар арасындағы байланыс күштеріне тәуелді болмайды.