Жылу берілудің үш түрі бар: жылуөткізгіштік,конвекция ж/е сәуле шығару.
1.Ішкі энергияның дененің қызған бөлігінен салқын бөлігіне тікелей немесе аралық денелер
арқылы берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. Заттардың агрегаттық күйлеріне қарай
(қатты,сұйық,газ тәрізді) жылуөткізгіштігі де түрліше болады,яғни ол зат молекулаларының өзара
орналасуына тәуелді.Жылуөткізгіштік заттардағы энергияның алмасу сипатына тәуелді және дене
бөлшектерінің орын ауыстыруына тәуелсіз болады.2.Конвекция дегеніміз сұйықтың немесе
газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі.Қатты
денелерде және вакуумде конвекция болмайды.3.Сәуле шығару (сәулелік жылу алмасу) деп
электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесін
айтамыз.Сәуле шығару энергиясының дененің ішкі энергиясына түрленуі жұтылу деп атайды.
Дене температурасы артқан сайын сәуле шығару қарқындылығы жоғары болады деген қорытынды
шығады.Дененің беті қара түсті болса, ол – жақсы сәуле шығарғыш және жақсы
жұтқыш.Энергияны жақсы жұтқыштар – сәулені жақсы шығарғыштар,ал сәулені нашар
жұтқыштар – энергияны нашар бөлетіндер.
Достарыңызбен бөлісу: |