7сынып. Табиғат құбылыстары


Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициентті ПӘК деп пайдалы



Pdf көрінісі
бет26/71
Дата30.05.2020
өлшемі1,35 Mb.
#71763
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
Байланысты:
7-11fizika teoria
7-11fizika teoria
Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициентті ПӘК деп пайдалы 

жұмыстың толық жұмысқа қатынасын айтады.  

                                                                  

                                                                  ἠ = 

𝑨

𝑨



 100%              ἠ = 

𝑵

𝑵



 100 % 

Машиналар мен механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенттері әрқашан 1- ден н/се 100% - дан 

кем болады. ПӘК-і   1- ге (100%) тең болатын мәңгі қозғалтқыштарды жасау мүмкін емес. 

Сондықтан   А

пай

  

<  А

тол

  болады. 

 

 

 



 

 

 



 

  

 

 

 

 



 

 

vk.com/entglobus_kz →   ҰБТ ЕНТ 2019/©EntGlobus




8 сынып 

 

1.Жылу құбылыстары. 

 

1.Еске саламын: Механика денелердің бір-біріне қатысты орнын анықтауға мүмкіндік береді. 

Механикалық құбылыстарды сипаттау үшін әр дененің 

координаталары,жылдамдығы,массасы,өзара әрекеттесу күштері және т.б. жеке-жеке 

қарастырылады.Механикалық құбылыстардан кейінгі ең елеулі және танымал құбылыстар – жылу 

құбылыстар. Олар, денелерді қыздырумен н/се суытумен, яғни олардың температурасын 

өзгертумен байланысты.Бұл процестер денелердің кейбір қасиеттерінің өзгеруіне әкеледі. 

Барлық денелер бір-бірімен тығыз емес, қандай да бір қашықтықта орналасқан заттың өте ұсақ 

бөлшектері болып табылатын атомдар мен молекулалардан тұрады. Атомдар мен молекулалар 

үздіксіз қозғалыста болады.Заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен тартылу және тебілу 

кұштері арқылы өзара әрекеттеседі.Заттың құрылысы мен қасиеттерін өзара байланыстыратын ең 

маңызды бөлімі болып табылатын молекулалық физиканың негізін құрайды.Молекулалық физика 

молекулалы-кинетикалық түсініктерден туындайды. 



2.Ішкі энергия: Әлемді құрайтын бөлшектердің көзге көрінбейтін жылулық қозғалысы ешқашан, 

ешбір жағдайда тоқтамайды. Денелерді құрайтын бөлшектердің ретсіз ( хаостық) қозғалысын 

жылулық қозғалыс деп атайды. Молекулалардың ретсіз қозғалысын зерттеу нәтижесінде 

броундық қозғалыс ашылды.Сұйықтардағы немесе газдардағы микроскопиялық бөлшектердің 

үздіксіз бейберекет қозғалысын броундық қозғалыс деп атайды.Броундық қозғалыстың себебі 

неде? Р. Броун жаратылыстану саласында маңызды құбылысты 1827жылы ашса да, оның не 

себептен болатынын түсіндіре алмады. Бұл құбылыстын дұрыстығын және толық теориясын 

толық түсіндіріп 1905-1906 жылдары А.Эйнштейн  мен  М. Смолуховский жасады. 

Броундық бөлшектер мен орта молекулаларының соқтығысы кезінде олардың бір-бірін теңгермеуі 

броундық қозғалыстың себебі болып табылады.Броундық бөлшек өзін қоршаған орта 

молекулаларымен соқтығысады. 

Зат бөлшектерінің ретсіз қозғалысының келесі бір салдары – диффузия құбылысы. Диффузия 

құбылысы газдармен қоса сұйықтарда да, қатты  денелерде де байқалады.Диффузия – бір заттың 

молекулалары немесе атомдарының екінші бір зат молекулалары немесе атомдарының арасына 

өтіп араласу құбылысы. 

Температура жылу құбылыстармен тығыз байланысты. Температура – дененің жылулық күйін 

сипаттайтын физикалық шама. Жылудың берілуі нәтижесінде екі дененің бір-бірімен жылу (жылу 

энергиясының) алмасуын байқаймыз.Жылу алмасу – екі дене жанасқанда жылу берілу жолымен 

жылу энергиясының қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту 

процесі.Жылуды қабылдайтын екінші денеге қарағанда жылу беретін дененің температурасы 

жоғары болады.Мұндай жүйенің көлемі,қысымы,температурасы сияқты параметрлерінде 

өзгерістер болуы мүмкін.Дененің температурасын термометрмен өлшейді.Температураны өлшеу 

үшін сынап,спирт сияқты термометрлік заттар қолданылады.Термометр – өзімен жылулық 

байланыста болатын дененің температурасын өлшеуге арналған құрал.Табиғаттағы ең төменгі 

шектік температура   -273,15

0

С –қа тең.Ол температураның абсолют нөлі деп аталады. Цельсий 



шкаласы бойынша алынған  t

0

(С) температура мен Кельвин шкаласы бойынша алынған 



термодинамикалық  Т

0

(К) абсолют температураның арасындағы байланыс: Т=( t + 273)К                          



t= (T – 273)

0

С. Абсолют температура молекулалардың жылулық қозғалысының орташа 



кинетикалық энергиясына тура пропорционал болады. Температура – газ молекулалары 

қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі.Температураның физикалық мәні 

осында. 

Газдың молекулалары мен атомдары үздіксіз ретсіз қозғалыста болады және олардың арасындағы 

өзара әрекеттесу күштерінің шамасы өте аз. Сондықтан газдардың ішкі энергиясы дегенде, 

негізінен, оның бөлшектерінің жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысын 

айтады.Сұйықтармен қатты денелердің молекулалары мен атомдары тербелмелі қозғалыс жасайды 

және өзара әрекеттеседі. Сондықтан сұйықтардың және қатты заттардың ішкі энергиясы деп дене 

бөлшектерінің кинетикалық әрі потенциалдық энергияларын деп түсінеміз. Дененің ішкі 

энергиясы деп денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының және өзара әрекеттесуінің 

энергиясын айтады.Дененің барлық молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық 

энергиясы мен өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысын дененің ішкі 

vk.com/entglobus_kz →   ҰБТ ЕНТ 2019/©EntGlobus






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет