Тарих пәні мұғалімдерінің зерттеу жұмыстары бойынша
ІІ-тоқсанда атқарған есебі
Мектепте «Lesson study» зерттеу сабағы оқушының оқуына, мұғалімнің кәсіби тәжірибесінің артуына ықпал ететін педагагогикалық тәсіл, яғни оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятып, білім сапасын арттыруда тиімді тәсіл екенімен танысқаннан кейін, рефлексивтік-практик ретінде осы зерттеу сабағын тәжірибеге енгізе бастап, оқушыларға тарих сабағын толық түсініп оқуындағы өзекті проблеманың шешуін табады екенбіз деген ойға келдік.
Осы орайда, тарих пәнінің мұғалімдері А.Ж.Жолтаева; Е.Б,Ибраев; А.Р.Жиенбаева; А.А.Имантусупова келісе отыра зерттеу тобын құрдық. Соған орай зерттеу тақырыбы: «Оқушылардың тарих сабағында мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және сабақ барысында SWOT талдауын қолдану» деп анықтадық. Зерттеу сабағын тәжірибеге енгізу барысында, біраз қиындықтар болды, тығырыққа тірелдік. Бірақ «қиын болды» деп ісімізді аяқсыз қалдырмадық. Қиындық туғызған проблеманы бірлесе, ақылдаса отырып шешуге тырыстық. Соның нәтижесінде өткізген зерттеу сабақтарымыз біршама нәтиже берді. Сабақтарды ұйымдастыруда Лессон Стади зерттеу сабағы бойынша нұсқаулықты және А. Әлімовтың «Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану» атты оқу құралын басшылыққа алдық.
Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;
Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал
ету.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін: L.S. зерттеу тобын құрдық: Зерттеу тобында тарих пәнінің мұғалімдері.
Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге әр пән мұғалімі өз сыныбын алды. Ибраев Е.Б. -8 «Б»; Имантусупова А.А. – 7 «В» сынып; Жолтаева А.Ж- 6 «А»; Жиенбаева А.Р. – 10 «А» сынып.
Келесі қадам – осы сыныптардағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта сабақтағы проблемаларын Lesson study бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды, яғни оқушылардың тарих сабағында мәтінмен жұмыс істеу дағдылары қалыптсапағаны анықталды.
Ал енді, неге біздер SWOT талдауын алдық дейтін болсақ: SWOT талдауы стратегиялық жоспарлау үрдісінде кеңінен қолданылуда. Жалпы, SWOT- талдау, сараптама дегеніміз, бұл негізінен кез келген тақырыпта туындайтын жағдайлардың күшті және әлсіз жақтарына, мүмкіндіктер мен қауіптерге жасалатын сараптаулар, олар көмекші кестелерді пайдалану арқылы жүргізіледі. Бұл проблемаға бағытталған талдау, проблемалар жиынтығын құруға, стратегиялық басқаруды жүзеге асыру үшін ақпараттарды қарастырып отырған тақырыптың күшті және әлсіз жақтарын толық алып қарастыруға мүмкіндік береді. Нақтырақ айтатын болсақ SWOT – талдау қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. Оған дәлел, пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу барысында көргеніміз.
№1 зерттеу сабағы А.Р.Жиенбаева: Сабақтың тақырыбы: «Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер» болды. Оқушыларға мәтін таратылды, тапсырма «SWOT – талдау» әдісі арқылы жұмыс жасау болды. Нәтижесінде, «А» деңгейіннің оқушылары – этногенез және этникалық процестердің күшті, әлсіз жақтары мен мүмкіндіктер мен қауіптерін нақты жауап беріп, мәтінмен жұмыста бұл әдісті толық пайдалана алды, ал «В» деңгейінің оқушысы – мәтінді оқып шыққанымен күшті, әлсіз жақтарын нақты анықтап шықса да, мүмкіндіктер мен қауіптерін нақты жауап беруде қиналды, себебі бұл тақырып бірнеше сағаттарға берілгенмен, бүгін 1 сағатын өтіп жатырмыз. Ал, «С» деңгейіннің оқушылары – мәтінмен таныса отырып күшті жақтарын анықтады, әлсіз жақтарын нақты анықтай алмады, дегенмен да, мүмкіндіктер мен қауіптерін анықтау барысында әлі де болса көмекті қажет ететіндіктері анықталды.
№2 зерттеу сабағы А.А.Имантусупова: Сабақтың тақырыбы: «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс». Оқушыларға тақырыпқа сай SWOT талдауын орындау үшін мәтін таратылып берілді. Нәтижесінде «А» деңгейіндегі оқушылар SWOT талдауының барлық ұяшықтарын толтырды, Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық көтерілістің күшті, әлсіз жақтарын, сондай-ақ олардың мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтады, «В» деңгейінің оқушыларында мәтінмен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқаны байқалды, яғни көтеріліс барысындағы Сырым Датұлы мен оның жақтастарының күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктерін ашып айтқанымен, көтеріліс барысындағы қауіптерді анықтауда қиындық тудырғаны анықталды, «С» деңгейіндегі кейбір оқушыларда әлі де болса мәтінмен жұмыс жасауы, мәтін ішінен нақты мәліметті алып шығуы қиындық туындатып отыр.
№ 3 зерттеу сабағы А.Ж.Жолтаева : Сабақтың тақырыбы: «Халықаралық байланыстардың дамуындағы Ұлы Жібек жолының рөлі». Сыныпта оқушыларды деңгей бөйынша анықтап бөліп алынды. Бүгінгі күннің тақырыбына сай мәтін таратылды. Мақсат: «SWOT әдісі» бойынша талдау жасау. Нәтижесінде «А» деңгейіндегі оқушылар «Ұлы жібек жолы роліне» байланысыты SWOT талдауының барлық 4 бөлігін толтырып, мәтінмен еш қиындықсыз жұмыс жасай алатындықтары көрінді. «В» деңгейіндегі оқушылар мәтінмен жұмыс жасау барысында,күшті және әлсіз жақтарын түсініп жақсы толтырды ал мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер жақтарын толық түсіне алмағандары байқалды. Ал «С» деңгейіндегі оқушылардың мәтіннен тек күшті жақтарын яғни Ұлы Жібек жолының пайда болу және таралу тарихын ғана түсінгені көрінді. Әлсіз және мүмкіндіктер мен қауіптерін анықтай алмады. Жалпы осы мәтін бойынша ғана емес,басқа да тақырыптарды өту барысында бұл әдісті қолданғанда оқушылардың сабаққа қызығушылықтары байқалды. Қорытындылай келе, ІІІ тоқсанда әлі де осы әдіс бойынша жұмыстар жүргізіліп, зерттеуге бағытталаған әдіс-тәсілдердің қолдану аясын кеңейте түсу керек екені анықталды.
№ 4 зерттеу сабағы Е.Б.Ибраев : Сабақтың тақырыбы: «Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы. Тақырыпқа байланысты ақпараттар интернет ресурстарында да өте көп жинақталған. Дегенмен, оқушыларға тақырыпқа сай мәтін таратылып берілді. Мақсаты: берілген тақырыпты осы мәтінді оқи отыра, SWOT талдау арқылы талқылап шығу. Бірнеше сағатқа берілгендіктен, оқушылардың көрсеткіші де жақсы бола бастады. Нәтижесінде «А» деңгейіндегі оқушылар SWOT талдауының төрт позициясында толтырды. Берілген тапсырманы жеңіл, әрі тез орындап шықты. Қазақ (Қырғыз) АКСР- нің күшті, әлсіз жақтарын, сондай-ақ олардың мүмкіндіктері мен қауіптерін анықтап, қорытынды жасай алды. «В» деңгейінің оқушыларында мәтінмен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқаны байқалды, күшті және әлсіз жақтарын, Ұлы жібек жолының ролін анықтаудағы қауіптерді ашып айтқанымен, мүмкіндіктерін анықтауда қиындық тудырғаны анықталды, «С» деңгейіндегі кейбір оқушыларда әлі де болса мәтінмен жұмыс жасауы, мәтін ішінен нақты мәліметті алып шығуы қиындық туындатып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |