№8 – ДӘріс тақырыбы: электростатика
бет 1/7 Дата 01.01.2022 өлшемі 269,07 Kb. #107512
Байланысты:
Электростатика №12 Дәріс Дәріс жоспары: 1.Электр зарядтарының өзара әсерлесуі және сақталу заңы. 2. Электрстатикалық өріс. 3. Электрстатикалық өрістің сипаттамалары мен кернеулігі. 4. Суперпозиция принципі. 5. Кернеулік векторының ағыны. 6. Гаусс теоремасы. Электр заряды – денелердің немесе бөлшектердің электромагниттік әрекеттесу қабілетін сипаттайтын физикалық шама. Электр заряды – денелердің немесе бөлшектердің электромагниттік әрекеттесу қабілетін сипаттайтын физикалық шама. Элементар заряд шамасы электронның зарядына тең кішкентай оң немесе тең заряд (e = 1,6∙10-19Кл). Электр зарядтарының қасиеттері: Электр зарядының екі түрі бар, оң және теріс. Аттас зарядтар бір-бірінен тебіледі , әр аттас зарядтар бір-біріне тартылады. Электр заряды инвариантты , яғни санақ жүйесінен тәуелсіз. Электр заряды дискретті , яғни кез келген дененің немесе элементар бөлшектің заряды элементар зарядқа бүтін еселі болады. Электр заряды аддитивті , яғни денелердің (бөлшектердің) кез келген тұйық жүйесінің заряды осы жүйеге кіретін бөлшектердің зарядтарының алгебралық қосындысымен анықталады. Достарыңызбен бөлісу: