ІІІ деңгей
1. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы бойыншы сұрақтарға жауап беріңііздер:
2. «Екі аққу» (тізбек бойынша аққуларға сипаттама беріңіздер.)
Тізбек:
А) Екі аққудың кездесуі.
В) Кездескенде екі аққу қайтті? ( Мәтіннен тауып оқу)
С) Бұл бөлімде ақын нені жырлады?
Мұхтар Әуезов «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесі
ІІІ деңгей
1. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеудің тірек сөздерін жазыңыздар, оларды тірек сызбаларыңда, өз жауаптарыңда пайдаланыңыздар.
Мұхтар Әуезов
2. «Татьянаның қырдағы әні» әңгімесіндегі Абай портретін суреттеңіздер.
ІІ деңгей
1. Кестені толтырыңыздар.
Кейіпкерлер
|
Сипаттау
|
Кәкітай
|
|
Әйгерім
|
|
2. Сөздердің синонимін жазыңыздар.
думан- қонақ-
туысқан- өтіну-
дауыс- тірлік-
ғажап-
І деңгей
1. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
1) Абайдың бақытты кезі?
2) Абай кімнің шығармаларына көп үңіледі?
3) Абайдың таңдана оқыған шығармасы?
4) Абайдың көз алдына келетін екі жан кімдер?
5) Татьянаның әнін оқып жатқан жастарға жеткізуші кім?
6) Абайға қайран болған, алғыс айтқан жан кім?
7) Қалың думан болған ауыл қалай аталады?
8) Әйгерім қандай ән шырқады?
Ғабит Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі.
ІІІ деңгей
1. Әңгіме мазмұны бойынша кесте толтырыңыздар.
Әңгіме кейіпкерлері
|
Портреті
|
Мінезі мен іс-әрекеті
|
|
|
|
2. Сөйлемдерді жауаптармен толықтырыңыздар:
1) Ғ. Мүсіреповтің ана тақырыбына жазған әңгімелер:
2) Ол М.Горькийдің ........... ...................... атты шығармаларын аударды.
3) Ғ. Мүсіреповтің еңбек еткен жанрлары:
ІІ деңгей
1. Өз таңдауларың бойынша Ғ. Мүсіреповтің өмірі туралы сұрақтар жүйесін құрастырыңыздар.
2. «Ананың анасы» әңгімесінің желісі бойынша кестені толтырыңыз.
Шығарманың аты:
Кейіпкерлері:
Ұнаған эпизод:
(Шығарманың аты: «Ананың анасы» әңгімесі
Кейіпкерлері: Ана, жалпақ балуан, Кейкі, Әйтілес, Рамазан
Ұнаған эпизод: Қызын арашалай алмаған жылқышының мерт болуы, ананың барымташылардың алдын орап алуы, тоқтатуы.)
І деңгей
1. а) Ана туралы мақал-мәтел жазыңыздар.
ә) Анаңның жақсы көргенде айтатын сөздерін есіңе түсіріңіздер.
Ғ.Мүсірепов «Өлімді жеңген ана» әңгімесі
ІІІ деңгей
1. Ақсақ Темірдің бейнесін суреттеген жерді тауып, дәптерлеріңе жазып алыңыздар.
2. «Темір хан» мен «Әйелге» ассоциация жасаңыздар.
өлім себеді
баласын сүйеді батыл ержүрек
қатыгез
жауыз кекшіл
өзімшіл
өмір себеді ана
қорықпайды
ІІ деңгей
Әңгіменің «Өлімді женген ана» деп аталудың себебін атаңыздар.
Новелла дегеніміз не? Ғабит Мүсіреповтың новелла жататын туындыларын атаңыздар.
ІІІ деңгей
1. Ақсақ Темір мен ананың диалогын тауып, рөлге салып көріңіздер.
Мұқағали Мақатаев «Өмір сүрейік алмасып» өлеңі
ІІІ деңгей
Мұқағали Мақатевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты хронологиялық кесте жасаңыздар.
Топтастыру әдісі арқылы «Мұқағали кім?» деген сұраққа жауап беріңіздер.
Қайталанбас ақын Лирик ақын
Аудармашы
Сыршыл ақын
ІІ деңгей
Мұқағали Мақатаевтың «Өмір сүрейіқ алмасып» өлеңі не туралы айтылғаныдығы туралы айтыңыздар?
Бұл дүниеде біз нені қорғауымыз керек? Не себепті?
І деңгей
1. Сыныпта Мұқағалидың «Өмір сүрейік алмасып» орындап көріңіздер.
Қадыр Мырзалиев «Қазақтарды шетелдің қонақтарға таныстыру» өлеңі
ІІІ деңгей
1. Қадыр Мырзалиевтың өмірбаянымен таныса отырып, төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1) Қ.Мырзалиев қашан және қайда дүниеге келді?
2) Ақын өлеңдерінің негізгі тақырыбы қандай болды?
3) Қ.Мырзалиевтың қандай өлеңдерін білесіздер?
2. Топтастыру стратегиясы арқылы төменде берілген кестені толықтырыңыздар.
ІІ деңгей
1. Қадыр Мырзалиев өзі жайлы қандай естелік айтады?
2. Ақынның «Қазақтарды шетелдің қонақтарға таныстыру» атты өлең жолдарынан қазаққа тән қасиеттерді теріп жазыңыздар.
І деңгей
1. Өлең негізінде диалог құрастырыңыздар.
Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдері
ІІІ деңгей
1. Олжас Сүлейменовтің өмірбаянымен танысып, қысқаша ауызша айтып шығыңыздар.
2. Олжас Сүлейменовтің тарихтағы орнын атаңыздар.
ІІ деңгей
1. Олжас Сүлейменовтың «Арғымақ», «Қыз қуу» өлеңдеріндегі қазақ халқына тән қандай белгілері бар екендігін атап шығыңыздар.
2. «Қыз қуу» өлеңінен қыздың сөзін тауып жазып алыңыздар және жігіттің бейнесін көрсетіңіздер. «Дүлдүл», «Бұлбұл» сөздерінің мағынасын түсіндіріңіздер.
Бұлбұл
Бұл құс атауы. Бұл жерде жігітті құстай ұшқан ,тез, шапшаң қозғалатын адам бейнесі.
Дүлдүл
Бұл өлеңде ділмәр, шешен, батыл, батыр жігітке теңеп отыр.
І деңгей
1. Жылқы малы қатысқан мақал-мәтелдерді теріп жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |