8- сынып оқыту тілі : қазақ тілі Пәні: Қазақ тілі І кезең



Дата30.10.2019
өлшемі19,99 Kb.
#50816
8- сынып

оқыту тілі : қазақ тілі

Пәні: ҚАЗАҚ ТІЛІ

І кезең

1.Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын жерді тап


А) Көңіл кірлесе, сол жаман.В) Үңгір іші қараңғылана түсті.
С) Сондағы оқитыным Некрасовтың өлеңдері.Д) Даланы өрлей жүрген ақын Абай әнге салды.
Е) Ұстазың үйде ұйықтап жатыр.
2. Сызықшаның қойылу себебін анықта.
Бұл – үлкен бақыт. А) Жіктеу есімдік – зат есім.В) Есімдік – сын есім.С) Сілтеу есімдігі – зат есім.
Д) Есім – етістік.Е) Зат есім – зат есім
3/ Бұйрықты сөйлем қандай мағынада қолданылады.
А) талап етуВ) сұрауС) хабарлауД) жалынышЕ) көңіл күй білдіру
4/ Сөйлемдерден омоним сөздерді тап
А) Аш жүру – денсаулыққа зиян. Қарның ашты ма?В) Диктантты сауатты жаз. Жаз ерте шықты.
С) Жұмыс істейді. Мен жұмысымды бітірдім.Д) Жазда Ыстықкөлге барамын. Маған жаз айы ұнайды.
Е) Қаладағы тіршілік қызық екен.
5/ Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз. 
A) Білімді қыз. B) Білім алу. C) Ойлы адам. D) Ол келді. E) Сабақ кестесі. 
6/ Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз. 
A) Осының бәрі рас. B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі. 
C) Адамнан мықты не бар екен. D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады. E) Оралым менің, Оралым. 
7/-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз. 
A) Хабарлы сөйлем. B) Бұйрықты сөйлем. C) Лепті сөйлем. D) Жай сөйлем. E) Сұраулы сөйлем. 
8/ Жай сөйлемнің қай түрі Қаңтар, 1917 жыл.
А) атаулыВ) жалаңС) жақсызД) жақтыЕ) жайылма
9/ «Тілден артық қазына жоқ ,

Тілден артық қасиет жоқ» сөздерінің авторын табыңыз.

А) А.Жұбанов. В) Н.Назарбаев. С) Б.Момышұлы. Д) С.Торайғыров. Е) Ә.Тәжібаев.



10/ Тек қатаң дауыссыз дыбыстан басталатын септік жалғауларын көрсетіңіз.

А)–мен,-пен,-ын В)–ты, -ті, -ды, -ді С)–на, -не, -де

Д)–тар, -тер, -лар, -лер Е)–пен, -қа, -ке,-та

11/ Сын есімнің салыстырмалы шырайын анықтаңыз.

А) Ауылдық. В) Ауыспалы. С) Әдемілеу. Д) Күзгі. Е) Тәжірибесіз.



12 Сан есімге керекті тыныс белгісін анықтаңыз.

Атам 70 тен асты.

А) Нүкте. В) Қос нүкте. С) Дефис. Д) Жақша. Е) Үтір.

13/ Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

А) Өмірді сүйген-өмірден орын табады. В) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді. С) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады. Д) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болды. Е) Тәрбие тілден басталады.



14/ Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Кәсіпкерлік жылдам дамыды.

А) Салалас. В) Сабақтас. С) Атаулы. Д) Жақсыз. Е) Жақты.



15/ Күрделі нақ осы шақ бар сөйлемді анықтаңыз.

А) Биыл көктем кеш келді. В) Қар еріп жатыр. С) Өзендерде мұз еріді. Д) Өзен, көлдерден сең кетті. Е) Бүгін ауа – райы жақсы болды.



16/ Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

А) Зат есім. В) Одағай. С) Есімдік. Д) Үстеу. Е) Етістік.



17/ Сөйлемде берілген шылаудың түрін көрсетіңіз.

Кітапта Жанкелдіқызы Ұлбике мен Көшерұлы Күдерінің айтыстарына орын берілген.

А) Демеулік. В) Талғаулық. С) Септеулік. Д) Жалғаулық. Е) Шарттық.

18/«Бетінен оты шығу» фразеологизмінің синонимін табыңыз.

А) Тез. В) Қорқақ . С) Ұялу. Д) Жылдам. Е) Жоғалу.



19/ Одағай сөздердің қатарын табыңыз.

А) Сірә, жалпы айтқанда. В) Менің ойымша, біріншіден. С) Қарағым-ау, Мұратжан, әкешім.

Д) Бәрекелді, мәссаған, япырмай. Е) Шынымды айтсам, байқауымша.

20/. Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

А) Жазғы демалыста Раушан ауылда болды. В) Раушан жазғы демалыста ауылда болды.

С) Жазғы демалыста Раушан ауылда өткізді. Д) Жазғы демалыста Раушан ауылға барады.

Е) Жазғы демалыста, Раушан, қайда барасың?



21/. Сөйлемнің соңындағы сын есім сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.

А) Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. Д) Пысықтауыш. Е) Толықтауыш.

22/ Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

A) Ертең кел. B) Алты - жұп сан.

C) Ештен кеш жақсы. D) Ол - әкем. E) Менің әжем - дана адам.

23/ Сілтеу есімдігін табыңыз.



  1. Мынау.B) Біреу.C) Ештеңе.D) Күллі.E) Менен.

24«Тіл құрал» оқулығының авторын белгілеңіз.

А) Л.Хамиди. В) Ш.Уәлиханов. С) А.Байтұрсынов. Д) С.Сейфуллин. Е) Ж.Аймаутов.



25/. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңындағы тарау санын анықтаңыз.

А) Төрт. В) Бес. С) Алты. Д) Он. Е) Үш.




ІІ кезең

1/ Өзіңе ұнайтын ақын – жазушылардың шығармасын мәнерлеп, жатқа айту

2/ эссе жазу.Тақырыптары :

а/ Тіл -ел байлығы

ә/ Абай –ұлы тұлға

3/ Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

Білмегенді сұрап алу-ұят емес.

Жарлы болсаң да, арлы бол.

Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез.

Әбішті кім орысша оқытып жүргенін Ұлжан айтып берді.


Білмегенді сұрап алу-ұят емес/ 
Білмеген-толықтауыш, сұрап алу- бастауыш,ұят емес-баяндауыш/

Жарлы болсаң да, арлы бол./ жарлы-бастауыш, болсаң да –баяндауыш, арлы-бастауыш, бол-баяндауыш/



Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез./білімдіден-толықтауыш,шыққан-анықтауыш, сөз-бастауыш, талаптыға- толықтауыш, болсые кез- баяндауыш/

Әбішті кім орысша оқытып жүргенін Ұлжан айтып берді. Әбішті кім орысша оқытып жүргенін-толықтауыш, Ұлжан- бастауыш, айтып берді-баяндауыш/

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет