Қуандық Түменбай шығармаларындағы ұлттық рух және оны сыныптан
тыс оқыту
Мазмұны:
Кіріспе...............................................................................................................8
1 Қ.Түменбайдың шығармаларындағы ұлттық рух ...........................12
2. Қ.Түмебай әңгімелеріндегі реализм мен символизм.........................41
3. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқытудың әдіс
-тәсілдері және Қ.Түменбайдың «Қобыздың мұңы»
шығармасын сыныптан тыс оқыту.........................................................54
Қорытынды...................................................................................................70
Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................72
Кіріспе
Қазақстан Республикасы дербес ел атанып, тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүре бастаған сәттен халқымыздың ұлттық сана-сезімі, отаншылдық рухы дүр сілкінді. Халқымыздың өзін-өзі тануы жаңаша көзқарастармен толығып, байи түсті. Қазіргі қазақ прозасында халық тарихының аса бір елеулі кезеңдері, дара тұлғалары уақыт шындығының мол деректерін негізге алып жазылды. Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық соғыстарға, отарлық езгіге, қолдан ұйымдастырылған ашаршылықтарға, босқыншылықтарға, саяси қуғын-сүргіндерге, тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да осы күнге дейін ұлттық бірегей қасиеттерін сақтап, тілін, ділін бұзбағаны халқымыздың тарихи, әдеби шығармаларында көркем шындықпен бейнеленуі аса зәру мәселе екендігі айқын сезіліп келді. Осы мәселеге қатысты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен өз халқымның көнбеске көніп, шыдамасқа шыдай білетін төзімділігіне қайран қаламын. Мәңгіліктің қатыгез басқыны біржолата шайып әкететіндей талай қилы кезең тұсында қиналса да аман қалыпты. Қазақтар талай жерде тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге құштарлық, азаттыққа құштарлық қайтадан жығылған еңсені көтеріп, тәуекелге бел буғызды» [1, 268-269-бб.].
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Халықтың бірлігі – ынтымағы жарасып, біртұтастық, туыстықтың шынайы үлгісін көрсете біліп, өзінде барын ұқсатып, өзгеге бағалата, таныта білсе ғана тарихтан өшпесі, мықтап орнын сайлап алары анық. Осыларды біріктіретін қуатты күш – ол ұлттық рухқа тәуелді. «Қабырғалы халқы болмаса, қандай басшының да тауы шағылмай, тауаны қайтпай қоймайды» [2, 143-б.], – деп Елбасымыз Н. Назарбаев «қабырғалы халықты» берік қалыптастыратын ұлттық рухсыз ешкім ешнәрсені түбегейлі шеше алмайтынын, ұлы мұратқа жетпейтінін еске салады. Сол ұлттық рухтың уызын жас ұрпақтың бойына ғасырлар сынынан өткен бай салт-сана, әдет-ғұрпымыз, ән-күй, телегей-теңіз ауыз әдебиеті, жазба әдебиетіміз сіңірері, дарытары әлмисақтан аян. Сондай-ақ Елбасымыз: «Тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихи жолын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлануы керек. Бұл – әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінген. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кеңбайтақ жердің ылайықты мұрагері бола білуге ұмтылсын деген сөз» [2, 27 б.], – деп сонау коммунистік империя күйреп, одақтас республикалар қалай беттерін білмей теңселіп тұрған елең-алаң шақта көрегендік танытты. Кеше кім болғанымызды, бүгініміз қандай күйге тап қылғанын, енді шапшаң ес жинап, Алла мына ата-бабамыз қалдырған осындай кеңбайтақ, асты-үсті байлыққа толы құтты жерімізді қайта мұрагеріне сыйлағанда мүлт кетпеуге шақырды. Тарих ырғалып-жырғалуды, қиындықтан қорқып, кешеуілдетуді кешпейді. Сондықтан, өткенге салауат, қабырғалы халық енді тарих тасқынының астында қалмай, ел тізгіні берік өз қолына тигенде тұлпардай қайта түлеп, «ертең кім болатынымыздың» қамын жеуіміз керек. Ұлан-байтақ жер, материалдық байлықтың сол халыққа түпкілікті, мәңгі бұйыруы, ата-бабамыздың өсиетіне адал болудың ізгі жолынан айнымауға жеткізетін құдіретті күшті мойындауға, жүрекке сіңіруге байланысты. Ол – ата-бабаларымыздан бізге жеткен ғибратты тағлымы, мәдени құндылықтары, тарихтан сүзіліп жеткен салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрі, демек, ұлттық рухы. Ұлттық рух сөзінің ауқымы өте кең. Ол адамдардың нақты ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесі, дүниетанымы, бір-біріне ілтипаты, салт-дәстүрі, ән-күй, ойын-сауығы, ең ақыры, өзін қоршаған ортаға қарым-қатынасынан да сол ұлттық рухтың мазмұн, мәнін, құнарын аңдаймыз. Асылы, қазақтың өз ішіндегі патриоты болдырудың төте жолы – көркем шығармаларды оқыта отырып, ондағы ұлттық рухтың бейнеленуіне көңіл аудартып, кейіпкерлер бойындағы озық ұлттық қасиеттерді оқырманның бойына сіңіру, дарыту. Туған халқының өткенін, бүгінгісін де жетік білетін, қазақтың бойында тұнып тұрған кейіпкерлер галереясын жасаған жазушылар, шүкір, бар. Солардың қатарына аса талантты, барынша ұлтжанды көрнекті қазақ сөз зергері Қ.Түменбайды жатқызуға болады. Ұлттық рух қамтитын қай сала болмасын оның туындыларында мол ұшырасады. Ұлттық әдебиетіміздің алдында тұрған ең басты мәселе сол империялық пиғылды жоққа шығарып, «табанына таптаған», бірақ ата-бабаларымыздың бойына құт, жолына нұр, алысқанда аруағын асырар сарқылмас күш қарапайым тірлікте абыройын асқақтатқан халық руханиятының бастауларын біз осы Қ.Түменбай шығармашылығынан танып біле аламыз. Әрине, мұнан біз Қ.Түменбайды басқа қазақ жазушыларынан жоғары қойып, дәріптегелі отырғамыз жоқ. Халыққа мәшһүр қаламгерлеріміздің кез-келгені ұлттық рухты өз шама-шарқынша бейнелеп, жұртының ыстық ықыласына бөленгенінен де хабардармыз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ұлттық әдебиет болғаннан кейін оның ең басты объектісі, мұраты ұлттық характерді жасауға саяды. Ал, өз кезегінде ұлттық характер ұлттық рух негізінде тұғырына берік орнықпақ. Олай болса әдебиеттану, әдебиет тарихына қатысты зерттеу еңбектерінде олардың үлесіне аз сыбаға тимесі ақиқат. Кейінгі кезде Д.Қ. Неталиева «Д. Исабеков повестеріндегі ұлттық мінез сипаттары», Қ.М.Уразбаев «Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық дәстүрлер көрінісі» деген тақырыптарға зерттеу жүргізіп, ұлттық рухтың жекелеген салаларын жазушыларымыз шығармаларында қалай кейіпкерлер образы арқылы ашқанын саралап берді.
Қ.Түменбай ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері қарымды қаламгер ретінде қазақ әдебиетіне қалтқысыз қызмет етіп келеді деуге болады. Көркем прозаның майталман шеберлерінің біріне айналған жазушы. Қазақ әңгімесінің бүгінгі жеткен биігінде оның да алар орны ерекше. Әсіресе, оның туған жер, ұлттық рух, қазақы мінез-құлық тақырыбындағы қалам тербеген әңгімелері, хикаяттары, бүгінгі замандас өмірін бейнелеген туындылары – әдебиетіміздің қымбат қазынасына қосылған елеулі үлес болып табылып, жазушының әдебиеттегі орнын одан сайын биіктете түседі.
Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Қ.Түменбай әңгімелері мен хикаяттарының алтын арқауы.
Қ.Түменбай әрбір шығармасынан маңызды оқиғалар, қызғылықты характерлер ғана табылып қоймай, тіліміздің жаңа қырлары, мол мүмкіншіліктері таныла түседі. Оның шығармаларында қазақ халқының тарихы, мәдениеті, тұрмыс-салты және өнері мейлінше кеңінен қамтылған.
Оның шығармаларының сан қыры, стильдік жағынан өзіне ғана тән ерекшеліктері, характер сомдауы, оқиға іріктеу, оны құру шеберліктері, өмір шындығынан көркемдік шындық жасау ұсталығы, тіл байлығы т.б. жайында көптеп айтуға болады.
Жазушы қазірде көптеген хикаяттардың, жүзден аса әңгімелер мен бір романның авторы. Қазақ әдебиетінде қаламгерлік қолтаңбасы қалыптасып, бекіген заман ағымынан ілгерілеу жолындағы ел азаматы.
Қ.Түменбайдың көптеген әңгіме, повестері туралы жекелеген мақалалар түрінде баспасөз беттерінде жарық көргенімен, мүлде дерлік әдебиет сынының назарына ілінбей келеді. Жазушының шығармашылық жолы мен суреткерлік көкжиегін танытуда оның еңбектердің қай-қайсысына болмасын бағалы пікірлер айтуға болады. Біз бұл еңбегімізде Қ.Түменбай шығармаларына жүйелі талдау жасауды көздеп отырмыз. Бұл бүгінгі өскелең қазақ әдебиеттану ғылымы үшін зор үлес болмақ.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты белгілі жазушы Қ.Түменбай әңгімелері мен хикаяттарына жүйелі талдаулар жасап, оның еңбектерінің қазақ әдебиетіндегі алатын орны мен ролін анықтау болып табылады. Осы ретте алдымызға мынадай мәселелерді міндет етіп қойдық:
Қ.Түменбайдың ұлттық рухта жазылған әңгімелері мен хикаяттарына жүйелі талдау жасау;
Жазушы Қ.Түменбай шығармаларының идеялық-көркемдік мәнін ашу, образдар табиғатын талдаумен қатар, оның суреткерлік ерекшеліктеріне терең үңілу;
Қ.Түменбайдың символизм мәнінде жазылған шығармаларына сипаттама беру;
Жазушы шығармаларының орта мектепте сыныптан тыс өтудің әдіс-тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
Дипломдық жұмыста Қ.Түменбай әңгімелері мен хикаяттарына жаңаша талдау жасалынды;
Жазушы шығармаларының идеялық көркемдік мәні ашылды;
Қ.Түменбай әңгімелерін орта мектепте оқытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері қарастырылды.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыста жүйелі-кешенді, типологиялық, салыстырмалы-тарихи, тарихи-әдеби, объективті талдау, жинақтау әдіс-тәсілдері пайдаланылды.
Зерттеу нысанасы. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Түменбайдың "Қайың сапты кетпен", "Жүрдек поезд", "Каникулды күткен қыз", "Жігіттің Көктөбесі", "Қанаты күйген қызғыш құс", "Сотталған домбыра", "Біздің үйдің солдаттары", "Тұңғиық", "Тіршілік планетасының тентектері", "Қой мен қойшы" (2004), "Ар мен дар" (2005), «Қобыз мұңы» (2008), «Өлілер мен тірілер» (2011), «Төрт амал тіршілік» (2012) кітаптары және белгілі ғалымдардың қазіргі қазақ әдебиеті жайлы зерттеулері, диссертациялық жұмыстары мен баспа бетінен жарық көрген ғылыми мақалалары пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негіздерін отандық және алыс-жақын шетел ғалымдарының сын, зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары құрайды. Сонымен қатар зерттеу жұмысының барысында қазақ әдебиеті тарихы, әдебиет теориясы және әдеби сын саласындағы ғылыми еңбектер басшылыққа алынды. Осы саладағы М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Қаратаев, Е. Ысмаилов, Қ. Жұмалиев, Т. Нұртазин, А. Нұрқатов, З. Ахметов, З. Қабдолов, Т. Кәкішұлы, Р. Бердібаев, Р. Нұрғали, С. Қасқабасов, Ш. Елеукенов, М. Дүйсенов, Ы. Дүйсенбаев, Қ. Сыдиықұлы, Ж. Ысмағұлов, Ж. Дәдебаев, Қ. Әбдезұлы, Ж. Тілепов, З. Бисенғали, Б. Майтанов, М. Жармұхамедов, Ә. Нарымбетов, Д. Ысқақұлы, Қ. Ергөбек, Б. Әзібаева, А. Сейдімбек, Б. Мамыраев, Т. Есембеков, Б. Әбдіғазиев, А. Еспембетов, С. Негимов, Р. Тұрысбек, С. Дәуітов, Т. Тебегенов, С. Қорабай сынды зерттеуші-ғалымдардың еңбектері жұмысқа теориялық және әдіснамалық негіз ретінде қолданылды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдары мен қорытындыларын арнаулы орта мектептерде, жоғары оқу орындарындағы филология, «Қазақ әдебиеті» пәні мен арнаулы және таңдау курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Қ.Түменбайдың шығармаларындағы ұлттық рух
Ұлттық рух ұрпақтан-ұрпаққа бейсаналық түрде жеткізіліп, ұлт өкілдерінің мінез-құлқы мен дүниеге көзқарасында, өмір салты мен әдетінде, дәстүрі мен салтында, философиясы мен ғылымында, мәдениетінде, өнері мен музыкасында, жалпы рухани болмысында көрініс табады. Ұлт республикасы, ұлттың Отаны, ұлттық мекен, ұлттық шаруашылық, ұлттық тағам, ұлттық кәсіп, ұлттық шекара, ұлттық өнер, ұлттық әдебиет, ұлттық ойын-сауық, ұлттық мінез, ұлттық киім, ұлттық психология, ұлттық педагогика, ұлттық сана, ұлттық әдет-ғұрып, ұлттық дәстүр, ұлттық наным-сенім, ұлттық таным, ұлттық ем-дом т.т. Міне, осылардың бәрі жазушы шығармасында кейіпкер бейнесін кестелеуде ұлттық рухтың басты салалары, халықтық қасиеттері саналмақ. Соларды шындыққа қылау түсірмей бейнелеу – ұлтжанды жазушының адамгершілік, перзенттік парызы.
Көптің жырына айналған, халықтың мұңы сөз болған Елбасымыздың соңғы жолдауы біраз жәйттің басын ашып берді. Қоғамдағы даулы мәселенің бірі ұлттық интеллигенция турасында ой өрбітіліп, тігісі сөгітілуіне өзіндік септігін тигізді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында: «Рухани дамуға әрқашанда ұлттық интеллигенция ие» – деген болатын. Болмыстың бір арнасы материалдық болса, екінші арнасы – рух. Философ, академик Д. Кішібеков рухтың ұлт тағдырындағы орнын былайша түйіндейді: «Рух – халықтың материалдық, күнделікті өмір тәшпұшынан тыс, әрі жоғары тұрған жан-дүниесі, оның бет-бейнесінен көрінетін биік еңсесі, мәртебесі мен жігері. Оның негізі – өткен тарихы, салт-санасы, жыр-дастандары, жазба әдебиеті, ата-бабалардың өнегелі, ерлік істері мен айтқан даналық нақыл сөздері, қиындықтарда желеп-жебеп жүретін аруақтары, сарқылмас күші, мұғалмас қаруы. Оны қорғайтын, қайрап-суыратын халықтың ізгі армандарына суарылған жалынды ұрандық сөздер мен биік мақсат-мұраттар. Қазақ халқының мерейі үстем, пейілі кең, дастарханы мол, маңдайы жарқын, мақсат-бағдары жоғары ата-бабаларының өсиетіне берік. Осыдан келіп оның рухани бейнесі сомдалады» [3, 167-б.], – деп қазақтың ұлттық рухы, қазақтың кейіпкер бойында қандай қасиеттерден нәр алуын санамалап береді.
Ұлттық рухани құндылық, рухани байлыққа әр халықтың тілі, діні, ділі, адамгершілік қасиеттері, ұлттық салт-дәстүрі, өнері, әдебиеті мен мәдениеті жатады. Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» [4, 118-б.], – деген сөзі ұрпаққа біліммен қоса адамгершілік тәрбиесі қатар берілу керектігін ұғындырады.
Соңғы жиырма жыл ішінде қазақ қоғамында болып жатқан түбегейлі өзгерістер әлеуметтік рухани өмірімізді жаңа белеске шығарды. Кеңес кезіндегі саяси шектеуден, социалистік реализм құрсауынан босаған қазақ көркем сөзі алғашында абдырап қалғаны рас. Мұның өзі қоғамда «қазақ әдебиеті тоқырауға ұшырады, бүгінгі заманның жедел даму қарқынына ілесе алмай қалды» деген пікірлер тудырды. Алайда көркем өнер тез күш жинап, уақыт көшінен қалмай, жемісті ізденістерге батыл кіріскенін зерттеу нәтижелері көрсетіп отыр. Ұшқыр да оңтайлы жанр – поэзияны былай қойғанда, шығармашылық толғанысы ұзаққа кететін проза жанры ширақ қимылдап, жаңа заман биігінен қарап жазылған бірқатар үлкенді-кішілі шығармалар жаңа тақырып, тың сюжеттерді алып келді.
Қазіргі қазақ прозасының көркемдік көкжиегі кеңейіп, шағын жанр әңгіме мен повесть жанрының болсын шығармашылық объектілері көбейді. Қазіргі қазақ әдебиетімізде көптеген хикаяттар мен әңгімелерді дүниеге әкеліп, қазақ әдебиетінің көрігін қыздырып жүрген осындай жазушылардың бірі – Қ.Түменбай. Рухани даму, жетілу жолындағы сара жолымызда өз шығармашылығымен қоғамда өзіндік орны бар қаламгеріміз. Оны шығармашылық еңбегі арқылы халықтың тарихи зердесіне барлау жасай отырып, оның ұлттық сана сезімін ояту, жігерін қайрау жолында аянбай еңбек етуші ретінде танимыз.
1955 жылы 22 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, қазіргі Ыбырай Жақаев ауылында туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1991 жылы Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары курсты тамамдаған. «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде тілші, «Жалын» баспасының редакторы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының бөлім редакторы, «Алматы ақшамы» газеті Бас редакторының орынбасары, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің Бас редакторы, «Қазақстан» баспасының Бас редакторы, Халықаралық журналистика институтында оқытушы, «Қазақстан», «Жұлдыз» журналдары бас редакторының орынбасары болып қызмет атқарған. 2008 жылдан бері «Үркер» газетінің Бас редакторы.
«Қайың сапты кетпен» атты алғашқы әңгімесі 1974 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде студент кезінде жарияланды. «Шоқты көрік» атты әңгімесі жастардың прозалық «Арман қанатында» атты жинағының тұңғыш кітабында 1978 жылы жарық көрді.
Сонан бері он шақты прозалық кітаптың авторы. Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің мүшесі. Жас жазушылардың 1989 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ІХ кеңесіне қатысқан.
«Узоры на песке», «Муки человеческие», «Горемыка» атты әңгіме, хикаяттары орыс тілінде, «Қайың сапты кетпен» атты әңгімесі ұйғыр тілінде, «Қандас көршілер» әңгімесі неміс тілінде, араб, өзбек, қарақалпақ тілдерінде жарияланған. «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты (1985). Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына арналған жабық бәйгенің бас жүлдегері (2002). «Астана бәйтерек» конкурсының І жүлдегері (2006). «Алаш» қозғалысының 90 жылдығына арналған «Алаш және рух» бәйгесінің жеңімпазы (2008). Шығармалары қазақ орта мектебінің 5-сыныбына арналған қазақ тілі оқулығына, орыс мектептерінің 10–11-сыныптарына арналған «Диктанттар жинағына» енген. Республикалық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «Қазақстан жазушылары – жастарға» айдарымен жазушының шығармашылығына арнап «Жарыса аққан қос өзен» атты әдістемелік құрал шығарған.
Халықаралық «Алаш», «Сорос–Қазақстан» сыйлықтарының лауреаты. Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық жабық бәйгенің бірнеше мәрте жүлдегері. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Құрметті азаматы.
Қайың сапты кетпен. Әңгімелер. А., «Жалын», 1982; Жүрдек поезд. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Каникулды күткен қыз. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1990; Жігіттің Көктөбесі. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1995; Қанаты күйген қызғыш құс. Деректі повесть. Шымкент. «Жібек жолы», 1995; Сотталған домбыра. Әңгімелер. А., «Өнер», 1998; Көз. Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Зерде», 1999; Жасыл жанып тұрғанда. Роман және әңгімелер. А., «Сөздік-словарь», 2001; Қой мен қойшы. Роман, хикаяттар, әңгімелер. А., «Жазушы», 2004; Ар мен дар. Көсем сөз кітабы. А., «Қазығұрт», 2005; Көзбояуы жоқ көріністер. Новеллалар мен публицистикалық мақалалар. А., «Жазушы», 2008; Қобыздың мұңы. Хикаяттар мен әңгімелер. Астана. «Раритет», 2008. «Қобыз мұңы» (2008), «Өлілер мен тірілер» (2011), «Төрт амал тіршілік» (2012), т.б. прозалық кітаптардың авторы. Шығармалары араб, орыс, неміс тілдеріне аударылған. Халықараралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері (1999) [5].
Қоғам дамуындағы өзгерістер адам санасына, өмір сүру салтына, түсінік-нанымына қаншалықты әсер етсе де, біраз нәрсенің тұрақты болып қалатын жағдайы бар. Ол халықтың рухани байлығы, адамның рухани құндылықтары. Әрине ел басынан өткен әрбір кезең оның әдебиеті мен мәдениетіне әр түрлі сапалық өзгерістер әкелуі де мүмкін. Бірақ оның ішкі мазмұны мен ұлттық ерекшелігі өзгере қоюы оңай емес. Ал адам бойындағы рухани құндылықтың өзгеру-өзгермеуі әр адамның өзінің ерік-жігеріне байланысты. Демек, қоғаммен бірге келген әрбір тың жаңалық, өзгерістерді әрбір адам өзінше қабылдайтыны белгілі.
Адам образын жасау – көркем шығармаға қойылар негізгі талап екендігі белгілі. Образ жоқ шығармада тағдыр жоқ. Ал адам суреттелмеген туындыда өмір тынысы, тіршілік ағымы бар деп айта алмаймыз.
П.Пикассоның “И среди людей больше копий, чем оригинала” деген қанатты сөзінің жаны бар. Бәлкім сондықтан да төл көркем әдебиетіміздегі образдарда қазақы мінез-құлық, психология шаш етектен. Көбі инкубатордың балапанындай ұқсас. Ұлт мінезі ғой деп ақтап та алуға болар еді, бірақ көбіне жетпейтіні күйініш-сүйініш, толғаныс даралығы. Адам жұмбақ, өнер жұмбақ, ендеше жан сезіміңді қозғар, ой-санаңа түрткі тосын кісіні іздейсің.
Осындай ізденімпаздықты, жанкештілікті Қуандық Түменбай шығармашылығына үңіле түссеңіз байқайтыныңыз хақ. Жазушының ерекшелігін де дәл осындай қасиеттерінен табасыз. Хикаяттары, әңгіме-повестерінің кейіпкерлері әдебиетімізге тән шетінен тым арманшыл, шексіз ақжүрек, бейкүнә, өз ортасында беделді, алдыңғы саптағы адамдардан бөлектеу. Мүлдем ондай емес деу асылық болар, бірақ Қ.Түменбайдың
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!
Достарыңызбен бөлісу: |