Тарихты дәуірлеу – тарих ғылымы методо-
логиясының аса маңызды тұстарының бірі.
Сон-
дықтан да методологияны айналып өте алмаймыз.
Дәуірлеу тарих ғылымы методологиясындағы күрделі
мәселелердің бірі. Методологиялық мәселелердің
шешімін табуда қазіргі зерттеушілердің идеологиялық
таптаурынмен санадан арылуы ғана жеткіліксіз.
Бұл тұрғыда Қазақстанның тарих ғылымын «отар-
лаудан» арылтудың да маңызы зор. Өйткені ба лама
теория жасамай тұрып коммунистік мұрадан бас
тарту кеңестік заманға дейінгі консервативтік ұлы
державалық-шовинистік теориялардың, әсіресе, ге-
неологиялық теориялардың қайта өрлеуіне әкеледі.
Себебі маркстік-лениндік методология дағдарысқа
ұшыраған сәтте ғылымның жаңа ұстанымдарын қа-
лыптастыру қажет болды. Осы мақсатта республикада
“
Тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы
”
қа-
былданды. Тұжырымдама қазақ тарихын оқып үй рену
мен зерттеудің басты бағыттарын көрсетіп берді.
Сонымен қатар тарих ғылымында Отан тарихын
шынайы зерттеу үшін ең алдымен дәуірлеу мәселесін
қайта қарауды қажет етті. Осындай қажеттілікті тө-
мендегі дәлелдермен түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |