Төртінші, бесінші томдарға
Қазақстандағы со-
циа листік және коммунистік құрылыс тарихы арқау
болды. 1943 жылы Қазақстанның барлық тарихын
ер те замандардан бастап тұңғыш жан-жақты қам-
тыған авторлардың еңбегі жарық көрді. Бұл еңбекте
кезеңге бөлу негізіне Қазақстанның ұлттық тәуелсіздік
принципі жатқызылды, осыған орай екі үлкен кезең
ерекшеленеді. Онда 1-кезең біз зерттеп отырған
кезеңге жатпағандықтан екінші кезеңді ұсынамыз:
2
-кезең «Қазақстан – отар» (ХІХ ғасырдың 30 жыл-
дарынан Қазан төңкерісіне дейін) [4, 10-50-бб.].
Осылайша “ҚазССР тарихының” авторлары төң-
керіске дейінгі тарихшылардың кезеңге бөлуін қайта
жаңғыртты. Дегенмен дәуірлеу мәселесі өзінің толық
шешімін таба алмады. Сондықтан да ҚазССР Ғы лым
академиясының тарих, археология және этногра-
фия институтының 1947 жылдың 15– 19 мамырында
болған бірінші ғылыми сессиясында кіріспе сөз сөй-
леген С.В.Юшков Қазақ ССР тарихын жасауда ке-
зеңге бөлуді дұрыс жасаудың маңызды мәселе екенін
айтты [5, 11-87-бб.].
Сессияда кезеңге бөлу мәселесі жөніндегі негіз гі
баяндаманы
Е.Бекмаханов
жасады. Ол 1947 жыл-
ғы “Қазақ ССР тарихы” басылымындағы кезеңге бө-
луді сынға ала отырып, әлеуметтік-экономикалық
фор мациялар жөніндегі ілімді негізге алуды ұсынды.
Автор төңкеріске дейінгі тарихты негізінен басты алты
кезеңге бөлді. Сондықтан да біз сол кезеңдердің тек
алтыншы кезеңін ұсынамыз:
Достарыңызбен бөлісу: |