2-топ «Позиция таңдау» стратегиясы Тұжырым оқылып, оқушылар «иә», «жоқ» және
«мүмкін» деп жазылған плакаттарда өздерінің қандай көзқарасты таңдағанын көрсетеді. Олар өз ұстанымдарын дәлелдеп беруі керек.
Ұсынылатын тұжырымдар:
Жұтқыншақ әрі асқорыту, әрі тыныс алу мүшесі.
Біз сүтқоректілер класына жататын болғандықтан қарнымыз 4 бөлімді.
Бауыр аралас безге жатады.
Өңеш – ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс бұлшық етті мүше.
Ашішек қарын мен тоқішекті жалғастырады.
Тоқішекте бүрлер өте көп.
Бактериялар тоқішекте өмір сүреді.
Асқорыту мүшесінің бірі көмекей.
Бағалау критерийлері
Дескриптор
Мәтінді толық меңгеріп, асқорыту жүйесіне кіретін мүшелердің құрылысын анықтайды, қызметін сипаттап береді.
–Мәтіндегі негізгі ойға сұрақтар құрастырады, сұрақтардың мәнін ашады.
-Мәтіндегі негізгі ойға өз ұстанымдарын дәлелдей алады.
2-тапсырма «Жұптық жұмыс» «Өз орнын тап» әдісі Берілген кестені пайдаланып, ас қорыту бездері туралы бөлімдерін анықтап,талдап сәйкестендіріңіздер
Бағалау критерийлері
Дескриптор
Ас қорыту бездері бөлімдерін талдайды;
- кестеде берілген сөйлемдер мен тірек сөздерді пайдалана отырып, ас қорыту бездерін анықтай алады; - бауыр безін ажырата алады; - асқазан мен ішектің біржасушалы бездерін ажырата алады; -сілекей безін ажырата алады; - ұйқы безін ажырата алады;