8. 1Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесі



Дата31.03.2020
өлшемі21,7 Kb.
#61136
Байланысты:
Абдикаримова Диана 202 А стом

8.1Көне Үндінің діни философиясындағы адам мәселесі

Көне үнді философиясында адам әлемдік жанның бөлігі ретінде пайымдалады. Жанның көшуі туралы ілімде тірі жандар(өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен құдайлар арасындағы шекара шартты ж/е өтпелі. Алайда өзінің эмпирикалық болмысындағы құмарлықтардан азат болып, еркіндікке ұмтылу тек адамға ғана тән. Упанишад бүкіл үндістанда адам философиясы дамуына орасан зор ықпал етті. Әсіресе, ол джайнизм, буддизм, индуизм, санкхья, йога ілімдеріне мол әсерін тигізді.

Үнді философиясында адам табиғаттың өсімдіктер мен жануарлары сияқты ажырамас бөлігі ретінде қаралады. Адам дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын (карма адамның тағдырын құрайтын жан-дүние) анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан-дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмысқа баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса,- мокшаға (құтылу) сансарадан құтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.

Үнді мифологиясының негізгі қағидалары:

Джайнизм философиясы. Джайнизм (Джина жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған. Джайнизм жеңіс деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? - Жоқ, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс ол адамның өзін-өзі жеңуі.Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу нирджара, жанның денеден құтылуы босау. Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі святвада (свят белгілі бір жағдайда). әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Джайнизмнің “үш маржаны, - ол дұрыс сенім, дұрыс білім, дұрыс жүріс-тұрыс. Адам өзін-өзі жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек. Олар:1.Апариграха дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау; 2.Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту; 3.Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да ешнәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу; 4.Ахимса ешнәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тіршіліктің жаны бар. Сонымен, джайнизм философиясының гуманистік моральдық құндылықтары - ұлы үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі.

Буддизм.Үнді елінде пайда болып, Дүниежүзілік үшінші дінге айналған философия ілімі- ол буддизм. Буддизмнің негізін қалаған үнді елінің шакья тайпасынан шыққан Гаутама Сидхартқа (563-483 б.ғ.д.) Будда жөніндегі аңыздарға қарағанда, ол үлкен гүлдеген бақтың ішінде туып-өсіп тәрбиеленіпті. Үйленіп, балалы болыпты. Бірақ, күндердің бір күнінде қалаға келіп, халықтың шексіз зардабын көріп, 29 жасында тәтті өмірден бас тартып, ел аралап кетеді. 6 жыл ел кезіп өзінің тәнін қинап, ел кезген брахмандармен сұхбаттасып, Дүниенің терең мәнін іздейді. Бірақ, одан ешнәрсе шықпағаннан кейін, ол адамның зардап шегуінің себебі неде және одан қалай құтылу керектігі жөнінде ойланады. Күндердің бір күнінде ол алып ағаштың түбіне келіп отырып ақырында ақиқатқа жетеді ол Буддаға яғни ағарған, даналық деңгейге көтерілген әулиеге айналады. Сол күннен бастап ол өзінің ашқан ілімін кеңінен халыққа тарата бастайды.

Будданың ашқан “Төрт ақиқаты:Бұл Дүниедегі өмір зардапқа толы. Оның көбін ешбір адам аттап өте алмайды, өйткені, адам бұл дүниеге жылап келеді, жылап кетеді; адам ауырып зардап шегеді; әке-шешесінен, ағайын туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жоралардан айырылып қайғырады. Мұның сыртында өмірден тілегеніне жете алмай қиналады. “Адам болу өте қиын. Өтпелі пәнденің өмірі қиын. Зардапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, себебін білу керек. Оның себептері өмірге деген құштарлық, өмірде болуға деген іңкәрлік, ләззатқа тоймаушылық. “Құмарлықтан күшті от жоқ; жеккөруден артық пәле жоқ; денеден артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ. “Ол мені аяғына басты, ол мені ұрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды, - мұндай ойларды ішінде сақтаған адамның жеккөруі тоқталмайды. “Адамдар дамыл таппай, қорқып қашқан қояндай, жағалай жүгіріп жүр. Зардаптың себебі анықталғаннан кейін оны тоқтатуға болады, “өйткені, ешқашанда бұл дүниеде жеккөру жеккөрумен тоқтатылмайды, тек қана жеккөруді жоқ қылу арқылы оны тоқтатуға болады. Міне бұл мәңгілік шындық. Егер адам құмартудан құтылса, надандық пен жеккөруден арылса, ешнәрсеге байланбаса ғана әулиелік жолға түседі!

Зардапты тоқтатын жол бар ол сегіз қырлы. Олар:

1.Дұрыс көзқараста 2.Дұрыс сөйлеуде 3.Дұрыс бағытта ойлауда 4.Дұрыс өмір салтында 5.Дұрыс жүріс-тұрыста 6.Дұрыс бетбұрыста 7.Дұрыс күш салуда 8.Дұрыс зейін қоюда. Міне осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айырылып нирванаға жетеді. 

Сонымен, ләззат пен құмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардаптан шыға алмайды. Тек ортаңғы жол, дүниені көрсетіп, білім әкеліп, екі жолдың ортасымен өтіп адамды тынышталуға, құдіретті білімге, даналыққа, нирванаға әкеледі. Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады, өйткені, ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, дүниеге тәуелді келу заңының шеңберінен шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап шектіреді. өйткені, бұл дүние “Мая - ұлы сағым, елес, алдамыш. Сондықтан, құмартуды суытып, дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-бірте сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз - өмірден бас тарту, бейболмысқа өту. Буддизм философиясы Дүние жүзінде бірінші болып адам рухын ашып, оның құдіретті күшін көрсеткен философия. Касталарға бөлінген, адамды аяққа басып хайуаннан төмен көрген қоғамда, “мен табиғаттың, қоғамның соқыр заңдылықтарынан, тәуелді Дүниеге келу заңынан жоғарымын, мен адаммын, - деген философияны буддизм дүниеге әкелді. Адам сыртқы табиғатқа қарап, оған “Мен сенен жоғарымын, өйткені мен сені өз ішімді болса да құрта аламын, мен өз еркіммен сенімен байлайтын құмартуды тоқтата аламын, - дейді. Сонымен қатар, буддизмнің гүманистік адамгершілік жақтары ой тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті зәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру, т.с.с. адамзат рухының әрі-қарай шыңдалуына зор әсерін тигізді.




9.1 Аристотель этикасы

Аристотель
 ("Aristotle") (көне грекше:  б. з. б. 384 ж.Стагира (Орталық Македония), Колхида түбегі — б.з.б. 322 ж. 7 наурыз, Халқида, Еубея аралы) — ежелгі грек философыПлатонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие.

Ол ғылым мен парасаттың көптеген тақырыптарын жүйелі әрі жан-жақтылы зерделеп, жаратылыс пен өмірдің түрлі құбылыстарына нақты ғылыми зерттеулер жасап, артына сүбелі еңбектер жазып қалдырды. Аристотель ғылымның көптеген саласының алғашқы негізін қалады, олардың арасында физикаметафизикапоэтикатеатрмузыкалогикариторика (шешендік өнері), саясатэтикаэстетикабиологиязоология және экономика қатарлылар айрықша аталады. Ол қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі мұсылмандық және христиандық мәдениетке, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы Аристотельдің ғажайып даналығын айқын сипаттайды.



СократПлатон, Аристотель үштігі ежелгі грек пәлсапасының шыңы ретінде айырықша құрметпен аталады.

Аристотель ең алғаш этикаэстетикалогикағылымсаясат және метафизика сияқты мәселелерді толық қамтитын жан-жақты пәлсапалық жүйені құрды.

Аристотельдің түрлі физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, ренессанс дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол Ньютон физикасына орын берді.

Оның алты кітаптан тұратын «Органоны» ойлау әдісін қарастыратын логиканы тұңғыш рет пәлсапалық деңгейге көтерді. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде ХІХ-шы ғасырда формалды логика ғылымы қалыптасты.

Аристотельдің метафизикалық ілімі иудаизм және ислам пәлсапаларына зор ықпал етті. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс Ортодокс шіркеуінің пәлсапасына және Рим-Католик шіркеуінің схоластика мектебіне ықпалы қазірге дейін жалғасып келе жатыр. Аристотель этикасы — Ниқомах этикасы деп те аталады, қазіргі заманға дейін айтарлықтай маңызға ие. Дегенмен ұлы ойшылдың барлық мұрасы түгел айқындалды деуге болмайды, Аристотель пәлсапасының түрлі қырлары әлі де терең зерттелу үстінде.

Биология ғылымдарында ол жасаған кейбір зерттеулердің дұрыстығы тек ХІХ ғ. ғана расталды. Аристотель - Гиппократтың шәкірті, пәлсапа ілімінің бірінші ұстазы ретінде сол кездегі басқа да ойшыл ғалымдармен қатар барлық ғылымдардың, оның ішінде морфологияның дамуына да зор үлес қосты. Аристотель салыстыру әдіснамасын пайдалана отырып, жануарлардың 500-ден аса түрлерінің дене құрылысын зерттеу жасап, морфологиялық ғылыми тұжырымдар туғызды. Аристотель жануарлар денесінің еркін қозғалысын мидың басқаратынын, сүйекқаптың маңызын, жүрек пен қан тамырлар байланысын дұрыс түсініп, жүйкені басқа мүшелерден ажырата білді. Аристотель өзінің ғылыми еңбектерімен салыстырмалы анатомияныңзоологияның және эмбриологияның негізін қалаған болатын.



Аристотель мұсылман ғалымдарына да жете таныс болды. Көптеген шығармалары орта ғасырда араб тіліне аударылды. Шығыс ойшылдары Әл-Кинди, Әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн-Рушд қатарлы Аристотель танушы, Аристотель ілімін жалғастырушы ойшылдар мұсылман перипатетиктері Аристотельді зерттеу мен ғаламды пәлсапалық және ғылыми тануды қатар жалғастырды. Аристотель құрметтеліп «Бірінші Ұстаз» ("The First Teacher"деп дәріптелді. Ал, екінші ұстаз — түркі-қыпшақ ойшылы Әл-Фараби болатын.

Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен»  деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.Қазіргі өлшем бойынша, Аристотельдің шамамен 3000 беттей еңбегі сақталған, олар әлемнің көптеген тілдеріне аударылды. Қазақ тілінде Мәдени мұра бағдарламасы бойынша оның Метафизика, Этика секілді еңбектері аударылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет