Сабақ тақырыбы: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу. Сабақ мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі1,56 Mb.
#30974
түріСабақ



Есимсеитова С.С. физика пәні мұғалімі,

«М.Ахметбеков атындағы орта мектебі»КММ,

Шал ақын ауданы, СҚО

Сабақ тақырыбы: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу.

Сабақ мақсаты: Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу туралы оқушыларға жан-жақтылы түсінік бере отырып, оқушылардың ізденістерін жетілдіру. Оқу процесінде оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай жарату. Өз ойын ашық айта білетін жеке тұлға қалыптастыру

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Миға шабуыл

Сабақ көрнекілігі: Тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І. Қызығыушылықты ояту.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.



1. Сұрақ-жауап (ауызша)

1) Физикада күш деген сөзді біз қалай түсінеміз?

2) Күш бірлігі ретінде нені қолданамыз?

3) Деформация деп нені айтады?

4) Деформация қаншаға бөлінеді? Олар қайсылар?

5) Гук заңы қалай тұжырымдалады?

6) Күшті қандай құралмен өлшейді?

2. Физикалық шамаларды өлшем бірліктерімен тұтастырыңдар.





  1. V

  2. S

  3. s

  4. m

  5. 

  6. H

  7. F

  8. t







  1. м

  2. Кг

  3. м/с

  4. с

  5. Н

  6. 

  7. 

  8. м

  9. 





  1. Күш

  2. Жылдамдық

  3. Уақыт

  4. Масса

  5. Көлем

  6. Орын ауыстыру

  7. Аудан

  8. Биіктік





ІІ. Мағынаны тану
Денеге бір мезгілде әркет ететін бірнеше күштің денеге тигізетін әркеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болса, онда ол басқа күштердің теңәрекетті күші деп атайды.

Мысалы:


  • Шалқан ертегісіндегі кейіпкерлер шалқанды жерден суырып алу үшін барлығы бір бағытта тартады.



  • Егер бірнеше күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші де солай қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің қосындысына тең:

FR=F1+F2

Мысал келтіру:

Егер бір денеге қарама – қарсы бағытталған екі күш әрекет ететін болса, онда олардың тең әрекетті күші түсірілген күш жағына қарай бағытталады және осы күштер мәндерінің айырмасына тең



FR=F1-F2

Мысал келтіру:

А
F


рбаның орнынан қозғалмау себебі неде?


F



F

Егер денеге мәндері бойынша тең, ал бағыттары қарама-қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың тең әрекетті күші нөлге тең болады, яғни:



FR=0

Мысал келтіру:

ІІІ. Толғаныс.



  1. Дененің А нүктесіне түсірілген екі күштің тең әсерлі күші неге тең?

2Н А 4Н


II-деңгей.

  1. 1Н күшті 0,5 см етіп алып, бір нүктеге бір бағытта әсер ететін 4Н-ға және 8Н-ға тең күштерді график түрінде кескінде.

III-деңгей.



  1. Денеге бір түзудің бойымен 20 және 30 кН екі күш әсер етеді. Осы күштердің олардың тең әсерлі күштері 10 кН және 50 кН болғандағы жағдай үшін график түрінде кескіндендер.

IV. Тест жұмысы.

1-нұсқа.



  1. Тең әрекет күш дегеніміз:

А) Егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болатын күшті айтады;

Ә) Егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті бір мезгілде тигізетін әректіндей болатын күшті айтады;

Б) Бір күштің денеге тигізетін әрекеті бір мезгілде тигізетін күшті айтады;

В) Өзара тең күштерді айтады.




  1. Бір түзудің бойымен бірдей бағытталған күштің тең әрекетті күші неге тең?

А) F=kx Б)F=F2-F1 В)F-F1+F2 С)F=2F2-F1

3. Күшті өлшейтін құрал.

А) Термометр Ә) Динометр

Б) Таразы В) Мензурка


4. Деформация деп нені айтады?

А) Дене массасының өзгеруін айтады

Ә) Дене пішінің артуын айтады

Б) Көлемінің өсуін айтады

В) Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін айтады.
5. Мына суреттегі дененің тең әрекетті күші неге тең?

Масштаб: 1см – 5Н


F

А) 10 Н Ә) 5 Н Б) 15 Н В) 20 Н
6. Сурет бойынша тең әрекетті күші неге тең?

Масштаб: 1 см – 2 Н

F2 F1
А) 40 Н Ә) 12 Н Б) 24 Н В) 10 Н
7. А нүктесіндегі денеге екі күш әсер етіп тұр. Олардың тең әрекетті күштері нешеге теі және бағыттары қалай болады.

Масштаб: 1см – 20 Н.

F2 A F1
А) 120 Н Ә) 60 Н Б) 20 Н В) 180 Н.
ІІ нұсқа

1. Бір түзудің бойымен қарама-қарсы бағытталған күштің тең әрекеті күші неге тең?

А) F=kx Ә) F= F1+F2 Б) F=F2-F1 В) F= 2F2 – F1


  1. Күшті ашқан кім?

А) Галилей ә) Ньютон б) Аристотель в) Гук
3. Тең әрекетті күш дегеніміз:

А) егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті басқа күштердің сол денеге бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болатын күшті айтады

Ә) егер бір күштің денеге тигізетін әрекеті бір мезгілде тигізетін әрекетіндей болатын күшті айтады

Б) бір күштің денеге тигізетін әрекеті бір мезгілде тигізетін күшті айтады

В) өзара тең күштерді айтады.
4.Деформация деп нені айтады?

А) дене массасының өзгеруін айтады\

Ә) дене пішімінің артуын айтады

Б) көлемнің өсуін айтады

В) денеге пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруін айтады
5. Мына суреттегі дененің тең әрекетті күші неге тең?

Масштаб: 1 см – 5Н

F
А) 6 Н ә) 5Н б) 10 Н в) 3 Н
6. Сурет бойынша тең әрекетті күші неге тең?

Масштаб: 1 см – 5Н

F2 F1
А) 40Н ә) 10 Н б) 4 Н в) 30 Н
7. А нүктесіне екі күш әсер етіп тұр. Олардың тең әрекетті күштері нешеге тең және бағыттары қалай болады?

Масштаб: 1 см – 20 Н


F2 F1

A

А) 120 Н ә) 60 Н б) 20 Н в) 180 Н


Ұй тапсырмасы: § 37. 14-жаттығудың 3 есебі.

Пайдаланған әдебиеттер: 7 сынып физика және астрономия оқулығы .Башарұлы Р. «Атамұра» баспасы 2012ж

«Физика және астрономия» дидакдикалық материал.

«Физика және математика» журналы.

«Физика және астрономия» журналы №2 2006 ж.



Суреттерге иллюстрация интернет ресурстардан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет