8. 3в тыныс алу және бөліп шығару Оқу мақсаты: Фотосинтез және тыныс алу үрдісін салыстыру. Жетістік критерийлері



Дата22.11.2019
өлшемі22,44 Kb.
#52275
Байланысты:
8.3В Фотосинтез және тыныс алу үрдісін салыстыру. (1)

8.3В Тыныс алу және бөліп шығару

Оқу мақсаты: Фотосинтез және тыныс алу үрдісін салыстыру.

Жетістік критерийлері:

  • “Фотосинтез” және ”тыныс алу” ұғымын біледі.

  • Фотосинтез және тыныс алу үрдістерінің ерекшеліктерін біледі.

  • Фотосинтез және тыныс алу үрдістерін салыстырады.

Тыныс алу дегеніміз - организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды және де ол ұлпалардағы тотығуға қатысады. Энергия органикалық заттардың тотығуы мен ыдырауынан босап шығады, сонымен қатар тотығуға оттек жұмсалады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмірқышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Тыныс алған сәтте организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі ағзаға еніп және көмірқышқыл газының сыртқа өтуін қамтамасыз етеді. Оттегі организмге өтуі диффузия жолмен жүзеге асады.

Фотосинтез дегеніміз - жоғары сатыдағы  жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа да фотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі.



Фотосинтез

Тыныс алу

Өту уақыты

күн сәулесінің қатысуымен жарықта өтеді

бүкіл тәулік бойы

Өтетін орны

жапырақтағы хлоропласттарда/сабақтың жасыл бөлігінде

митохондрияда

Оттегі

түзіледі/бөлініп шығады

сіңіріледі

Көмірқышқыл газы

сіңіріледі

Түзіледі/бөлініп шығады

Органикалық заттар

түзіледі

Тотығады/ыдырайды

Энергия

сіңіріледі

Босап шығады/түзіледі

Теңдеу

6CO₂+6H₂O = C₆H₁₂O₆+6O₂

C₆H₁₂O₆+6O₂ = 6CO₂+6H₂O+2876Дж

Тест

1.Аэробты тыныс алуға қажетті газ:

  1. азот

  2. оттегі

  3. көмірқышқыл газы

  4. азот (ІІ) оксиді

2. Табиғаттағы заттар айналымының негізгі көзі

  1. фотосинтез

  2. транспирация

  3. адсорбция

  4. пиноцитоз


3. Фотосинтез кезінде сіңірілетін газ

  1. сутегі

  2. азот

  3. оттегі

  4. көмірқышқыл газы


4. Жарық әсерінен фотосинтез кезінде атмосфераға қандай газ бөлінеді.

  1. оттегі

  2. көмірқышқыл газы

  3. азот

  4. сутегі


5. Тыныс алу кезінде органикалық заттар..........

  1. кемиді

  2. тотығады

  3. түзеді

  4. барлық жауаптар дұрыс

  5. артады


6. «Тыныс алу кезінде энергия жұмсалады» деген тұжырым дұрыс па?

  1. дұрыс

  2. қате

  3. әр кезде әр түрлі

  4. мүмкін


7. Фотосинтезге қатысатын өнімдерді көрсетіңіз



  1. 6CO₂; 6H₂O

  2. C₆H₁₂O₆

  3. 6H₂O; 6O₂

  4. 6CO₂; 6O₂

8. Тыныс алу кезінде түзілетін өнімдерді көрсетіңіз



  1. 6CO₂; 6H₂O

  2. C₆H₁₂O₆

  3. 6H₂O; 6O₂

  4. 6CO₂; 6O₂

9.Тыныс алу үрдісі жүреді

  1. митохондрия

  2. хлоропласт

  3. ядро

  4. рибосома

10.Фотосинтез үрдісі жүреді

  1. митохондрия

  2. хлоропласт

  3. ядро

  4. рибосома

Пайдаланылған әдебиетттер



http://bilim-all.kz/jospar/85-Fotosintez-onyn-satylary-zhane-biosferadagy-garyshtyq-roli

http://sabaq.kz/6646/%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81-%D0%B0%D0%BB%D1%83%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%BC%D0%B0%D2%A3%D1%8B%D0%B7%D1%8B-%D1%82%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D1%81-%D0%B0%D0%BB%D1%83-%D0%BC%D2%AF%D1%88%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80/

http://kitaphana.kz/ka/downloads/referatu-na-kazakskom/229-biologia/2676-fotosintez.html

http://u-s.kz/publ/8269-tynysalu-zhyes-tynysalu-mshelern-rylysy-kpen-rylysy-men-yzmet-kpen-trshlk-syyymdylyy-tynys-aludy-zhykelk-zhne-gu.html

Құрастырған Шымкент қаласындағы ФМБ НЗМ 8D сынып оқушысы ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ ӘНЕЛ



Тексерген билогия пәні мұғалімі Ару Зәуре Әбдірәсілқызы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет