8 ақпан 020 жыл жұма №24 (18976) Қасқырбай Қойшыманов



Pdf көрінісі
бет49/104
Дата28.02.2022
өлшемі7,44 Mb.
#133634
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104
Байланысты:
Nomer 024

Айбатыр Сейтақ,
ақын, журналист,
Қазақстан Жазушылар және
Журналистер одағының мүшесі.
АДАМДАР АСПАНДАҒЫ 
ЖҰЛДЫЗДАР СЫНДЫ
(Журналист Гүлжібек Бекмұхамедоваға)


13
28 ақпан 2020 жыл
Аманат аман сақтайды
Бір сапарда жолаушылап келе жа-
тып, бір жиде талдың көлеңкесінде 
отырған әйелге жолықтым. Жігіттіктің 
желігімен амандасып болып:
– Ал, жеңеше мүшемді бер? – 
дедім. 
Сонда әлгі әйел:
– Саған мүше беретіндей, атың 
шауып бәйгіден келген жоқ. Палуа-
ның жығып жүлде алған жоқ. Басы 
жоқ, аяғы жоқ, бұл не әңгімең? – деді. 
Онымен де қоймай:
– Мүшені, мына менімен күресіп 
күшіңді көрсетсең аласың!? – дегені. 
Тіленіп тұрғаным да сол еді. Аттан 
қарғып түстім. Беліме тұсауымды 
байлап, сайланып жатыр едім, әйел 
де отын арқалайтын тұтамға екі елі-
дей есілген қыл шылбырын беліне үш 
орап байлап, тұра келді. Осал адам 
емес екенін білдім. Ұстаса кеттік. 
Беліндегі қыл шылбырды екі қолыма 
орап ұстап барынша сілкіп екі тартқа-
нымда белін бермеді. Айла-әдіске 
салмаса, күшке алдырмайтын сыңай 
танытты. Тіресіп жүріп қалдық.
Ұзын жолмен келе жатқан ақ түйе-
ге мінген бір ақсақал кісі үстімізден 
түсіп: "Уа, Құдай! Кете-Шөмекейдің 
аруағы сарт болып кетпесең, аза-
матыңды қолдай көр!" – деп түйенің 
үстінен айқайды салды. Сол кезде 
екіленіп әйелді барынша жұлқа тар-
тып қалғанымда беліндегі қыл шыл-
быр бытыр-бытыр етіп, жіптей үзіліп 
екі қолыма келді. Не істерімді білмей 
аңырып тұрып қалдым. Сол кезде әйел 
де белімнен қолын ажыратып:
– Белімдегі арқанның үзілгені жеңіл-
генім болсын. Алдағы ойда ауыл бар. 
Қонақ болып аттанарсыздар?! – деп, ке-
рек-жарағын алып жөніне жүре берді... 
Алқа топта күресе жүріп, жүрегім сес-
кенген адамым сол болды. Ақ түйелі 
кісі түйеден түсіп жаныма келді. Бұл кісі 
елге мәлім Бозғұл, Сарыбай Исламбек 
деген кісі болып шықты. Заманында 
ел аузына қараған шешен, би болған 
адам. Жарықтық екі көзінен жас сау-
лап, сақалын жуып жылап тұр екен...
Ентігімді басып отырған маған:
– Ойпырмай, шырағым-ай! Әйел-
дің азулы байталдай сырттанына жо-
лықтың-ау!? Бұл, "Қырда" Шөмекей, 
Шобдар Алматтың қырық құлаш құ-
дыққа құлаған "Ақ түйесін" жалғыз өзі 
тартып шығарған атақты Көнек Орқа-
бай палуанның қызы еді. Біздің елге 
келін болып түскеніне де 20-25 жыл 
болды. Перзентсіз жан еді. Құдай еке-
уіңді жолықтырған екен. Жасы үлкен 
бізді көріп әдептен аттамағаны ғой. Ар-
тық әрекетке бармады... "Беліндегі үш 
қабат қыл арқаны үзілді құрсағындағы 
қырсығы кетті-ау! – деп, жақсылыққа 
жорып тұрмын. Қара жолдың бойында 
қыдыр жүреді. Тәңірім, перзентті бо-
лып, тілегін қабыл етсін! – деп, батасын 
беріп бетін сипады. Сол кезде мен де 
ентігімді басып:
– Ал, ақсақал өзіңізге де жол бол-
сын? – деп, жөн сұрадым.
– Ай, шырағым-ай! Ағаң да, лағын 
алдырған ақ киіктей ізіме ерген жалғыз-
дан тірілей айрылып, теңдік таппай 
келе жатқан шерлі көкірек жанмын. Ке-
шегі аударыспақта өзімді кәмпескілеп, 
Қарқаралы, Семейге жер аударды. 
Екі жылдан соң бостаншылық жа-
сап елге жеттім. Бәйбішем айдалып 
бара жатып жолшыбай суық тиіп өлді. 
Кіші әйелімді үкімет "әйелге теңдік 
береміз" – деп, зорлықпен айырып 
алды. Ізінде, екі әйелдің ортасындағы 
он жасар жалғыз бала кетті. Кіші әйел 
де біз кеткен соң көп ұзамай қайтыс 
болып, баланы үкімет үйіне өткізіп жі-
беріпті. Берісі "Аламесектен" сұрау 
салып, әрісі Қазалы, Ақмешіттің 
жетімханасын аралап баланың ізін 
таппадым. Ұзын хабары Тәшкенге 
алып кетті дегенді естіп, жалғызды 
іздеп жолға шығып бара жатырмын, 
шырағым! – деді, көзінің жасын ора-
малымен сүртіп отырып.
– Ойпырмай, аға, көлік аяғы –Тәш-
кенге түйемен қалай жетесіз? Шойын 
жолда отарба тұр ғой?! – дедім.
– Ай, шырағым! Кешегі "бай талау-
ға" дейін қара орын шаңырағымызға 
малдан 500 түйе бітті. Сол малдың 
ішінде әкеміздің, әкесінен жеткен 
"Ақмая" деген түйенің тұқымы өсіп-
өніп жүретін. Әкеміз "малдың құты, 
киесі" осы тұқымда деп айтып кеткен 
еді. Кеше үкімет малды санап алып, 
соңында:
– Байеке, мал-мүлкің түгел үкімет-
ке өтті. Малыңнан өзіңе тиесілі бір бас 
түйе алып, қағазға қол қоясың, – деді. 
"Ауру – жаннан үмітті, кедей – мал-
дан үмітті". Жалғыз ұлымның "еншісі" 
болсын деп, сонда "Ақмаяның" қанды 
мұрын бір тайлағын жетектеп алып 
шықтым. Үкіметтің малын бағуға са-
нап алып жатқан немере туысқан 
ағайыным Бөрібайға, тайлақты қосып 
тұрып:
– А, Бөрібай атасын айтса алыс 
емес, ағайынсың. Жүзді – бір қылам 
десе де, бірді – мың қыламын десе 
де, бір Алланың қолында. Соған 
көзімізді жеткізіп тұр, жаратқан! 
Біздің мал баққаннан басқа үкіметке 
жазығымыз жоқ. Ақтай күйіп, шартқа
тұрып ел-жермен қоштасқалы тұр-
мыз. Соңымда жас бала, тірі жесір 
әйел қалып бара жатыр. Ахметжан 
ержетіп малын іздеп келер болса 
"енші басы" атаған малым болсын. 
Қолынан қақпа, бұйдасынан тарт па? 
Аманатымды қолына тапсыр. Ал біз, 
Алланың алыстағы аз несібесінен 
дәм татпаққа жүргелі тұрмыз, – деп, 
ат арбаға жаяу еріп, бес әскеге 30 
адам айдалып кете бардық.
Үш жыл сергелдеңнен елге соқа 
басым жетіп, Бөрібайға келсем, 
"Ақмая" боталап тұр екен. Бір жұма 
ағарғанын ішіп есімді жиып тыныстап 
алған соң, жалғыз баланы іздемекке 
бел будым. Бір айлық жас ботаны 
сойып, садақаға таратып, терісінен 
тұлып жасап, енесін бір жұма тұлып-
қа идіріп саудым да, тұлыпты артып 
жолға шығып кеттім. Жанботамды із-
деу үшін, нар ботамды құрбандыққа 
шалып, Алладан "Жалғызыма қа-
уыштырғай!" – деп, тілек тілеп бара 
жатқан жанмын, шырағым, – деді. 
Одан әрі:
– Алла, аман-есен Ақметжаныма 
қауыштырса, ата малының ағарға-
нынан мейірі қанып ішсін. Аманатқа 
- қиянат болмасын. Қияметтің сұрағы-
на дейін еншіге атаған малымды ба-
ламның қолына тірлігімде тапсырып, 
Ахмет жанымның бетінен сүйіп, риза-
шылығын алсам – Алладан жалғыз 
тілегім сол. Жолыма сусын, астымда 
көлік, барған жерде "Ақмаяны" жалғы-
зымның қажетіне жаратамын, – де-
генде, жасымда жетімдікті көп көр-
ген өзім де бойымды билей алмай, 
көзімнен жас ыршып кетті.
– Ағажан-ай! Тілегіңе жеткізсін! – 
дедім, жаным күйзеліп.
Ақсақал орнынан тұрып, шө-
гіп жатқан түйенің қомына артқан 
жам-жүгін ашып, жазы ағашына 
байланған местің пұшпағын ағытып, 
қоржынынан ағаш тостаған алып 
толтыра құйып, маған ұсынып:
– Ал айналайын! Ағаңның жол 
азығынан ауыз ти. Біз пақырға ни-
еттес бол. Сұраған жандарға сәлем 
айтарсын? – деп жатыр.
– Аға жолыңыз ұзақ өзіңізге сусын 
болсын... деп, едім,
– Шырағым "Ақмая" жас мал, үш 
идіріп сауып келе жатырмын. Ішкен 
сусынымның орнын сауымы толтыра-
ды. Қысылма, ала бер, – деді, местің 
пұшпағын байлап жатып.
Түйе қамшылар жақ қапталына 
байланған"ботасын" мойнын бұрып, 
емірене искеп, күңірене гүркіреп ды-
быс шығарды. Мойылдай көзі мөлтіл-
деп, шыпта кірпігі шаншыла қайрылып, 
ақсақалдың "жәй-жәй" – деп, жұбатқан 
әлди сөзінен соң жануар қайта сабасы-
на түсті. Екі дүние – бір тағдыр.
"Ақмая" шөккен орнынан шаңы-
рақтай көтеріліп, теңселе басып, үміттің 
тінін жанына жалғау еткен егесін - бала-
пан құстай талпындырып, күншығысқа 
қарай ұзап бара жатты. "Алла жалғыз 
ұлына аман-есен қауыштырғай" деп 
тілек тілеп қала бердім депті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет