5) Үзілме сызық – көрінбейтін контур сызықтарын бейнелеу үшін қолданылады.
6) Тұтас жіңішке сызық – шығару және өлшем сызықтарын, тілік пен қиманы сызықтауды, көмекші туғызу сызықтарын, сөрелік сызықтарды және көмекші сызықтарды орындау үшін қолданылады.
7) Нүктелі үзілме жіңішке сызық – ось және орталық сызықтарды орындау үшін қолданылады.
8) Тұтас ирек сызық – сызбадағы бейнелерді шектеу немесе бейнелерді үзіп бейнелеу кезінде үзу сызығы ретінде қолданылады .
9) Үзік сызық – қима мен тіліктегі қиюшы жазықтықтардың өту орнын белгілеу үшін қолданылады.
10) Қос нүктелі үзілме жіңішке сызық – кейбір бұйымдардағы қозғалмалы бөліктердің қозғалу шектерін және жазбада бүгу сызықтарын орындауға арналған.
11) Жуандатылған нүктелі үзілме сызық – сызбада тетіктің термоөңдеу немесе қаптама орындалатын беттерін бейнелеу және тілікте қиюшы жазықтықтың алынады қалып қойған, бірақ көрсетілуі қажет болған элементтерді бейнелеу үшін қолданылады.
12) Тұтас жіңішке сынық сызық – сызбада үлкен аумақты үзіп көрсету үшін қолданылады.
13) Сызбаны оқу – жазық кескіндері негізінде нәрсенің көлемдік пішінін көз алдына келтіру, оның өлшемдерін және басқа да ақпараттарды анықтау.
14) Сызбаны орналастыру – сызбада бейнелерді, өлшемдерді және жазбаларды ыңғайлы орналастыру.Стандарт – әріптер мен сандардың биіктігі мен енін, олардың сызбаның апа қашықтығын белгілейді.
H – латын әріпті, стандарт бойынша бас әріптер мен сандардың биіктігін өлшегенде осы әріппен белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |