8 аудандарды палеткалар көмегімен есептеу тәсілдері дәріс жоспары


Карта бойынша ауданды палетка көмегімен анықтау



бет2/3
Дата24.10.2023
өлшемі140,38 Kb.
#187862
1   2   3
Байланысты:
8 Дәріс
лек2
8.1 Карта бойынша ауданды палетка көмегімен анықтау

Палеткамен ауданды анықтаудың дәлдігі - 1/50. Көптеген инженерлік мәселелерді шешу үшін құрылыс алаңының пайдалы жер аумағын анықтау қажет етіледі. Ал алаңды анықтау, жергілікті жерде немесе оның картасы, планы арқылы жүргізілуі мүмкін. Бұл үшін көптеген әдістер пайдаланылады, солардың бірі жылтыр қағаз типтес материал палетка.


Олар квадраттық және сызықтық болып бөлінеді.
Палетка анықталынатын алаңға қойылып, алдымен олардың толық квадраттары саналады. N1 осыдан кейін анықталынатын ауданның шекарасы өтетін квадраттар N2 саны саналады ( сурет 8.3 ). Сонда анықталынатын аудан шамасы:

S0 · (N1+1/2N2) (8.2)


Мұндағы S0 – палетканың бір квадратының ауданы.



Сурет 8.3. Квадраттық палеткамен жер ауданын есептеу сұлбасы

План немесе карта масштабына қарай отырып, осы әдіспен қажетті ауданды табуға болады. Картадан алынған бөліктің аудан есебін тексеру үшін, палетканы кез келген бағытына 45° бұрып, қайта өлшейді. Есептің екі нұсқасының орташасы алынады.


Картадан кішігірім алаңды анықтауда, жылтыр негіздегі аралықтары 2-5 мм параллель сызықтары бар палетканы пайдалануға болады (сурет8.4).

Сурет 8.4. Параллель палеткамен ауданды анықтау сұлбасы

Палеткалардың сызығы бірі-біріне жақын орналасқаны себепті, ізделініп отырған аудан жолағын, шамамен тік бұрыштың ұзындығына тең деп есептеуге болады және олардың ұзындығы ретінде l1, l2, l3 және т.б. ортаңғы сызықтарын алуға болады.


Палеткадағы сызықтардың ара ұзындығын білгеннен кейін сызғыш көмегімен әрбір тікбұрыштың ауданын табу оңай болады. Есептелінген аудандарды қосу арқылы, ізделініп отырған ауданды табады. Тексеру үшін картадағы алынған аудан палеткамен, оның m және n нүктелері алынған аудан шетіне келетіндей етіліп қайта өлшеніп есептелінеді. Екі есептеудің орташа нәтижесі есепке қабылданады.
Палеткаға қарағанда біршама дәл ауданды өлшеу әдісі, жазық фигуралардың көшірмесін салмақ өлшегішпен өлшеу. Ол үшін тығыздығы жоғары қағазға ауданы белгілі S0 квадрат салып, оның салмағын m0 өлшейді. Осындай қағазға картадан ізделініп отырған ауданы S фигураны алып, оның массасын m өлшейді, осыдан кейін пропорциясының – S/S0 = m/m0 ережесі бойынша ізделініп отырған бөліктің ауданы есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет