8 АУДАНДАРДЫ ПАЛЕТКАЛАР КӨМЕГІМЕН ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Дәріс жоспары:
Ауданды палеткамен анықтаудың ерекшеліктері.
Ауданды анықтаудың шектік дәлдіктері.
Жерге орналастырудың топографиялық планын құру және бейнелеу.
Нүктелерді орналастыру алдында барлық жер телімі бүтін квадраттар ауданына түгелдей орналасуы үшін, координаталық тор өлшемдерін есептеп алу қажет (8.1 сурет).
Сурет 8.1. Ауданы анықталынатын жер бөлігінің координаталық нүктелерін белгілеу
Орналастыру нақтылығын, диагональдар және қабырғалары бойынша өлшеуішпен ( бақылау метрі) тексеру жүргізу қажет. Егер диагональдар мен қабырғалар бойынша айырма 0,2 мм-ден асса, координаталық тор қайта орнатылады.
Координаталар бойынша нүктелерді орнатуды және горизонтальдар арасындағы аралықты өлшеуішпен қадағаланады.
Планға координаталық тор енгізіледі (сызықтың қалыңдығы 0,1-0,15 мм) Жоғарғы жағында аты жазылады: «Астық шаруа қожалығының планы.......» Төменгі оң жағында, жобаны құраған (аты-жөні, тегі, күні, қолы) Төменгі ортасында масштаб жазылады.
Сурет 8. 2. Палетка түрлері: а-квадраттық; б-сызықтық
Квадраттық палетка ( сурет 8.2а) — бұл қабырғалары 1-2 мм квадрат торлары. Бөлік алаңы фигураға қойылған палетканың квадрат сандарымен анықталады. Алаңның пландағы ауданы 2 см2 ден аспаса палетка пайдалану тиімді саналады.
Параллельді палетка (сурет 8.2б) — бұл аралықтары 2 мм-ден сызылған параллель сызықтар қатары. Палетка өлшенетін ауданға оның k және l нүктелері шеткі сызықтарымен дәл келетіндей орналастырылады. Трапецияның ab, cd, ef ортаңғы сызықтарын план масштабында өлшеп, олардың қосындысын палетка сызықтарының арақашықтығының шамасына көбейтіп, алаңның ауданын табады. Бұл пландағы ауданы 10 см2 дейінгі аудандарды анықтауға ұсынылады.
Санауды жүргізбес үшін, ортаңғы сызықтардың ұзындығы белгілі болғандықтан, бөлік алаңын анықтайтын масштабты палеткада арнайы шкала тұрғызу керек (сурет 2 в). Шкаланың негізін 1: 10 000 масштабына есептейді. Параллель сызықтардың аралығы 2 мм және шкала ұзындығы 1 см болған жағдайда, алаң 20*100 = 2000 м, 2 = 0,20 га тең болады. Осыдан шкаланың әрбір сантиметрі 0,20 гектарға тең болатындығын көруге болады. Шкаланың сол жағы 10 бөлікке бөлінеді. Осыдан кейін ортаңғы сызықтардың циркульмен жиналған ұзындығы шкала бойынша, сызықтық масштаб арқылы анықталынатын аралыққа ұқсас, алаңның ауданы белгілі болады.
Алаңды квадраттық және параллельді палеткамен бір реткі анықтаудың дәлдігі орташа түрде келесі формуламен сипатталады:
(8.1)
Мұндағы М — план масштабының бөлгіші; Р — фигура ауданы, га.
Достарыңызбен бөлісу: |