8 cынып
1-тоқсан
«Химия» пəнінен I тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Магний атомы үшін дұрыс тұжырымдарды анықтаңыз.
Магнийдің сыртқы электрондық қабатында 2 электрон бар
Магний сыртқы қабатындағы 2 электронды беріп жібере алады
Магний сыртқы қабатына 3 электрон қосып алады
Mg2 + ионын түзе алады 5. Mg2 - ионын түзе алады
A) 1,2,4
B)2,4
C)3,5
D) тек 4
[1]
Екінші топ элементтерінің электрондарының таралып орналасуы бойынша дұрыс тұжырым таңдаңыз.
+4Be )2ē)2ē +12 Mg) 2ē)8ē)2ē +20Ca ) 2ē)8ē) 8ē)2ē
екінші топ элементтері үшін сыртқы қабаттағы электрондар саны 3-ке тең
электрондар атомда біркелкі таралады
электрондар атомда ядродан арақашықтықтары артып келе жатқан энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады
электрондар атомда ядродан арақашықтықтары кему ретімен орналасқан энергетикалық деңгейлерде біртіндеп орналасады
[1]
3. Төменде берілген қосылыстардың формуласын «нольдік қосынды»
әдісі бойынша құрастырыңыз:
Fe3+ және S2-
Cl7+ және O2-
[2]
4. Фосфор оттекпен жарық шығара отырып, қарқынды жанып, фосфор(V) оксидін түзеді. Фосфор(V) оксиді суда ерігенде фосфор қышқылы түзіледі. Осы өзгерістерді сипаттайтын реакция теңдеулерін жазып көрсетіңіз.
1) Фосфордың жануы ______________________________________________________________
2) Фосфор(V) оксидінің сумен әрекеттесуі_____________________________________________
[2]
5. Кестеде берілген атомдар мен иондарды электрондық формуласымен cәйкестендіріңіз.
Атомдар мен иондар
|
Электрондықформуласы
|
А. Al3+
|
1. 1s22s22p63s23p64s2
|
В. Са
|
2. 1s22s22p63s23p6
|
С. Сl1-
|
3. 1s22s22p63s2
|
D. Mg
|
4. 1s22s22p6
|
A.____ B._____ C._____ D._____
[2]
6. Оттегі газы тіршілік үшін маңызды газ. Оттегі газы оттектің екі атомынан тұратындығы бәрімізге белгілі. Оттектің периодтық жүйедегі орнын ескере отырып жазыңыз.
Электрондық конфигурациясын _______________________________________________
Электронды-графикалық формуласын__________________________________________
[2]
7. Кестеде берілген химиялық реакциялардың типтерін анықтаңыз.
№
|
Химиялық реакция теңдеулері
|
Реакция типі
|
1
|
MgO + SO2 → MgSO3
|
|
2
|
Cu + HgCI2 → Hg + CuCI2
|
|
3
|
Cu(OH)2 → CuO + H2O
|
|
4
|
3NaOH + FeCI3 → Fe(OH)3↓ + 3NaCI
|
|
[2]
Зертханада сутегі газын алу үшін төмендегідей реакция жүргізеді. Oрташа белсенді металл + сұйылтылған қышқыл → тұз + сутегі Реакция типін анықтаңыз:
[1]
9. Ас содасы ақ түсті, кристалды ұнтақ. Улы емес, өртенбейді, жарылмайды. Медицинада, химиялық өнеркәсібінде, тамақ өнеркәсібінде т.б. қолданылады. Ас содасының құрамы 27,38% натрий, 1,19% сутек, 14,29% көміртек, 57,14% оттектен тұратындығы белгілі болса ас содасының формуласын жазыңыз.
_________________________________________________________________________________
[3]
10. Суретте мыс сульфатының ерітіндісіне әр түрлі металдарды салу арқылы металдардың белсенділігін анықтауға арналған тәжірибе көрсетілген.
А) Қай металды сынауыққа салғанда реакция жүрмейді?
________________________________________________
В) Қай металды сынауыққа салғанда мыстың бөлінуі тез байқалады?
_________________________________________________
С) Қай металды сынауыққа салғанда бөлме температурасында мыстың орынына газ көпіршіктерінің бөлінуі байқалады?
[3]