8 Дәріс Көріністер Материалды үздік игеру нәтижесінде



бет5/5
Дата10.06.2020
өлшемі1 Mb.
#72966
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 дәріс Көріністер
2020.04.03 instruktsiya po razdelu pisma v ais platonus dlya obuchauschihsya, 8 дәріс Көріністер
Шығарылған;

  • Қабаттасқан болып бөлінеді.

    Шығарылған қима сызба аумағының бос жерінде немесе тетікбөлшек кескінінің үзігінде. Оның контурын тұтас негізгі сызықтармен бейнелейді. Тілуші жазықтықтың орнын үзік сызықпен көрсетеді, көзқарас бағытын әріптік белгісі бар бағыттама арқылы береді. Қима А-А типті жазуымен,орыс әліпбиінің бас әріптерімен белгіленеді. Шығарылған қима салуы және орналасуы бойынша бағыттамада көрсетілген бағытқа сәйкес болуы керек. Қима тілуші жазықтыққа қатысты бұрылып орындалуы мүмкін, мұндай жағдайда А – А жазуына арнайы бұрылған деген белгі қойылады. Егер үзік арасында немесе тілуші жазықтық ізінің жалғасында орналасқан шығарылған қима пішіні симметриялы болса, онда қима сызықтары және бағыттамалар қойылмайды. Симметриялы емес қималар үшін бағыттмалары бар қима сызықтары қойылады, ал әріптері қойылмайды.

    Қима пішінінің штрихталуы тұтас жіңішке сызықтармен, 450 көлбеулікпен орындалады. Егер қима пішінінің өстік немесе контур сызығы штрихтау сызығымен сәйкес келсе, онда штрихтауды сызбаның негізгі сызығына 300 немесе 600 көлбеулікпен орындау ұсынылады.



    Қабаттасқан қималар – тетікбөлшектің сәйкес көрінісімен біріктіріледі. Оның контуры тұтас жіңішке сызықтармен кескінделеді. Тетікбөлшек контуры қима орналасқан жерде үзілмейді. Егер қабаттасқан қима пішіні симметриялы болса, онда қима белгіленбейді, симметриялы емес қималар бағыттамалары бар қима сызықтарымен белгіленеді, бірақ әріптері қойылмайды. Күрделі тетікбөлшектер үшін қабаттасқан қималар қолдану ұсынылмайды.







    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет