8 Дәріс Көріністер Материалды үздік игеру нәтижесінде



бет3/5
Дата10.06.2020
өлшемі1 Mb.
#72966
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 дәріс Көріністер

Жергілікті көрініс – зат бетінің жекелеген шектелген бөлігінің кескіні. Жергілікті көріністер сызбада қосымша көрініс секілді белгіленеді.

Тіліктер
Тіліктер сызбада бақылаушы көзіне көрінбейтін, машина немесе оның бөлшектерінің құрылымын: құрастырылған бірлік немесе оның жекелеген бөліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Әдетте, сызбада тетікбөлшектің ішкі құрылысы көрінбейтін – штрих сызықпен көрсетіледі. Тетікбөлшектің күрделілілігіне байланысты көрінбейтін контур сызықтары көбейеді, сызбаны оқу қиындай бастайды. Осы үрдісті жеңілдету үшін тіліктер қолданылады. МЕСТ 2. 305 – 68 бойынша тілік дегеніміз бір немесе бірнеше жазықтықпен затты ойша тілгенде пайда болатын кескін. Тіліктің қиюшы жазықтығы заттың ерекше пішіндерін көрсететіндей етіп жүргізілуі шарт. Тілуші жазықтықтың алдында тұрған заттың бөлігін ойша алып тастайды. Ішкі контур сызықтары көрінетін сызыққа айналады, оларды тұтас қалың-негізгі сызықтармен көрсетеді. Тілікте тілуші жазықтықтың бойына түскен және оның ар жағында орналасқанның барлығы көрсетіледі. Тілуші жазықтықтың орналасуына байланысты тіліктер вертикаль (фронталь және профиль), горизонталь, көлбеуқарапайым тіліктер, сынық және сатылы – күрделі тілік болып бөлінеді.

Тілікті көріністер ажырату үшін тілуші жазықтықтың бойына түскен заттың бөліктерін штрихтайды. Тілік орындағанда:

1. Зат бетінен көрінетін сызықтарды, контур сызығын ғана калдырып, алып тастайды.

2. Тілікке түскен штрих сызықтар негізгі тұтас сызыққа айналады.

3. Тілікке түскен жерлерді (металл үшін) жіңішке тұтас сызықтармен горизонтқа 450 көлбеулікте (300 немесе 600, егер штрихтау көлбеулігі кескін контурының көлбеулігімен сәйкес болған жағдайда) сызықтармен штрихтайды.

4. Тілік заттың ішкі құрылымын толық ашып беретіндіктен басқа проекцияларда көрінбейтін контур сызықтарын салудың қажеті жоқ.

Тілуші жазықтықтардың санына байланысты тіліктер төмендегідей топталаады:

- қарапайымбір тілуші жазықтық болғанда;

- күрделі – бірнеше тілуші жазықтық болғанда.

Тілуші жазықтықтың горизонталь проекция жазықтығына байланысты орналасуына қарай тіліктер төмендегідей топталады:



а) Вертикаль тілік – горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасқан тілуші жазықтық арқылы алынған тілік. Вертикаль тілік – егер тілуші жазықтық фронталь проекция жазықтығына параллель болса –фронталь тілік, ал тілуші жазықтық профиль прокция жазықтығына параллель болса, онда профиль тілік деп аталады.

б) Горизонталь тілік – горизонталь проекция жазықтығына параллель болатын тілуші жазықтық арқылы жасалған тілік.


в) Көлбеу тілік - горизонталь проекция жазықтығына көлбеу орналасқан тілуші жазықтық А-А арқылы жасалған тілік.




г) Сынық тілік – затты ойша қиылысатын жазықтықтармен тілгенде пайда болатын тілік. Сынық тіліктерді орындағанда тілуші жазықтықтарды ойша олардың қиылысу сызығы тұсында негізгі проекция жазықтықтарының біріне параллель орналасқанға дейін бұрады. Сынық тілікті сәйкес көрініс орнында орналастыруға болады.

д) Сатылы тілік – затты ойша өзара параллель болатын жазықтықтармен тілу арқылы алынатын тілік. Әр тілуші жазықтық белгілі бір аралықтағы зат пішінін анықтайды. Тілуші жазықтықтардың орнын бағыттамалары бар үзік сызықтармен және әріптік белгілермен көрсетеді. Бір тілуші жазықтықтан екіншісіне өту – бұрылу бағытын көрсететін, әріпсіз штрихтармен беріледі. Тіліктің үстінде тілуші жазықтықтардың белгісін көрсететін жазу беріледі. Күрделі тілік көріністердің бірінің орнында орындалады, кейбір жағдайларда проекциялық байланыссыз орындау да қарастырылған. Қарапайым тіліктерде егер тілуші жазықтық заттың симметрия өсі арқылы өтсе, онда тілуші жазықтықтың орнын көрсетпейді.



е) Түр мен тілік бөліктерін біріктіру. Симметриялы тетікбөлшектердің түрі мен тілігінің жартысын біріктіруде, тілік симметрия өсінің оң жағында немесе төмен жағында көрсетіледі. Тілік пен түрді өстік сызықпен бөледі. Егер тетікбөлшек симметриялы емес болса, онда тілік пен түр жіңішке ирек сызықпен бөлінеді.




ж) Шектеулі жерде орындалған тілік жергілікті тілік деп аталады. Жергілікті тілік ауданы тұтас ирек жіңішке сызықпен шектеледі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет